Мәдениет

Ақмола облысы мәдениет саласының әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Желi

Аудандардың алдын ала берген ақпараты бойынша бюджеттен жалпы сомасы 93 422,2 мың теңгеге 25 клубқа ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi:

Аршалы ауданында республикалық бюджеттен «Өңiрлердiң дамуы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1112,0 мың теңгеге Сарыоба ауылдық клубының жылу жүйесiне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Аудандық бюджеттен 2 279,58 мың теңгеге АМҮ хореография залына, Константиновка, Ольгинка, Михайловка ауылдық клубтарының жылу жүйесiне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Жақсы ауданында облыстық бюджеттен 13 392,2 мың теңгеге Кировское (12 720,8 мың теңге), Лозовое (жылу жүйесiне — 671,4 мың теңге) ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

Ақкөл ауданында АМҮ жанынан өлкетану музейiн құру үшiн жергiлiктi бюджеттен 489,5 мың теңгеге кабинетке ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

Бiржан сал ауданында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 39 686,0 мың теңге бөлiндi: АМҮ балансындағы қалалық саябаққа — 28 890,0 мың теңге, сондай-ақ АМҮ балансындағы Бiржан сал мемориалдық кешенiнiң жөндеу жұмысына — 3 000,0 мың теңге, Үлгi а. АМҮ ағымдағы жөндеу жұмысына — 3279,0 мың теңге, Мақпал а. АК — 1067,0 мың теңге және Баймырза а. АМҮ шатырын жөндеуге — 3450,0 мың теңге.

Бурабай ауданында АМҮ ағымдағы жөндеу жұмысына — 2713,0 мың теңге.

Егiндiкөл ауданында АМҮ жөндеу жұмысына — 452,0 мың теңге.

Есiл ауданында Курское а. АМҮ шатырын жөндеу жұмысына — 800,0 мың теңге.

Жарқайың ауданында АМҮ жылу жүйесiн жөндеу жұмысына — 481,0 мың теңге.

Степногорск қ. жергiлiктi бюджеттен 19 374,6 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi: «Горняк» ОМҮ, Шаңтөбе к. МҮ, Достық және шығармашылық үйi, «Театр эстрады» МҮ жөндеуге облыстық бюджеттен 2842,0 мың теңге бөлiндi.

Целиноград ауданында жергiлiктi бюджеттен бөлiнген 9 799,4 мың теңгеге АМҮ және Мортық, Жаңғызқұдық, Қосшы, Қабанбай батыр ат. ауылдардың клубтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

2018 жылы «Рухани қазына» кiшi бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық әлеуметтiк-мәдени жобалар әлеуметтiк серiктестердiң қатысуымен клубтық мәдени объектiлердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкiндiк бердi. Материалдық-техникалық құндылықтарды сатып алуға, клубтарды жөндеуге, ғимараттар мен штат бiрлiгiн ұстауға, iс-шараларды өткiзуге демеушiлер есебiнен 121 073, 4 мың теңге көмек көрсетiлдi.

Жалпы сомасы 8 789,0 мың теңгеге 6 клубқа ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi: Ақкөл ауданының Наумовск АМҮ («Хлебороб» ЖШС), Атбасар ауданының Поповск АМҮ («Атбасарская Нива» ЖШС), Зерендi ауданы Қызыл егiс а. АК («Зерендi Астық» ЖШС), Сандықтау ауданының Петровск АК («Жабай» ЖШС), Бiржан сал ауданы Бiрсуат а. АК («Баймырза Агро» ЖШС), Целиноград ауданының Қосшы а. АК («Қазына СР» ЖШС).

Бизнес құрылымдары есебiнен МТБ нығайтуға (негiзгi құралдарды сатып алуға) жалпы сомасы 12 143,8 мың теңге:

Сахна костюмдерiн тiгуге және сатып алуға — 3 867,0 мың теңге:

Есiл ауданының АМҮ және Заречное а. АМҮ (меценат «Қаракөл» ЖШС директоры — 1 372,0 мың теңге және У.Арипов, «Заречный» ЖШС директоры — 100,0 мың теңге); Целиноград ауданының Родина а. АМҮ — 1000,0 мың теңге («Родина» агрофирмасы» ЖШС директоры, меценат И.Сауэр); Атбасар ауданының АМҮ — 555,0 мың теңге («Шуйский -ХХI» ЖШС директоры, меценат А.Құрманқұлов); Астрахан ауданының Ұзынкөл а. АМҮ — 300,0 мың теңге («Iзбасаров және К» ЖШС директоры, меценат Б.Iзбасаров), сонымен қатар шағын сомалармен басқа да меценаттар: Аршалы ауданының Арнасай, Берсуат АК, Түрген АМҮ — 220,0 мың теңге; Бурабай АМҮ — 150,0 мың теңге; Сандықтау ауданының Үлкен түктi АК — 110,0 мың теңге, ЖК меценаты Екатерина Нұрахметова; Ақкөл ауданының Урюпинск АМҮ — 25,0 мың теңге, «Урюпинск және К» ЖШС директоры, меценат Г.Г.Бочин.

Жиһаз сатып алуға — 3 179,0 мың теңге: Жарқайың ауданы Костычево а. АМҮ жұмсақ және басқа жиһаз (1 500,0 мың теңге), «Костычево» ЖШС директоры, меценат Б.Ж.Қабжанов; Аршалы АМҮ «Қоғамдық келiсiм» КММ (834,0 мың теңге), Атбасар ауданы Есенгелдi АМҮ көрермендер залына креслолар (451,5 мың теңге), демеушi «Атбасарская Нива» ЖШС; Целиноград ауданы Қосшы а. ауылдық клубына 20 орындық, дойбы және шахмет ойындарына арналған 8 үстел (233,4 мың теңге), демеушi «Қазына СР» ЖШС; Ерейментау ауданы Ақсуат ауылдық клубына (120,0 мың теңге), меценат ЖК «Ыдырысова»; Ақкөл ауданы Наумовск АМҮ пинг-понг ойынына арналған үстел (40,0 мың теңге), демеушi «Хлебороб» ЖШС.

Музыкалық, дыбыстық, жарық беру жабдықтарын сатып алуға — 1 844,9 мың теңге: Ақкөл ауданының Урюпинск АМҮ (528,4 мың теңге) музыкалық аппаратура, «Урюпинск және К» ЖШС директоры, меценат Г.Г.Бочин; Жарқайың ауданының Львовск АМҮ (172,0 мың теңге) музыкалық аппаратура, «Татьяна және К» ШҚ басшысы, меценат В.В.Камышанский; Атбасар ауданында барлығы 555,0 мың теңге (Борисовский ауылдық клубына музыкалық аппаратура, «Аграрное» ЖШС директоры, меценат А.Г. Малий; Сепе а. АК музыкалық колонкаларды күшейткiш, «Сепе-2012» ЖШС директоры, меценат Омархан Саханов; Ақан Құрманов атындағы АМҮ микшерлi пульт және микрофон, демеушi «Атбасарская Нива» ЖШС; Шуйский АМҮ микрофон, «Шуйский ХХI» ЖШС директоры, меценат А.Б. Курманкулов), Целиноград ауданы Мортық а. ауылдық клубына музыкалық аппаратура (549,5 мың теңге ), демеушi «Арыстан» ШҚ; Сандықтау ауданы Үлкен Түктi АК радиомикрофон (40,0 мың теңге), меценат ЖК Нұрахметова Екатерина.

