Медициналық қызмет көрсету

Облыста «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда

Халыққа медициналық көмектi денсаулық сақтаудың 570 ұйымы көрсетедi: 23 (4%) ауруханалық ұйым, 538 (94,4%) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн ұйым (3 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 2 аудандық емхана, 99 дәрiгерлiк амбулатория (ДА), 47 фельдшерлiк — акушерлiк пункт (ФАП), 386 медициналық пункт).

Басқа да медициналық ұйымдар 9 (1,6%).

Көрсеткiштер:

2019 жылғы I тоқсанда 2018 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi 1,7 % төмендегенi байқалады (1000 тұрғынға шаққанда 10,79 дан 10,61 дейiн), оның iшiнде қан айналым жүйесi ауруларынан өлiм 13,6% (100 мың тұрғынға шаққанда 244,19 дан 211,06 дейiн), қатерлi iсiктерден 11,5% (100 мың тұрғынға шаққанда 115,4 тен 102,18 дейiн) — Статистика жөнiндегi комитеттiң 01.03.2019 жылғы деректерi бойынша.

– 3 айда облыста 2853 нәресте дүниеге келдi, туу көрсеткiшi 1000 адамға шаққанда 3,9 құрады (2018 ж. — 2748 бала, көрсеткiш — 3,7). Нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi екi есеге ұлғайып 1000 тiрi туылғанға 9,5 құрады. Келесi аудандарда: Бiржан сал 60,6 (2018 ж. — 0), Егiндiкөл 40,0 (2018 ж. — 0), Жарқайың 20,8 (2018 ж. — 0), Бұланды 19,8 (2018 ж. — 0), Степногорск қаласында 16,0 (2018 ж. — 9,6), Зерендi 15,6 (2018 ж. — 0), Көкшетау қаласы 11,8 (2018 ж. — 5,5): («№1 қалалық емхана» 14,6 (2018 ж. — 0), «Қалалық емхана» 10,5 (2018 ж. — 0), Атбасар 11,6 (2018 ж. — 0), КМСК «Жанұя» 7,9 (2018 ж. — 0), Бурабай 7,7 (2018 ж. — 7,8) облыстық көрсеткiштен жоғары.

Ана өлiм-жiтiмi оқиғасы 2019 жылдың басынан бастап бүгiнгi күнге дейiн тiркелген жоқ.

Облыс бойынша келесi аурулардың көрсеткiштерi төмендеуi байқалады:

туберкулез — 21,6%-ға 11,6 құрады, қатерлi iсiктер 4,6%-ға 53,6 құрады.

Дегенмен қан айналым жүйесi аурулары — 106%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 838,9), гипертониялық аурулар — 248,6%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 419,4) және АИТВ инфекциялары 7,1 % (100 мың тұрғынға шаққанда 4,5) ауруларының көрсеткiштерiнiң өскенi байқалады.

Ауруларды ерте анықтау скринингiлерi кiретiн скринингiлiк бағдарлама жүзеге асырылуда. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Ақмола облыстық филиалының деректерi бойынша 01.04.2019 жылы скринингiлiк қарап/тексерумен:

қан айналым жүйесi аурулары — 9 741 адам;

қант диабетi — 10 515 адам;

жатыр мойыны iсiгi — 2 471 адам;

сүт безi iсiгi — 2 421 адам;

глаукома — 10 799 адам қамтылды.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:34
Жаңартылған күні: 19.04.2019 12:24
Қаралым саны: 7315
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус