Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы
ақпарат

1.Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 162,7 млрд. теңгенi құрады. Тауарлық өнiмнiң НКИ — 102,8%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,9% құрады.

Өсiм металл кендерiн өндiру көлемiнiң 2,6% — ға, саз бен каолин өндiру көлемiнiң 54,4 есе, құм өндiру көлемiнiң 1,7 есе өсуiне байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 102,6% құрады.

Тамақ өнiмдерiн өндiруде (НКИ — 118,3%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда ет және субөнiмдердi шығару 95,5% — ға, сүт — 19,9% — ға, сары май — 62,4% — ға, өсiмдiк майы — 19,7% — ға, ұн — 11,1% — ға өстi.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 149,4%) полиэтилен пакеттерi мен қаптар өндiрiсi 15,5 есе артты.

Машина жасауда (НКИ — 107,6%) подшипниктер өндiрiсiнiң көлемi 29,1% — ға өстi, жүк автомобильдерiнiң көлемi 32,8% — ға төмендедi.

Металлургия саласында (НКИ — 102,4%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 1,3% — ға өсуi байқалады, бұл «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiмен байланысты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 33,4 млрд.теңге, нақты көлемнiң индексi — 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 114,9% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,7 млн. га, оның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар — 4,3 млн. га.

Майлы дақылдарды 247,6 мың га алқапқа егу, картоп 17,4 мың га, көкөнiс 3,9 мың га алқапқа егу жоспарлануда.

Жемдiк дақылдарды жаздық себу 163,9 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.

Мал азығының жалпы ауданы 662,8 мың га құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен тiрi салмақта 33,4 мың тонна ет (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 29,4% — ға өстi), 61 мың тонна сүт (4,1% — ға өстi), 211,2 млн.дана жұмыртқа (2,2% — ға өстi) өндiрiлдi.

IҚМ басы 4% — ға (487,4 мың басқа дейiн), оның iшiнде сиыр — 3% — ға (216,5 мың басқа дейiн), қой мен ешкi — 3,3% — ға (630,4 мың басқа дейiн), жылқы — 9,1% — ға (189,5 мың басқа дейiн), құс — 22,9% — ға (7,5 млн.басқа дейiн) өстi. Шошқа басы 3,8% — ға төмендедi (129,6 мың басқа дейiн).

Нұр-Сұлтан қ. азық-түлiк айналасындағы белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд.теңгеге 10 жобаны iске асыру жоспарланған.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi Астана нарығына 14 мың тонна сүт өнiмдерiн (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 11,6% — ға өстi), 6,5 мың тонна ет және ет өнiмдерiн (11,8% — ға өстi), 45,3 млн.дана жұмыртқа (16,5% — ға өстi) жеткiздi.

2019 жылдың қаңтар-наурызында облыс экономикасын дамытуға 37,9 млрд. теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 12,1% төмен.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 77% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе 29,2 млрд.теңгеге келедi, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты 5,8% немесе 2,2 млрд. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 12,6% — ды, басқа да қарыз қаражаты — 4,6% — ды құрады.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуға 15,8 млрд.теңге бөлiндi. Қаражат 11 (4 млрд.теңге) құрылысқа және 20 объектiнi қайта жаңартуға (6,5 млрд. теңге), 3 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (50,7 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына (770 млн. теңге), РБ-дан кредиттер (4,5 млрд. теңге) бағытталды.

602 ауылдық елдi мекеннiң iшiнде 357 АЕМ — де орталықтандырылған сумен жабдықтау (59,3%), 225 АЕМ-де орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (37,4%). 20 АЕМ-де тасымалданатын су (3,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 5,4 млрд. теңгенi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 83,4% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылдың қаңтар-наурызында 145,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 100,8% құрайды.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 45 605 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 290 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 110 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 33 328; шаруа (фермер қожалықтары) — 4 877 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» ағдарламасының барлық бағыттары бойынша 131 млрд.теңге кредит сомасына 966 жоба мақұлданды.

2019 жылы бағдарламаны iске асыруға 2,2 млрд.теңге бөлiндi, 26,5% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы наурыз 2018 жылғы желтоқсанға) 100,9% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 103,6%, азық — түлiк емес тауарларға — 101,1%, халыққа ақылы қызметтерге — 97,5%.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық жалақы 2017 жылға 9,4% — ға өстi және 120,5 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 39,9 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 101,7%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 23,8 млрд. теңге (болжамға 99,6%), жергiлiктi бюджетке — 16,1 млрд. теңге (болжамға 105%).

2.Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар-наурызында облыста 1716 жаңа жұмыс орны құрылды, оның iшiнде 1168 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 2668 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 59,9% құрады. (57,1%).

Қоғамдық жұмыстарға 651 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 12 710 аз қамтылған азаматтарға 131 557,5 мың теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде:

-«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша

3 680 адамды қамту жоспарлануда (еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (бiлiм басқармасының әкiмшiсi); еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер мен дағдылар бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 2490 адам). 2019 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша 241 адам қысқа мерзiмдi оқытумен қамтылды.

-«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша жұмыспен қамту шараларымен 2340 адамды қамту жоспарланған, оның iшiнде:

-«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 1270 адам оқытылды (1 сәуiрдегi жағдай бойынша 583 адам оқудан өттi);

-ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамалардың қолдауымен 4 млрд. теңгеге 956 шағын несие беру.

-жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн.теңге сомасында 450 грант беру (2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 3,5 млн. теңге сомасына

14 адам грант алды).

-«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен (жастар тәжiрибесi, Әлеуметтiк жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар) — 2781 адамды қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында: жастар тәжiрибесiне — 230 адам (жоспар — 498); әлеуметтiк жұмыс орындарына — 356 адам (жоспар — 538); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 651 адам (жоспар — 1745) жiберiлдi.

2019 жылы Шортанды ауданында және Көкшетау қаласында 2 балабақша, Бурабай, Целиноград (4 объект) аудандарында және Көкшетау қаласында

6 мектеп, мәдениет колледжiне қосымша құрылыс салу қарастырылған.

3 мектептiң оқу корпустарына қайта жаңарту (№1, №6 және №13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту.

Денсаулық сақтауда Аршалы ауданында медициналық пункт, Атбасар, Целиноград, Шортанды аудандарында 3 дәрiгерлiк амбулатория және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана салу жоспарлануда.

Мектепке дейiнгi ұйымдардың саны — 614 бiрлiк, оның iшiнде 238-бала бақшалар (оның iшiнде мемлекеттiк — 135, жеке — 103) және 376-шағын орталықтар. Балаларды тасымалдау 234 елдi мекеннен жүзеге асырылады.

3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi мекемелермен қамту 2019 жылдың 1 наурызына 99%, 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту 67,4% құрады.

Қамтудың жоғары көрсеткiштерi (1-6 жастағы балалар) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) аудандарында, Степногорск қаласында (82,9%), неғұрлым төмендеу — Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндiкөл (57,7%) аудандарында байқалды.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар-наурызында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшi 21,6% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 14,8-ден 11,6-ға дейiн) төмендедi), қан айналымы жүйесiнiң аурулары 106% — ға (100 мың халыққа 407,3-тен 838,9-ға дейiн) ұлғайды.).

Қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм — жiтiм көрсеткiшi 13,6% — ға (100 мың адамға шаққанда 244,19-дан 211,06-ға дейiн), қатерлi iсiктерден — 11,5% — ға (100 мың адамға шаққанда 115,4-тен 102,18-ге дейiн) төмендедi.

Денсаулық сақтаудағы күрделi шығыстарға 2019 жылы 2 428,2 млн.теңге, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1 775,3 млн. теңге, күрделi жөндеуге — 652,9 млн. теңге бөлiндi.

Құрылған күні: 13.04.2015 11:12
Жаңартылған күні: 19.04.2019 15:49
Қаралым саны: 11089
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75