Өңірдің Инвестициялық мүмкіншіліктері

 

Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк Кодексiна сәйкес инвестор ала алады:

1. Жобаларға (оның iшiнде басым инвестициялық жобаларға) арналған артықшылықтар:

•жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерiн, шикiзат пен материалдарды шеттен тасымалдау кезiнде кедендiк баж салығын төлеуден босату;

•белгiленген активтерге салынған инвестиция көлемiнiң 30 пайызынан аспайтын заттай гранттар (жер телiмдерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептегiш техника, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары, өндiрiс және шаруашылық мүкәммалы).

2. Басым инвестициялық жобаларға арналған артықшылықтар*:

•салықтық жеңiлдiктер: корпоративтiк табыс салығы — 0% 10 жылға; жер салығы — 0% 10 жылға; мүлiк салығы — 0% 8 жылға;

•инвестициялық демеу қаржылар 30%-ға дейiн құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдықтарды пайдалануға бергеннен кейiн сатып алуға;

•заңнама тұрақтылығының кепiлдiктерi: салықтық және шетелдiк жұмыс күшiн тарту саласында;

•Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған, инвесторлармен «бiр терезе» қағидаты бойынша өзара iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi органның инвестицияларды мемлекеттiк қолдауы;

•уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдiк берiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға уәкiлеттi органның жәрдемдесуi.

* Басым инвестициялық жобалардың критерийлерi:

•Қызметтiң басым түрлерi тiзбесiне сәйкестiгi

•Инвестиция көлемi 2 миллионнан асатын қайта құрылған заңды тұлға. АЕК (АЕК — республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш)

Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк Кодексiмен сондай-ақ Инвестициялық омбудсмен институты көзделген, ол:

•Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер жөнiндегi инвесторлардың өтiнiштерiн қарайды және оларды шешу үшiн ұсыным шығарады, оның iшiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекет жасай отырып;

•туындаған мәселелердi соттан тыс және сотқа дейiнгi тәртiппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетедi;

•Қазақстан Республикасы Үкiметiне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлейдi және шығарады.

Инвестициялық артықшылықтарды беруге қатысты барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Инвестиция және Даму министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiне өтiнiш жасауға болады.

Заңды тұлғаны құру үшiн ең алдымен мыналар қажет:

•М4 бизнес-иммигранттың визасын алу.

•Жүзеге асырылатын қызмет түрiнеқарай хаңды тұлғаны құрудың ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдау;

•Құрылатын компанияның қандай кәсiпкерлiк субъектiсi санатына жататынын анықтау;

•егер компания қайта құру немесе қосылу, немесе акциялар мен қатысу үлестерiн алу арқылы құрылса, онда мемлекеттiк монополияға қарсы органның рұқсатын алу қажеттiлiгiн немесе қажет еместiгiн анықтау;

•егер заңды тұлғаның қызметiнiң мәнi қаржылық қызметтер атқару болатын болса, қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң рұқсаты қажет.

Мемлекеттiк емес заңды тұлғалар өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде кiрiс алуға ұмтылған коммерциялық заңды тұлғалар құру арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы.

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

Әдетте коммерциялық заңды тұлғалар шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам нысанымен құрылады. Мемлекеттiк емес коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық формалары тек шаруашылық серiктестiгi және акционерлiк қоғам ғана болуы мүмкiн.

Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаттары

Компанияны құру кезiнде орташа жылдық кiрiстiң қандай болатынын және жұмысшылардың, соның iшiнде өкiлдiктер мен филиалдардың жұмыскерлерiнiң санын шамалап белгiлеу қажет, өйткенi бұл статистика үшiн және мемлекеттiк қолдау шараларын алу мақсатында қажет.

Жұмысшылардың орташа жылдық саны мен орташа жылдық кiрiске байланысты мыналар айқындалады:

•Микро кәсiпкерлiк — 15 адамға дейiн/ 30 000 АЕК-ке дейiн;

•Шағын кәсiпкерлiк — 100 адамға дейiн/300 000 АЕК-ке дейiн;

•Орта кәсiпкерлiк — 100-250 адамға дейiн/ 30 000 до 3 000 000 АЕК-ке дейiн;

•Iрi кәсiпкерлiк — 250 адамнан артық/ 3 000 000 АЕК-тен артық.

Құрылған күні: 14.04.2017 16:02
Жаңартылған күні: 12.07.2018 12:05
Қаралым саны: 1934

Қаз Рус Eng