Сахна киiмдерiн сатып алуға — 418,0 мың теңге: Ақкөл АМҮ (200,0 мың теңге), демеушi «Хлебороб» ЖШС; Сандықтау ауданының Үлкен Түктi ауылдық клубы (160,0 мың теңге), меценат Г.Бабахин, «ПКФ Новоникольское» ЖШС директоры; Ерейментау ауданы Ақсуат ауылдық клубы — 58,0 мың теңге, меценат ЖК Идрисова.

Атбасар ауданының Сепе ауылдық клубына 270,0 мың теңгеге музыкалық аспаптар сатып алынды.

Бизнес құрылымдары, меценаттар тарапынан көрсетiлген игi iстiң үлгiсi:

Сауэр Иван Адамович — Целиноград ауданы «Родина» Агрофирма ЖШС директоры. Зеленый Гай селосының ауылдық клубы базасында мәдени-сауықтыру кешенiн қайта құрып, күрделi жөндеуге 100 млн. теңгеден аса қаржы бөлiндi;

Қабжанов Балтабай Жамантайұлы — Жарқайың ауданы «Костычево» ЖШС директоры. Костычево АМҮ базасында халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығын құру үшiн 90 млн. теңгеге күрделi жөндеу жұмысы;

Глашев Оралбай Байдулович — Егiндiкөл ауданы «Сарымсақты» ЖШС директоры. 2016-2017 жылдары 250 млн. теңгеге Алакөл ауылында мәдени-демалыс орталығын салған. Қазiргi уақытта ғимаратты толығымен ұстап отыр.

Мәдениет саласы қызметкерлерiнiң басты мiндетi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рухани қазына» кiшi бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруда инновациялық технологияларды қолдану, түрлi мақсатты аудиторияның қызығушылығын есепке ала отырып, мазмұнды iс-шаралар өткiзу, сапалы өнiмдер құру болып табылады.

Мәдени-демалыс қызметi

2018 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығымен «Ақмола жұлдыздары» ұзақ мерзiмдi жобасы жүзеге асырылды. «Ақмола жұлдыздары» жобасы кеңейтiлген форматта өткiзiлдi: байқаудың барлық кезеңдерi сақталды, тек әр жанр бойынша жеке байқау-фестиваль өткiзiлiп, үздiктер анықталды. Аталмыш формат шығармашылық зертханалар ұйымдастырып, жанр өкiлдерiнiң тәжiрибе алмасуына және кәсiби тұрғыдан өсуiне жағдай жасайды.

«Рухани қазына» кiшi бағдарламасының «Туған жер-туған ел» базалық бағыты «Өңiрдiң мәдени өмiрi» кiшi жобасының аясында «Ауылдық клубқа-бiздiң қамқорлық» инфрақұрылымдық жобасы бастау алды. 2018 жылы аталмыш жоба аясында «Үздiк ауылдық клуб-2018» облыстық байқауы өткiзiлдi.

Байқаудың мақсаты ауылды жерлерде клубтық мәдениет нысандарына жөндеу жүргiзу және қалпына келтiру, бизнес құрылымдары есебiнен жүргiзу — басымды жағы болып табылады. Тамыз-қыркүйек айларында облыстық байқаудың қазылар алқасы ауылдық клубтарды аралап, 2019 жылдың қаңтар айында қорытындысы шығарылды. Ауылдық клубтар арасында Целиноград ауданының Зеленый Гай ауылдық клубы Гран-при жүлдесiне ие болса, ауылдық Мәдениет үйлерi арасында Астрахан ауданының Петровка ауылдық Мәдениет үйi Гран-при жүлдесiн иелендi.

Келесi клубтар байқауға қатысқаны үшiн номинация бойынша аталып өттi: «Көркемөнерпаз халық шығармашылығының үздiк ұжымы» номинациясымен Бiржан сал ауданының Бiрсуат ауылдық клубы, «Үздiк мәдени-демалыс жұмысы» номинациясымен Бұланды ауданының Тастыөзек ауылдық клубы, «Үздiк мәдени-демалыс жұмысы» номинациясымен Аршалы ауданының Арнасай ауылдық Мәдениет үйi, Ақкөл ауданының Новорыбинский ауылдық Мәдениет үйi.

Есептi кезеңде облыста 2 513 клуб құрылымы қызмет атқарды. Клуб құрылымдары жұмысына 30 280 адам қатысты. Ауылды жерлерде — 2160 клуб бiрлестiгi, қатысушылар саны — 22 920 ауыл тұрғыны.

Облыста «Халықтық» және «Үлгiлi» атағына ие ұжымдар саны — 99, оның 27-сi ауылда.

Ақмола облысы мәдениет саласының әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Аудандардың алдын ала берген ақпараты бойынша бюджеттен жалпы сомасы 93 422,2 мың теңгеге 25 клубқа ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi:

Аршалы ауданында республикалық бюджеттен «Өңiрлердiң дамуы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1112,0 мың теңгеге Сарыоба ауылдық клубының жылу жүйесiне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Аудандық бюджеттен 2 279,58 мың теңгеге АМҮ хореография залына, Константиновка, Ольгинка, Михайловка ауылдық клубтарының жылу жүйесiне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Жақсы ауданында облыстық бюджеттен 13 392,2 мың теңгеге Кировское (12 720,8 мың теңге), Лозовое (жылу жүйесiне — 671,4 мың теңге) ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

Ақкөл ауданында АМҮ жанынан өлкетану музейiн құру үшiн жергiлiктi бюджеттен 489,5 мың теңгеге кабинетке ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

Бiржан сал ауданында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 39 686,0 мың теңге бөлiндi: АМҮ балансындағы қалалық саябаққа — 28 890,0 мың теңге, сондай-ақ АМҮ балансындағы Бiржан сал мемориалдық кешенiнiң жөндеу жұмысына — 3 000,0 мың теңге, Үлгi а. АМҮ ағымдағы жөндеу жұмысына — 3279,0 мың теңге, Мақпал а. АК — 1067,0 мың теңге және Баймырза а. АМҮ шатырын жөндеуге — 3450,0 мың теңге.

Бурабай ауданында АМҮ ағымдағы жөндеу жұмысына — 2713,0 мың теңге.

Егiндiкөл ауданында АМҮ жөндеу жұмысына — 452,0 мың теңге.

Есiл ауданында Курское а. АМҮ шатырын жөндеу жұмысына — 800,0 мың теңге.

Жарқайың ауданында АМҮ жылу жүйесiн жөндеу жұмысына — 481,0 мың теңге.

Степногорск қ. жергiлiктi бюджеттен 19 374,6 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi: «Горняк» ОМҮ, Шантөбе п. МҮ, Достық және шығармашылық үйi, «Театр эстрады» МҮ жөндеуге облыстық бюджеттен 2842,0 мың теңге.

Целиноград ауданында жергiлiктi бюджеттен бөлiнген 9 799,4 мың теңгеге АМҮ және Мортық, Жаңғызқұдық, Қосшы, Қабанбай батыр ат. ауылдардың клубтарына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

2018 жылы «Рухани қазына» кiшi бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық әлеуметтiк-мәдени жобалар әлеуметтiк серiктестердiң қатысуымен клубтық мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкiндiк бердi. Материалдық-техникалық құндылықтарды сатып алуға, клубтарды жөндеуге, ғимараттар мен штаттық бiрлiктi ұстауға, iс-шараларды өткiзуге демеушiлер есебiнен 121 073, 4 мың теңге көмек көрсетiлдi.

