Ауыл халқы үшін жеңілдіктер

«Дипломмен ауылға!» жобасының
2018 жылғы 9 айдағы iске асырылуы бойынша
ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2018 жылы республикалық бюджеттен 477 маманға 1 722,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредит бөлiндi, сонымен қатар 331 маманға 55,7 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы қарастырылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында 1 587 млн.теңге сомасына 463 бюджеттiк кредит берiлдi (оның iшiнде бiлiм — 345 маман, денсаулық сақтау — 80, мәдениет — 18, агроөнеркәсiптiк кешен — 8, спорт — 7, әлеуметтiк қамту — 4).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 44,9 млн.теңге сомасына 267 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 201 маман, денсаулық сақтау — 48, мәдениет — 4, агроөнеркәсiптiк кешен — 6, спорт — 5, әлеуметтiк қамту — 3) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлдi.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы

Құрылған күні: 16.04.2015 17:44
Жаңартылған күні: 11.10.2018 11:36
Қаралым саны: 5419
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng