Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-шiлдедегi әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат

1.Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 353,1 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 104,8%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 101,3% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 8,9%-ға, мыс кендер 11,7%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,8% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ — 112,5%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 16,1%, өсiмдiк майы 29,3%, ұн 22,2 %, сүт 3,5% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ — 90,3%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 9,6% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ — 90,8%) пестицидтер өндiрiсi 16,8% — ға төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ — 75,0%) пластмассадан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 37,4% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ — 109,4%) жетекшi кәсiпорындар «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) болып табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша а.ж. қаңтар-шiлде айларында тауарлық өнiм көлемi 4,9 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 114,3% құрады;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 65,6%-ға);

«КАМАЗ-Инжиниринг» а.ж. қаңтар-шiлде айларында жүк және мамандырылған автомобильдер өндiрiсi 340 дана құрады (20,9%-ға төмендеуi байқалады).

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ — 90,8%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерi 8,3%-ға өстi.

Металлургия саласының (НКИ — 105,8%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемдерiнiң өндiру 3,6%, өсуi байқалады, бұл үш алтын шығару фабрикасы «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiн және «RG Gold» ЖШС iске қосумен байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1068 тоннаны құрады, 2017 жылымен салыстырғанда 0,6% төмен.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 84 587,6 млн. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2017 жылдың деңгейiне 103,7% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiн 4,7 млн. га алқабында егiлдi, соның iшiнде дәндi және бұршақ дәндi дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га.

Майлы дақылдар 263,3 мың га. алқапта егiлдi, 18,4 мың. га алқапта картоп, 4,3 мың. га -да көкөнiс отырғызылды.

Жаздық жем-шөп дақылдар 157,6 мың га. алаңда егiлдi. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық жемшөптердi қосқанда, облыс бойынша жалпы алаңы 644,0 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 61,9 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 3,7%-ға өсiм), 230,3 мың тонна сүт (0,8%-ға өсiм), 524,4 млн.дана жұмыртқа (20,6%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 1,6%-ға өстi (446,4 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 1,3%-ға (206,5 мың бас), жылқы — 4,3%-ға (187,6 мың бас), құстар — 16,0% ға (6,6 млн. бас). Қой мен ешкi саны — 1,0%-ға (583,5 мың басқа дейiн) шошқа — 5,9% ға (118,0 мың басқа дейiн) азайды

Ағымдағы жылы Астана қ. азық-түлiк белдеуi аясында 7,6 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi астана базарларына (01.08.2018 ж.) 80,4 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 7,1%), 15,7 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 6,3%), 175,5 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 20,4 %) жеткiздi.

Экономиканы дамытуға 135,4 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңiндегiден 8,7% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 56,3% болады, олардың есебiнен 76,2 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 13,3% немесе 18,0 млрд. теңге құрады, жергiлiктi бюджет қаражаты — 4,1% немесе 5,6 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 10,4% құрайды, басқа қарыздар үлесi — 15,9%.

Сыртқы инвестициялар көлемi — 7,5 млрд. теңге құрады.

2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуды жүзеге асыруға 9,2 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 14 жобаның құрылысына және 19 жобаны қайта жаңартуға (6,6 млрд.теңге), 21 жобаға ЖСҚ әзiрлеуге (256,1 млрд.теңге), 7 объектiнi ағымдағы жөндеуге (83,0 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына — (665,4 млн.теңге), ҰҚ кредиттерге (1,6 млрд. теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 АЕМ-нде (37,6%). Жеткiзiлетiн су 22 АЕМ-нде (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 53,0 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiнен 106,4% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылдың қаңтар-сәуiр айында 311,1 мың м2 тапсырылды, бұл 2017 жылдың деңгейiне 104,7% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеп тұрған саны 44235 бiрлiк құрайды, соның iшiңде шағын бизнестiң заңды тұлғалары — 6859, орта бизнестiң заңды тұлғалары — 115, жеке кәсiпкерлер — 32616, шаруа (фермер) қожалықтары — 4645.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша жүзеге асыру кезеңiнен (2010 ж. бастап — 2018 жылдың 1 тамызына) Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен 112,1 млрд. теңге жалпы сомасына 828 жоба мақұлданды.

2018 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдауға 5,7 млрд. теңге бөлiңдi.

Тұтыну бағасының индексi 102,7% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 103%, азық-түлiк емес тауарларына — 102,9%, ақылы қызметтер — 102,1%.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгейге 8,3%-ға өстi және 115,4 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 85,8 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 106,1% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 47,2 млрд. теңге (болжамға 107,3%), жергiлiктi бюджетке — 38,6 млрд. теңге (болжамға 104,6%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылдың қаңтар-шiлде айылар бойынша экономика салаларында 7880 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 4921 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 11002 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 88,6% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 2171 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 11 987 аз-қамтылған азаматтарға 255 231,1 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1553 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1338 адам (86,2%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 40 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2354 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 260 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2 665 адамды оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 2018 жылдың 1 тамызына дейiнгi жағдай бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 1542 адам бағытталған.

-екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасына қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға,1 тамыздға дейiнгi жағдай бойынша 1327 адам оқумен қамтылды немесе 68,9% құрады. Сондай-ақ 3,7 млрд. теңге бойынша 735 қатысушыға микрокредит беру жоспарланған, 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша 955,3 млн. теңге 269 микрокредит берiлдi.

-үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 3 291 адамды жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың қаңтар-шiлде айлары бойынша жастар тәжiрибесiне — 458 адам (жоспар — 529); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 640 адам (жоспар — 524); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2171 адам (жоспар — 2238).

2018 жылы Целиноград (2 объектi), Шортанды аудандарында және Көкшетау қ. (2 объектi) 5 балабақша, Бурабай, Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград (4 объектi) аудандарында және Көкшетау қ. (2 объектi) 9 мектеп, мәдениет колледжiнiң оқу корпусына және 420 орындық №18 ОМ Көкшетау қ. 2 жапсаржай салу көзделген, сондай-ақ Қорғалжын ауданында мектеп–интернаты, Зерендi а. орта мектеп спорт залының құрылысы мен жаңа оқу корпусының реконструкциялау, Бұланды ауданында қазандық салу және С блогын қайта жаңғырту.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар мен Шортанды аудандарында дәрiгерлiк амбулатория, Көкшетау қ. онкологиялық емхана, Аршалы ауданында медициналық пункт құрылыс жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 603 бiрлiк, соның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде — мемлекеттiк 140, жеке — 90.) 236 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 97,7%, 1-6 жас аралығы бойынша 66,4%.

Жоғары көрсеткiштер (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (83,9%), Ерейментау (76,6%), Есiл (76,2%) ауданындарында, ең төмен Көкшетау қаласында (57,3%), Астрахан (54,2%) ауданында.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылдың қаңтар-шiлде айларында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 16,2%-ға төмендедi(100 мың адамға шаққанда 40,8- дан 34,2-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 41%-ға (100 мың адамға шаққанда 864,4-ден 1219,2-ке дейiн) көбейдi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлiм*жiтiм көрсеткiшi 28,4%-ға (100 мың адамға шаққанда 315,8-ден 226-ге дейiн), қатерлi iсiктерден болатын өлiм 15,1% -ға (100 мың тұрғынға 126-ден 107-ге дейiн) төмендедi. 2017-2018 жылдардағы 6 ай Статистика комитетiнiң көрсеткiштерi бойынша.

Сәби өлiм-жiтiмi көрсеткiшi 17,1%-ға (1000 тiрi туғанға 8,2-ден 6,8-ге дейiн) төмендедi. (2017-2018 жылдардағы 6 ай Статистика комитетiнiң көрсеткiштерi бойынша).

Бала туу деңгейi 3,2%-ға (1000 адамға шаққанда 9,2-тен 9,5-ге дейiн) артты.

Аудандарда 4 ана өлiмiнiң жағдайы тiркелдi (1 Целиноград, 1 Жарқайың, 1 Аршалы және 1 Бұланды ).

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2101,5 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1404,0 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 697,5 млн. теңге қарастырылған.

Мақаланы құрған күні 13.04.2015 11:12
Мақаланы жаңартқан күні 12.09.2018 16:27
Қаралым саны: 5882
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;