Жалпы сомасы 8 789,0 мың теңгеге 6 клубқа ағымдағы жөндеу жұмысы жүргiзiлдi: Ақкөл ауданының Наумовск АМҮ («Хлебороб» ЖШС), Атбасар ауданының Поповск АМҮ («Атбасарская Нива» ЖШС), Зерендi ауданы Қызыл егiс а. АК («Зерендi Астық» ЖШС), Сандықтау ауданының Петровск АК («Жабай» ЖШС), Бiржан сал ауданы Бiрсуат а. АК («Баймырза Агро» ЖШС), Целиноград ауданының Қосшы а. АК («Қазына СР» ЖШС).

Бизнес құрылымдары есебiнен МТБ нығайтуға (негiзгi қаражатты сатып алуға) жалпы сомасы 12 143,8 мың теңге:

Сахналық костюмдердi тiгуге және сатып алуға — 3 867,0 мың теңге:

Есiл ауданының АМҮ және Заречное а. АМҮ (меценат А.Ем, «Қаракөл» ЖШС директоры — 1 372,0 мың теңге және У.Арипов, «Заречный» ЖШС директоры — 100,0 мың теңге); Целиноград ауданының Родина а. АМҮ — 1000,0 мың теңге («Агрофирма «Родина» ЖШС директоры, меценат И.Сауэр); Атбасар ауданының АМҮ — 555,0 мың теңге («Шуйский -ХХI» ЖШС директоры, меценат А.Құрманқұлов); Астрахан ауданының Ұзынкөл а. АМҮ — 300,0 мың теңге («Избасаров және К» ЖШС директоры, меценат Б.Избасаров), сонымен қатар шағын сомалармен басқа да меценаттар: Аршалы ауданының Арнасай, Берсуат АК, Түрген АМҮ — 220,0 мың теңге; Бурабай АМҮ — 150,0 мың теңге; Сандықтау ауданының Үлкен түктi АК — 110,0 мың теңге, ЖК меценаты Екатерина Нұрахметова; Ақкөл ауданының Урюпинск АМҮ — 25,0 мың теңге, «Урюпинск және К» ЖШС директоры, меценат Г.Г.Бочин.

Жиһаз сатып алуға — 3 179,0 мың теңге: Жарқайың ауданы Костычево а. АМҮ жұмсақ және басқа жиһаз (1 500,0 мың теңге), «Костычево» ЖШС директоры, меценат Б.Ж.Қабжанов; Аршалы АМҮ «Қоғамдық келiсiм» КММ (834,0 мың теңге), Атбасар ауданы Есенгелдi АМҮ көрермендер залына креслолар (451,5 мың теңге), демеушi «Атбасарская Нива» ЖШС; Целиноград ауданы Қосшы а. ауылдық клубына 20 орындық, дойбы және шахмет ойындарына арналған 8 үстел (233,4 мың теңге), демеушi «Қазына СР» ЖШС; Ерейментау ауданы Ақсуат ауылдық клубына (120,0 мың теңге), меценат ЖК «Идрисова»; Ақкөл ауданы Наумовск АМҮ пинг-понг ойынына арналған үстел (40,0 мың теңге), демеушi «Хлебороб» ЖШС.

Музыкалық, дыбыстық, жарық беру жабдықтарын сатып алуға — 1 844,9 мың теңге: Ақкөл ауданының Урюпинск АМҮ (528,4 мың теңге) музыкалық аппаратура, «Урюпинск және К» ЖШС директоры, меценат Г.Г.Бочин; Жарқайың ауданының Львовск АМҮ (172,0 мың теңге) музыкалық аппаратура, «Татьяна және К» ШҚ басшысы, меценат В.В.Камышанский; Атбасар ауданында барлығы 555,0 мың теңге (Борисовский ауылдық клубына музыкалық аппаратура , «Аграрное» ЖШС директоры, меценат А.Г. Малий; Сепе а. АК музыкалық колонкаларды күшейткiш, «Сепе-2012» ЖШС директоры, меценат Омархан Саханов; Ақан Құрманов атындағы АМҮ микшерлi пульт және микрофон, демеушi «Атбасарская Нива» ЖШС; Шуйский АМҮ микрофон, «Шуйский ХХI» ЖШС директоры, меценат А.Б.Курманкулов), Целиноград ауданы Мортық а. ауылдық клубына музыкалық аппаратура (549,5 мың теңге), демеушi «Арыстан» ШҚ; Сандықтау ауданы Үлкен Түктi АК радиомикрофон (40,0 мың теңге), меценат ЖК Нұрахметова Екатерина.

Сахна киiмдерiн сатып алуға — 418,0 мың теңге: Ақкөл АМҮ (200,0 мың теңге), демеушi «Хлебороб» ЖШС; Сандықтау ауданының Үлкен Түктi ауылдық клубы (160,0 мың теңге), меценат Г.Бабахин, «ПКФ Новоникольское» ЖШС директоры; Ерейментау ауданы Ақсуат ауылдық клубы — 58,0 мың теңге, меценат ЖК Идрисова.

Атбасар ауданының Сепе ауылдық клубына 270,0 мың теңгеге музыкалық аспаптар сатып алынды.

Бизнес құрылымдары, меценаттар тарапынан көрсетiлген игi iстiң үлгiсi:

Сауэр Иван Адамович — Целиноград ауданы «Родина» Агрофирма ЖШС директоры. Зеленый Гай селосының ауылдық клубы базасында мәдени-сауықтыру кешенiн қайта құрып, күрделi жөндеуге 100 млн. теңгеден аса қаржы бөлiндi;

Қабжанов Балтабай Жамантайұлы — Жарқайың ауданы «Костычево» ЖШС директоры. Костычево АМҮ базасында халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығын құру үшiн 90 млн. теңгеге күрделi жөндеу жұмысы;

Глашев Оралбай Байдулович — Егiндiкөл ауданы «Сарымсақты» ЖШС директоры. 2016-2017 жылдары 250 млн. теңгеге Алакөл ауылында мәдени-демалыс орталығын салған. Қазiргi уақытта ғимаратты толығымен ұстап отыр.

Мәдениет саласы қызметкерлерiнiң басты мiндетi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рухани қазына» кiшi бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруда инновациялық технологияларды қолдану, түрлi мақсатты аудиторияның қызығушылығын есепке ала отырып, мазмұнды iс-шаралар өткiзу, сапалы өнiмдер құру болып табылады.

Мәдени-демалыс қызметi

2018 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығымен «Ақмола жұлдыздары» ұзақ мерзiмдi жобасы жүзеге асырылды. «Ақмола жұлдыздары» жобасы кеңейтiлген форматта өткiзiлдi: байқаудың барлық кезеңдерi сақталды, тек әр жанр бойынша жеке байқау-фестиваль өткiзiлiп, үздiктер анықталды. Аталмыш формат шығармашылық зертханалар ұйымдастырып, жанр өкiлдерiнiң тәжiрибе алмасуына және кәсiби тұрғыдан өсуiне жағдай жасайды.

«Рухани қазына» кiшi бағдарламасының «Туған жер-туған ел» базалық бағыты «Өңiрдiң мәдени өмiрi» кiшi жобасының аясында «Ауылдық клубқа-бiздiң қамқорлық» инфрақұрылымдық жобасы бастау алды. 2018 жылы аталмыш жоба аясында «Үздiк ауылдық клуб-2018» облыстық байқауы өткiзiлдi.

Байқаудың мақсаты ауылды жерлерде клубтық мәдениет нысандарына жөндеу жүргiзу және қалпына келтiру, бизнес құрылымдары есебiнен жүргiзу — басымды жағы болып табылады. Тамыз-қыркүйек айларында облыстық байқаудың қазылар алқасы ауылдық клубтарды аралап, 2019 жылдың қаңтар айында қорытындысы шығарылды. Ауылдық клубтар арасында Целиноград ауданының Зеленый Гай ауылдық клубы Гран-при жүлдесiне ие болса, ауылдық Мәдениет үйлерi арасында Астрахан ауданының Петровка ауылдық Мәдениет үйi Гран-при жүлдесiн иелендi.

Келесi клубтар байқауға қатысқаны үшiн номинация бойынша аталып өттi: «Көркемөнерпаз халық шығармашылығының үздiк ұжымы» номинациясымен Бiржан сал ауданының Бiрсуат ауылдық клубы, «Үздiк мәдени-демалыс жұмысы» номинациясымен Бұланды ауданының Тастыөзек ауылдық клубы, «Үздiк мәдени-демалыс жұмысы» номинациясымен Аршалы ауданының Арнасай ауылдық Мәдениет үйi, Ақкөл ауданының Новорыбинский ауылдық Мәдениет үйi.

Есептi кезеңде облыста 2 513 клуб құрылымы қызмет атқарды. Клуб құрылымдары жұмысына 30 280 адам қатысты. Ауылды жерлерде — 2160 клуб бiрлестiгi, қатысушылар саны — 22 920 ауыл тұрғыны.

Облыста «Халықтық» және «Үлгiлi» атағына ие ұжымдар саны — 99, оның 27-сi ауылда.

Кәсiби ұжымдар

Ақмола облыстық филармониясымен 224 концерт берiлдi, оны 37475 көрермен тамашалады. Инновациялық музыкалық жобалар жүзеге асырылуда: «Музыкалық кофехана», балалар мен жасөспiрiмдер үшiн «Мюзикл» театралдық студиясы жұмыс iстейдi, «Көкшетау — тал бесiгiм», «Гәккулеткен, аққу жеткен — Көкшетау» музыкалық фестивальдерi өткiзiлуде. Ерекше табиғи ландшафталарымен көздiң жауын алатын, тарихи-мәдени мұраларымен бай, Қазақстанның жауһары саналатын Бурабай жерiне туристердi тарту мақсатында Бурабай курорттық аймағының ашық алаңында «Астана Опера» МОБТ-пен бiрлескен жоба «Бiржан — Сара» операсы өттi.

Астана қаласының 20 жылдығына арналған бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi. Филармонияның алдына қойған негiзгi мақсаты-музыкалық абономенттер арқылы жастар арасында классикалық әдебиет пен классикалық музыканы дәрiптеу, насихаттау. Филармония қабырғасында 8 шығармашылық ұжым мен әншiлер жемiстi жұмыс iстейдi. Олар мерекелiк күндерде концерттер берiп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңiрлерi мен шетелдерге де жиi гастрольдiк сапарларға шығып тұрады. Эстрадалық-симфониялық оркестр Петропавл қаласында өткен халықаралық оркестрлер фестивалi мен Қостанай қ. өткен республикалық джаз фестивалiне қатысса, «Гәкку» би ансамблi Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң Фуджейра мен Кипр қалаларында өнер көрсеттi, филармонияның жетекшi әншiсi Валерия Болиева Халықаралық «Winterreise» камералық музыка фестивалiне (Мәскеу қ.), «Гәкку» би ансамблi мен «Айнакөл» фольклорлық ансамблi, әншi Аягөз Қалмағанбетова 2018 жылдың 26-29 желтоқсаны аралығында Қытай Халық Республикасында (Уримчи қ.) өткен «Бiр белдеу, бiр жол» бастамасының 5 жылдығына арналған концертке қатысты.

1.(Наурыз — 2018ж.) «Турандот Ханшайым» трагикомедиясы (автор К.Гоцци, режиссер М.Оспанов)

2.(Сәуiр — 2018ж.) «Ромео & Джульетта» трагедиясы (автор Уильям Шекспир, режиссер Д.Жумабаева)

3.(Маусым — 2018ж.) «Опа-топа немесе Туған күн қайда?» ертегi (автор Д.Биссет, режиссер Б.Абдрахманов)

4.(Қазан — 2018ж.) «Сал — серiлер» драмасы (инсценировкасын жасаған М.Қыдырбай, режиссер М.Оспанов)

5.(Қараша — 2018ж.) «Қып-қызыл ақша» комедиясы (автор Р.Куни, режиссер Т.Көңбай)

6.(Желтоқсан — 2018ж.) «Көк жебенiң» саяхаты» жаңа жылдық ертегi (автор: Д.Родари, режиссер: Б.Абдрахманов)

7.(Желтоқсан — 2018ж.) «Жаңа жылдық таңғажайып» балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы (режиссер:Ф.Қанафин)

8.(Наурыз — 2018ж.) «Наурыз көже» ертегiсi (автор М.Ораз, режиссер Ф.Канафин)

9.(Желтоқсан — 2018ж.) «Тамаша 2019» жаңа жылдық концерттiк бағдарлама режиссер: Т.Көңбай

10.(Сәуiр — 2018ж.) «Мүйiзтұмсық пен керiк» ертегiсi (автор Х.Гюнтер, режиссер Б.Абдрахманов).

Орыс драма театрдың 2018 жылы барлығы 388 спектакль қойылды, оның iшiнде 15 жаңа спектакль қойылды.

Кiтапхана қызметi

2019 жылғы 1 ақпанына Ақмола облысының мемлекеттiк кiтапханалар жүйесi 375 кiтапхананы құрайды. Кiтапханалар жүйесiнде 2 кiтапхана қысқарды. Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 14.11.2018 жылғы № а-11/213 Қаулысының негiзiнде Абай ауылдық кiтапханасы, 2018 жылғы 23 қарашадағы № а-11/219 қаулысымен Буревестник а/к. жабылды. Кiтапханалардың жабылуы халықтың ауылдан кетуiне байланысты болып отыр.

2019 жылдың қаңтар айында кiтапханалардың кiтап қоры 5 905 данаға артты. Бүгiнде облыс бойынша барлығы 4 908 961 дананы құрады. Оқырман саны 48 706 адамды, кiтап берiлiмнiң саны 5 25 187 дананы құрады. Облыс кiтапханалар 1 585 iс-шара өткiздi. 293 кiтапхана компьютермен жабдықталып, оның iшiнде 197 интернет желiсiне қосылды.

Қазiргi кiтапхана идеологиялық орталыққа, мәдениет, ағарту және демалыс орталығына айналады. «Туған жер — туған ел» базалық бағыты аясында облыста «Ауыл кiтапханасы — мәдени демалыс орталығы» жобасы белсендi түрде жүзеге асырылуда. Осы жобаға сәйкес «Ақмола облысының кiтапханаларын жаңғырту» бағдарламасы әзiрлендi және ауылдық кiтапханаларды мәдениет, демалыс, бiлiм беру және ағарту орталықтарына кезең-кезеңмен өзгерту жүргiзiлуде. Облыста 62 модельдiк кiтапхана жұмыс iстейдi, оның iшiнде 44 — i ауылдық елдi мекендерде.

2018 жылы Көкшетау қаласының тарих музейiнiң бюджетi 30063,9 мың теңгенi құрады. 2018 жылдың 12 айында 666 экскурсия, 90 дәрiс, 39 iс-шара өткiзiлдi, 82 көрме ұйымдастырылды, 9 экспонат сатып алынды. Келушiлердiң жалпы саны 16690 адамды құрады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейiн Көкшетау қаласының тарихы музейiнде 34 экскурсия, 2 дәрiс, 1 iс-шара өткiзiлдi, 3 көрме ұйымдастырылды. Қазiргi уақытта сатып алынған экспонаттар жоқ. Келушiлер саны 448 адам.

Көкшетау қаласының тарих музейiнде «Мирас» өлкетану клубы, экспонаттарды жинау жұмыстары, ғылыми зерттеулер, Көкшетау қаласының жылнамасы, «Круиз» туристiк фирмасымен бiрлескен жұмыстары және басқа да ұйымдастыру мәселелерi жүргiзiледi. Музей жұмысының маңызды нысандарының бiрi Көкшетау қаласының тарихын және оның тұлғаларын насихаттау мақсатында мектеп және оқу орындарының оқушылары үшiн дәрiстер, интерактивтi сабақтар, халықтың тарихи-мәдени мұрасын, оның салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрпын көрсететiн маңызды тарихи оқиғаларға дайындалған дәрiстер өткiзу болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кiшi бағдарламасы «Туған жер» базалық бағытын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласының тарихы музейi өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезiмдi және өз Отанын сүюге, өз елiнiң тарихи-мәдени мұрасын сақтауға бағытталған iс-шараларды өткiзедi.

Көкшетау қаласының тарихы музейiнiң «Көкшетау Тәуелсiздiк жылдарында: фотосуреттерде, құжаттарда, естелiктерде» жобасы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан бизнес, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және қоғамдық өмiрдiң басқа да салалар өкiлдерiнiң, адамдардың естелiктерiнiң мазмұнды, ақпараттық, құжаттық материалдар жинақталған. Осы жоба аясында жастарды Көкшетау қаласының жетекшi кәсiпорындарының тарихымен және қызметiмен таныстыру мақсатында «AGRIMER-ASTYK» ЖШС, «Новопэк» ЖШС полимерлiк өнiм өндiру бойынша, «ЕНКИ» ЖШС керамикалық кiрпiш өндiру бойынша агротехникалық колледж студенттерi үшiн көшпелi iс-шаралар-экскурсиялар ұйымдастырылды.

«История города в истории улиц» жобасының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының көшелерiнiң тарихы жайлы, ХIХ ғасырдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi тарихи атаулары негiзiнде брошюра жарыққа шықты.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өлкетануды дамытуға, өскелең ұрпақты өз отанының, өз өлкесiнiң тарихымен таныстыруға бағытталған «Туған қалам-қазынам» атты музей жобасы iске асырылды. Жобаның арқасында көшпелi iс-шаралар, лекциялар, этнографиялық көрмелер, фотокөрмелер, тек қана мектептерде, облыс орталығының оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар Ақмола облысы аудандарының ауылдық мектеп оқушыларына да ұйымдастырылды. 2018 жылы музей қызметкерлерi жоба аясында Шортанды ауданының Новокубанка ауылына, Астрахан ауданының Новочеркакка ауылына, Сандықтау ауданының Каменка ауылына, Зерендi ауданының Шағалалы, Приречное, Молодежное ауылдарына, Бiржан сал ауданының Қоғам ауылына барды.

Көкшетау қаласының тарихы музейiнiң қызметкерлерiмен музейлер аралық ынтымақтастық және тәжiрибе алмасу аясында 2018 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев музейiнде

«Д.А. Қонаев Көкше тарихында» атты көшпелi фотокөрме ұйымдастырылды Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру және Мәлiк Ғабдуллиннiң этнопедагогикалық және әдеби мұраларын насихаттау мақсатында облыс әкiмi Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалиннiң қолдауымен Мәлiк Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы мен «Мәлiк Ғабдуллин — қазақтың Оқжетпесi» атты альбом-кiтап жарық көрдi.

Кiтаптардың негiзiн бұған дейiн жарияланған ғылыми, этнопедагогикалық мақалалар, академиктiң очерктерi, сондай-ақ, музейi қызметкерлерiнiң көпжылдық ғылыми-зерттеу еңбектерi құрады.

Облыстық әмбебап-ғылыми кiтапханасында өткен тұсаукесер рәсiмiнде Мәлiк Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы Қазақстан Республикасының облыстық кiтапханаларына, ЖОО-ына, М.Ғабдуллин есiмiн иеленген мектептерге және басқа да мекемелерге салтанатты түрде сыйға тартылды.

Есеп беру аралығында М.Ғабдуллин музейiнде Қазақстан мен Ресей ғалымдарының қатысуымен 2 халықаралық және 1 республикалық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар өттi. Конференция материалдарының жинағы шығарылды.

«Батырлар туған бақ мекен» жобасы аясында музей қызметкерлерi Түмен және Омбы облысының архивтерiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi. «Батырлар туған бақ мекен» жобасының негiзiнде «Жақсының жақсысы Баубек батыр» кiтабы, «Баубек батыр» документальдi фильм жарыққа шықты. Кiтап пен фильмнiң тұсаукесер рәсiмдерi «Өрлеу» облыстық мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институтында, Көкшетау Техникалық Институтында және Атбасар қаласында өткiзiлдi.

«Баубек батыр» деректi фильмiн жалпы халыққа жеткiзу үшiн ақпан айынана бастап облыстық телеарнамен келiсiм шарт жасалды. Музей қызметкерлерiнiң ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде жинақталып, түсiрiлген бұл фильм жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде зор роль атқарады.

Музейдiң тағы бiр үлкен жобасы 2016-2018 жылдар аралығында Ақмола облысындағы ауыл мектептерi арасында өткiзген «Ауылым — алтын тұғырым!» көрме байқауы. Осы көрменiң негiзiнде ауыл мектептерiнде музейлер ашылды. 2018 жылы көрмелер байқауы өз мәресiне жетiп, салтанатты марапаттау рәсiмi өттi. Жүлдегерлерге демеушiлердiң қолдауымен құнды сыйлықтар тапсырылды. Жобаның қорытындысы бойынша көрме-байқауына қатысқан мектептердiң көрме материалдарынан «Ауылым — алтын тұғырым!» атты альбом-кiтап шығарылып, мектептердiң кiтапхана қорын толықтырды.

2016 жылдан бастап Ақмола, Жамбыл, Алматы, Түркiстан облыстарындағы М.Ғабдуллин атындағы мектептерде республикалық «Жас ғабдуллиншiлдер» патриоттық клубы құрылып, жұмыс iстеп келедi.

ЖОО-мен, облыстық, қалалық бiлiм басқармаларымен, түрлi мекемелермен, үкiметтiк емес ұйымдармен барлығы 33 меморандумға қол қойылып, жұмыс жүргiзiлуде.

Есеп беру кезеңiнде 896 экскурсия, 10 көрме, 47 iс-шара, 41 дәрiс өткiзiлдi. Барлық қызмет түрлерiмен 23425 адам қамтылды.

2019 жылы атқарылған iс-шаралардың ақпараты

Қаңтардың 9-ы күнi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң қызметкерлерi түсiрген «Баубек батыр» атты деректi фильм Кокшетау Техникалық Институтында офицерлер құрамы мен курсанттарына көрсетiлдi.

Институт басшылығының сұрауымен жүзеге асқан бұл iс-шараны институт бастығы Сырым Дүйсенғазыұлы өзi ашып беташар сөз сөйледi. Одан кейiн музей директоры Құдайберлi Рахымбекұлы өзi жетекшiлiк еткен түсiрiлiм туралы әңгiмелеп «Батырлар туған бақ мекен» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сарбаздарға Баубек Бекмырзаұлының өмiрбаяны, қайсар рухы туралы айтылды. Кеш соңында сарбаздар домбырамен жыр жырлап, ән салып, күй шертiп өнер көрсеттi.

30 қаңтар осыдан 76 жыл бұрын сұрапыл соғыста жау әскерiн керi шегiнуге мәжбүр еткен Панфилов дивизиясының автоматшылар ротасын басқарған майор даңқты жерлесiмiз Мәлiк Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жоғарғы Президиумның Жарлығы шыққан едi. Осы күнi Даңқ аллеясында М.Ғабдуллин ескерткiшiне гүл шоқтары қойылды.

Еске алу рәсiмiне қала тұрғындары, Көкшетау Техникалық Институтының курсанттары, ЖОО-ның ұстаздары, қоғамдық ұйым өкiлдерi қатысты.

Көкшетау техникалық институтының оқу орны көп жылдан берi Мәлiк Ғабдуллиннiң тұлғасын насихаттауда көп жұмыстар атқарып келедi. Көкшетау техникалық институтының мәжiлiс залында өткен «Батыр — ғалым, ғылыми — ғұмыр» атты семинар соның айғағы. Семинарға М.Ғабдуллиннiң шәкiртi ЕҰУ қазақ әдебиетi кафедрасының профессоры,ф.ғ.д С.Негимов, ҚР қарулы күштер Әскери-тарихи музейiнiң ғылыми кеңесшiсi, тарих ғылымдарының докторы З.Самашев қатысып жиналғандарға М.Ғабдуллиннiң батырлығы мен ұстаздығы жайында кеңiнен әңгiмелеп бердi.

Осы күнi М.Жұмабаев атындағы АОӘК-ның салтанат залында «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клуб мүшелерiнiң ант қабылдау рәсiмiне арналған «Батырлық салты — ұрпақ сабақтастығы» iс-шарасы өткiзiлдi.

Ант қабылдауға Красный Ярдағы №3 мектеп-гимназиясының Алғашқы әскери дайындық пәнiнiң ұстазы, Жас ғабдуллиншiлдердi тәрбиелеуде үлкен үлесiн қосып жүрген азаматтардың бiрi Есенбек Сабырұлы бастаған оқушылар келдi.

Оқтай тiзiлiп тұрған жас ұландардың өмiрлерiндегi ең алғашқы жауапкершiлiкке толы қадамдарын құптап, рәсiмнiң алдында сөз сөйледi. Қазақ ерлерiнiң ертедегi батырлар дәуiрi кезiндегi, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлiктерi туралы сыр шертiп, көзкөрген қариялардың айтқандарынан мысал келтiрiп, жүректерiнде батылдық пен қайсарлықтың отын тұтатты.

Айтылған өнегелi сөздерден кейiн, Мәлiк Ғабдуллин атындағы әскери-патриоттық клуб мүшелерiне мүшелiк билеттердi Қарулы күштер ардагерi Елеусiзов Мұса Байтөлекұлын және патриоттар қауымдастығының төрағасы Ережепов Жанат Малғаждарұлы табыс еттi.

Қолдарына көгiлдiр куәлiктерi тиген бозбалалардың «Қазақстан Республикасына қызмет етемiн» деп айтқан жарқын-жарқын дауыстары жиналған жұртшылықтың, әсiресе аға буынның ойын бiр жерден шығартты: «Бейбiт те бақуатты елде қызмет етуге жазсын, ұландарым!»

Қала өмiрiндегi тағы да бiр есте қаларлық iс-шара Мәлiк Ғабдуллин музейдiң ұйымдастыруымен жүргiзiлген едi. Бiрнеше апта бойы қала мектептерi оқушылары қара сөздiң құдыретiн ұғынуға тырысып, «Абайдың iнiлерi, қазақтың iрiлерi» атты шағын әңгiме форматында шығарма жазып жас қаламгерлер байқауына қатысты. Қаламдарын ұштаған жас өркендердiң жасаған еңбектерiне қорытынды шығару, 30 қаңтар, атаулы күнмен дәлме-дәл келдi.

Бүгiнгi күнi жас өркендер арасында болашақта қазақ әдебиетiнiң жаңа толқын жазушылары деген атаққа лайық бола алатындары бар ма екен? Оларды тәрбиелеп, үйрету қаншалықты маңызды? Бұл бастамадан жалғасын табар iс-шаралар қандай қолдауды талап етедi? Құттықтау сөзге қоса, жиналғандардың әрқайсысының көкейiнде жазылып тұрған осындай сұрақтарға Құдайберлi Рахымбекұлы жауап бердi.

Сонымен, ұсынылған шығармаларды оқып, әдiл бағасын бергендер: «Арқа ажары» газетiнiң директоры, қоғам қайраткерi Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев, журналист Гакку Асылбекқызы, ақын Қуаныш Оспанов,

Марапаттау рәсiмi жүлделi 3-орын алған оқушыдан басталды. №10 ОМ оқушысы Аманбек Нұрсәуле арнайы дипломға қоса, «Көкшетау» газетi ұжымынан естелiк сыйлықпен марапатталды.

Жүлделi 2-орын иегерi Мәлiк Ғабдуллин атындағы көптiлде оқытылатын мектеп-гимназиясының оқушысы Бураканова Дильназ «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының редакторы Берiк Қайдарұлының қолынан арнайы диплом мен естелiк сыйлықты қабылдады.

Өмiр бойы естелiкке қалатын «Жас қаламгер» деген жазуы бар қауырсын қалам бейнеленген мүсiн мен арнайы дипломды №6 орта мектеп оқушысы Меруерт Түсiпбаеваға «Арқа ажары» газетiнiң директоры, қоғам қайраткерi Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев табыстады.

Байқауда бақ сынаған оқушыларды дайындаған ұстаздар да Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң директоры Құдайберлi Рахымбекұлы Мырзабектiң қолынан алғыс хаттармен марапатталды.

Красный Яр №3 мектеп-гимназиясының оқушылары Жанат Жандос пен Айтмұханбетова Аружанның орындауындағы жалынды әндер де iс-шараның сәнiн кiргiздi.

Осындай игi бастамалар шығармашылыққа қанат қаққан жастарымызды одан да биiк белестердi бағындыруға қанаттандырары сөзсiз.

2018 жылы Әдебиет және өнер музейi бюджетi 41300,6 мың теңгенi құрады. 2018 жылы музей қорын толықтыру үшiн облыстық бюджеттен 234 500 теңге бөлiнiп, 10 жәдiгер сатып алынды.

2018 жылдың 12 айында 92 дәрiс, 94 көрме, 202 экскурсия өткiзiлiп, барлығы 420 iс-шара ұйымдастырылды. Музейде 2018 жылы жалпы саны 11785 адамға қызмет көрсетiлдi. Музей қорына 102 жәдiгер қабылданды.

2019 жылдың 1 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 7 дәрiс, 9 көрме, 11эскурсия өткiзiлiп, барлығы 15 iс-шара ұйымдастырылды. Осы аралықта музейде 760 адамға қызмет көрсетiлдi.

Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейi қазақ халқының ұлттық өнерi мен төл әдебиетiн насихаттауда ауқымды жұмыс iстеуде. Мұражай қорында 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9883 экспонат сақталуда.

Музей жанынан құрылған шығармашыл жастардың «Жас тұлпар» клубы екi жылдың iшiнде елуден астам iс-шара ұйымдастырды. Атап айтсақ, жас суретшiлер көрмесi, жас ақындармен, сазгерлермен кездесу, олардың шығармашылық кештерiн өткiзiп, кiтаптарын шығару — бәрi аталған клуб жұмысының жемiсi. Жастарды шығармашылыққа баулу, жастардың шығармашылығын лайықты деңгейде насихаттау, оларды музей iсiне жұмылдыру клубтың басты мақсаты болған едi. Клуб бүгiнде толықтай өз мақсатына жеттi деп айта аламыз.

Музейдiң шығармашыл тұлғалардың есiмiн ардақтап, еңбегiн дәрiптеу мақсатында қолға алған тағы бiр инновациялық жобасы «Қазыналы қарашаңырақ». Бұл жоба аясында музей қоры 578 жәдiгермен толыққанын атап айтамыз. Көкшетау өңiрi мен Ақмола аймағына танымал ақын,жазушы,музыка майталмандарының жеке заттары бұл күнi музейдiң баға жетпес байлығы саналады. Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Сәкен Жүнiсовтың, жазушы, өлкетанушы Естай Мырзахметовтың, әншi-сазгер, журналист Кәрiм Iлиясовтың, сатирик,қобызшы Ерназар Ыбыраевтың, жазушы, журналист,аудармашы, ақын Қорғанбек Аманжоловтың мол мұрасы халықтық құндылыққа айналды. Бұл жоба жаңа жылда да жалғасын табады.

Музей ұжымы облыс аумағында көркемсурет өнерiнiң дамуына барынша жағдай жасау мақсатында, жыл сайын дәстүрлi түрде «Қылқалам жыры» атты суретшiлер пленэрiн өткiзiп келедi. Пленэр қазақ жерiнiң iнжу-маржаны, туристiк орталық Бурабай баурайында, тамылжыған табиғат аясында ұйымдастырылады. Ақмола облысы суретшiлер одағы бұл шараға белсене атсалысып, облыс аумағындағы танылмай жүрген, еңбектерi қалың көпшiлiкке бейтаныс суретшiлердiң қатысуына мүмкiндiк жасауда. Қылқалам шеберлерi Айнакөлдiң жағасында, қарағайлы орман саясында сурет салып, шығармашылық жайлы ойларымен бөлiсiп, пiкiр алмасып, тәжiрибелерiмен бөлiседi. Суретшiлердiң аға буыны жас суретшiлерге шеберлiк сыныбын өткiзедi. Сондай-ақ, өнер иелерi ашық аспан астында өз туындыларынан сурет көрмесiн ұйымдастырып, Бурабайдағы демалушылар мен туристердiң мәдени демалысына өз үлестерiн қосуда.

Әдебиет және өнер музейi ҚР Президентi Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Жазушылар одағының бiрлескен жұмысы — «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасын Ақмола облысында жүзеге асыруда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын үлкен әдеби-мәдени шаралардың бiрi саналатын бұл республикалық жобаға Ақмола облысының әкiмдiгi қолдау бiлдiрiп, Қазақстан Жазушылар одағымен келiсiм-шартқа отырды. Осы жобаға қатысушы алматылық, астаналық қаламгерлер, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, ақын, журналист Жұмаш Кенебай, сыншы, жазушы Айгүл Кемелбаева Көкшетауға ат басын тiредi.

Олар белгiленген кесте-жоспар бойынша облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырды, зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, нәтижесiнде көркем шығарма жазып шықты. Ол еңбектер қазiргi сәтте Жазушылар одағының сараптамалық комиссиясының қарауында сараптамадан өтуде.

Әдебиет және өнер музейiнiң 2018 жылы iстеген көп жұмыстарынан бөлiп қараған төрт iс-шараға қысқаша тоқталып өттiк. Музей ұжымы алдағы уақытта да шығармашылық бағытта тың бастама, жаңа идеялармен қызметiн жалғастыра бермек. Аталған жұмыстар жаңа жылда жаңа деңгей, жаңа бағытта жалғасын табады деп сенiммен айта аламыз.

Облыс бойынша 11 музей қызмет етедi. 12 ай iшiнде облыс музейлерi 4 242 экскурсия, 523 дәрiс, өткiздi, 932 көрме ұйымдастырылды, 29 жәдiгер сатып алды.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетау музейiнде ҚР музей қорларының Мемлекеттiк каталогына енгiзу үшiн ұсынылған музей заттары туралы мәлiмет даярлау бойынша жұмыс одан әрi жалғасуда. Цифрландыру бойынша музей заттарының 15391 сақтау бiрлiгiн электрондық мәлiмет базасының жинағы әзiрлендi, бұл облыстық музейлердегi негiзгi қордың 13,5% құрайды.

Халықаралық Музей күнiнiң қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 2018 жылдың 15 мамырында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен Бурабай тарихи-өлкетану музейiнiң ашылуы өттi. Музей «Бурабай Даму» Визит-орталығында жаңа үй-жайға ие болып, қайта жанданды, құрамындағы 3 зал ежелгi заманнан бастап қазiргi таңға дейiнгi тарихты көрсетедi: тарих залы, этнография залы, Бурабай зерттеушiлерiнiң залы.

Мемлекетiмiздiң астанасы Астана қ. 20 жылдығына орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейiнде «Елбасы және Тәуелсiздiк» қазiргi Қазақстан тарихы залының жаңа экспозициясы салтанатты түрде ашылды.

Зал тұжырымдамасы Тәуелсiздiк Қазақстанның құрылу тарихын, оның жетiстiктерi мен Ұлы дала жазығында табысты Қазақстанның және жаңа астананың құрылысындағы Қазақстан Республикасының Алғашқы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың ауқымды тарихи рөлiн көрсетедi.

Бурабай к. тарих музейiнiң реэкспозициясына байланысты ғылыми тұжырымдама құрастырылып, Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының Мемлекеттiк архивтерiнде ғылыми-iздестiру жұмыстары жүргiзiлдi. Астана қаласының мерейтойына орай Бурабай ауданында «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-эжтнографиялық музей ашылып, келушiлер саны 5000 турист шамасын құрады.

13 қыркүйек күнi, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру және ҚР елордасы — Астана қаласының 20 жылдығы аясында АОТӨМ «Ежелгi Тараздың ескерткiштерi» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейiмен бiрлесiп, музейдiң көрме залында «Ежелгi Тараздың қазыналары» жылжымалы археологиялық көрмесiн ашты. Көрменiң қонақтары Ақмола облысының мәдениет бөлiмшелерiнiң басшылары, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ оқытушылары мен студенттерi, Көкшетау қ. жұртшылығы, БАҚ өкiлдерi болды. Көрмеде 223 раритет жәдiгерлер: қыш, нумизматика жинақтамасы, күмiс пен мыстан жасалған зергерлiк бұйымдар экспозицияланды.

17 қыркүйек күнi Көкшетау қаласынан «Абылай ханның қара жолы» экпедициясы бастау алды. Жобаға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында Ақмола облысының әкiмдiгi бастамашылық еттi. Жобаның негiзгi мақсаты: тарихи сана-сезiмдi нығайту үшiн ұлттық игiлiктi, киелi жерлердi зерттеу және дәрiптеу, ғылыми зерттеулер жүргiзу, «Хан жолы: Көкшетау-Ұлытау-Түркiстан XVIII ғасырдың керуен жолдары бойынша нысандарды жүйелеу.Ақмола облыстық тарихи — өлкетану музейiнiң заманауи тарих бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi Сәдуақас Бибiгүл Бейсенбайқызы экспедиция мүшесiнiң бiрi болды.

11 музей қызметiнiң басым бағыты өлкетану жұмыстарын дәрiптеу, облыстық және республикалық деңгейдегi жетекшi жоғарғы оқу орындарымен жүйелi жұмыс жүргiзу, Л.Гумилев ат. ЕНУ ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару болып табылады.

Ағымдағы кезеңде 2 ғылыми-әдiстемелiк кеңесiнiң отырысы, «Музейдегi ғылыми-қор жұмыстары» атты облыстық семинары өткiзiлдi.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталығы және облыстық тарихи-өлкетану музейi ҚР Ұлттық музейi мен ҚР Алғашқы Президентiнiң Музейiмен белсендi ынтымақтастықта. Облыстың барлық музейлерiнде «Мирас» клубы қызмет етедi, облыс аудандарында облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң филиалдары ретiнде музейлердi ашу жұмысы белсендiрiлдi: жәдiгерлердi жинау, үй-жайларын таңдау және өзге де ұйымдастыру мәселелерi шешiлуде.

Облыстық музейлерде мазмұны бойынша қызықты инновациялық бiлiм беру, тарихи жобалар iске асырылуда: облыстық тарихи-өлкетану музейiнде («Есiл: бастау көзiнен тармақтарына дейiн», «Алаш қайраткерлерi — өлке тарихында», «Күмiс сиқыры) және т.б.

2018 жылдың 26 қазанында аттас жобаның соңғы кезеңi ретiнде «Күмiс сиқыры» көрмесiнiң ашылуы өттi. Ашылу рәсiмiне Үкiлi Ыбырай ат. Облыстық филармонияның би ұжымы және әншiсi Сәрсенбай Хасенов қатысты. «Қазақ тiлi және мәдениетi қоғамдық бiрлесiгiнiң төрағасы Мейрамбек Қиықұлы Қиықов, ҚР Суретшiлер одағының Ақмола облысындағы филиалының төрағасы Юрий Григорьевич Попов, тасты көркем өңдеудiң шеберi және суретшi Құрман Рахымжанұлы Базилинов, музей жобасының серiктесi, № 21 ОМ технология пәнiнiң мұғалiмi, 5 сынып оқушысы Тамирлан Шахметовтың «Шолпы сыңғыры» шығармашылық жобасының жетекшiсi «Алла Викторовна Воронецая құттықтау сөздерiн жолдады.

2019 жылы 18 қаңтарда, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 80 жылдық мерейтойына және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде тарих мамандығының қалыптасуына 25 жыл толуына арналған «Отан тарихының тарихнамасы мен деректануының өзектi мәселелерi» атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияның пленарлық отырысы өттi. Осы iс-шараға ҚР БҒМ Ғылым комитетi Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы қатысты. Бұл аталған iс-шара барысында «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейi» МКМ мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты РМҚҚ арасында бiрлескен жобаларды iске асыру, ұйымдастыру және ғылыми-практикалық конференцияларды өткiзу, дөңгелек үстелдер өткiзу, ақпараттық қызмет көрсету және консультациялық көмек қызметiнiң түрлi аспектiлерi бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

23 қаңтарда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейi «Ұлт мұрасы — ұрпақ байлығы» атты көрмесiнiң шеңберiнде Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының алқа қатысушылары үшiн облысымыздың тұрмыс-салт объектiлерiнiң үлгiлерiн, этнографиялық материалдар әзiрледi, сонымен қатар, музей қызметкерлерi облыстық музей қорынан ұлттық киiмдер мен күмiс әшекейлердiң сән шеруiн ұсынды.

2018 жылдың сәуiр айынан бастап Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейi «Week of history» (Тарих апталығы) жобасы шеңберiнде айына бiр рет қала мектептерiнде музей қорындағы экспонаттарды қолдана отыра музей сабақтарын, виртуалдық экскурсияларын өткiзiп, дәрiстер оқиды. Бүгiнгi таңда музей 6 мектептi қатыстырды, оқушылардың жалпы саны 1211 бала. Жобаның мақсаты — музейлiк құндылықтар арқылы ұлттық тарих пен мәдениеттi дәрiптеу, ұлттық салт-дәстүрлерге, тарихы мен мәдениетiне қызығушылығы мен құрметiн дамыту, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру, сонымен қатар, өсiп келе жатқан ұрпақты «Мирас» және «Жас экскурсовод» үйiрмелерiнде бiрiктiру жолымен өлкетану жұмысына қатыстыру, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде оқушылардың ғылыми-танымдық қызметiн кеңейту. 2019 жылғы 21-25 қаңтар аралығында аталмыш жоба шеңберiнде музейдiң ғылыми қызметкерлерi №6 ОМЛ-де дәрiстер оқыды.

2018 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сi тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау және насихаттау бойынша бiрқатар iс-шаралар өткiздi.

2018 жылдың қаңтар айынан сәуiр айына дейiн Ақмола облысының киелi жерлерiн насихаттау бойынша мектептер мен ЖОО бiрнеше кездесулер, өлкетану сабақтары өткiзiлiп, өткен жылда барлығы 56 iс-шара өткiзiлдi.

18 сәуiрде «Рухани қазына» бағдарламасы аясында студенттер мен жалпы бiлiм беретiн мектеп мұғалiмдер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, өлкетанушылар үшiн «Life Patriotic Coaching» атты iс-шара ҚР Ұлттық музейi жанындағы «Киелi Қазақстан» республикалық орталығымен бiрлесiп өттi. Аталмыш iс-шара аясында Ақмола облысының киелi жерлерi туралы ақпаратты интерактивтi түрде (сұрақ-жауап), пiкiр алмасу, «Қазақстан географиясы» базалық бағытын дамыту және көпшiлiкке тарату бойынша ұсыныстар жасау ұсынылды. Жалпы 80 адам қамтылды.

2018 жылдың 21 маусымында Зерендi ауданының Кеңөткел ауылына жақын орналасқан (Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-де негiзделген) Ақмола археологиялық экспедициясына ҚР Ұлттық музейi директорының кеңесшiсi, «Рухани жаңғыру» республикалық жобалау кеңсесiнiң инспекторы Талапов Шерхан, мемлекеттiк құрылым басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкiлдерi, қоғам қайраткерлерi, өлкетанушылар келдi.

2018 жылғы 3 маусым мен 3 шiлде аралығында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ Ақмола облыстық археологиялық экспедициясы Зерендi ауданының Кеңөткел ауылына жақын орналасқан тарихи-мәдени мұра объектiлерiне қорғау-құтқару жұмыстарын жүргiздi. Оның iшiнде қола дәуiрiне жататын б.з.д. VII-VIII ғасырлардың қонысы да болды. Қатысушылардың жалпы саны 45 адам. Экспедицияға Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi, ҚР IIМ ТЖ комитетiнiң Көкшетау техникалық институтының студентерi қатысты. Жоғары оқу орындарының студенттерiн археологиялық объектiлермен таныстыру, тарихи олжаларды, артефактiлердi iздеу және зерттеу процесiне қатысу мүмкiндiгi, жас ұрпақтың патриоттық сезiмдерiн дамытуға ықпал етедi.

Тамыз және қыркүйек айларында Ақмола облысының Ақкөл және Ерейментау аудандарында өлкетанушылардың, тарихшылардың қатысуымен көшпелi түсiндiру жұмыстары өттi. Осы iс-шара аясында Ақмола облысының киелi объектiлерi туралы интерактивтi түрде ақпарат берiлдi, пiкiр алмасу, «Қасиеттi география» базалық бағытын дамыту және көпшiлiкке тарату бойынша ұсыныстар жасалды. Жалпы саны 120 адам қамтылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақмола облысының киелi жерлерi туралы орталық мамандарымен бiрлесiп Көкшетау қаласының мектептерiнде, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында әртүрлi лекциялар, өлкетану сағаттарын өткiздi, жалпы саны 300-ден астам адам қамтылды.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:49
Жаңартылған күні: 07.02.2019 18:16
Қаралым саны: 7962
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус