Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша табыс табатын жұмыс берушілер, ЖК мен жеке адамдарға арналған жарналар мен аударымдар төлеу жөніндегі нұсқаулық

Заңды тұлғалар үшiн МӘМС аясында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша.

2017 жылғы 1 шiлдеден заңды тұлғалар жұмыс берушi ретiнде аударымдар есебi объектiсiнен 1% есеппен аударымдар жүзеге асырады.

Кейiнгi жылдары аударымдарды төмендегi схема бойынша жүзеге асырады:

2018 жылғы 1 қаңтардан — аударымдар есебi объектiсiнен 1% есеппен;

2020 жылғы 1 қаңтардан — аударымдар есебi объектiсiнен 2% есеппен;

2022 жылғы 1 қаңтардан — аударымдар есебi объектiсiнен 3% есеппен.

Жұмысшыға табыс ретiнде, яғни жұмысшының еңбек ақысы ретiнде төлейтiн жұмыс берушiнiң шығындары аударымдар есебi объектiсi болып табылады.

2019 жылғы 1 қаңтардан жұмыс берушi заңды тұлға төмендегi мөлшерде жұмысшылардың жарналарын төлеудi жүзеге асыра бастайды:

2019 жылғы 1 қаңтардан — жарналар есептеу объектiсiнен 1% есеппен;

2020 жылғы 1 қаңтардан — жарналар есептеу объектiсiнен 2% есеппен.

Жұмысшылардың жарна есептеу объектiсi жұмысшылардың табыстары, яғни жұмысшылардың еңбекақысы болып табылады.

Аударымдарды банктер арқылы Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясының есепшоттарына төлеудi жүзеге асырады. Барлық банктерге Мемлекеттiк корпорацияның есепшоттары бар екендiгi туралы Ұлттық банктiң тиiстi хаты жолданды.

Аударымдар есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 25-не дейiн (бiрiншi аударым 2017 жылғы тамыз айына дейiн жүзеге асырылады) жүзеге асырылады.

Мынаны бiлу маңызды:

Егер сiз жұмыс берушi болсаңыз, 1 шiлдеден жұмысшының еңбекақысының 1% төлей бастайсыз, бiрақ 15 АЕК-тен көп емес.

ЖК мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар) және азаматтық-құқықтық сипаттағы келiсiм-шарттар (АҚС) бойынша табыс табатын жеке адамдар үшiн МӘМС аясында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша.

Көрсетiлген адамдар 2017 жылғы 1 шiлдеден банктер мен Қазпошта бөлiмшелерiнде Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясының есепшотына жарналар төлеудi жүзеге асырады. Барлық банктер мен Қазпоштаға Мемлекеттiк корпорацияның есепшоттары бар екендiгi туралы Ұлттық банктiң тиiстi хаты жолданды.

Аударымдар есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 25-не дейiн (бiрiншi аударым 2017 жылғы тамыз айына дейiн жүзеге асырылады) жүзеге асырылады.

Есепшот номерiн бiлудiң қажетi жоқ, төлем жүзеге асырған кезде ЖК мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн тек ТТК (122) көрсетесiз. Жүйе автоматты түрде бұл деректердi көрсетедi және қаржыны тағайындалуы бойынша жолдайды.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келiсiм-шарттар бойынша табыс табатын жеке адамдар үшiн төлемдi салық агенттерi жүзеге асырады.

Салық агенттерi — жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсiби медиатор, заңды тұлға, соның iшiнде осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша мiндеттер жүктелген резидент емес заңды тұлға.

Есте сақтаңыз:

Егер сiз жеке мәлiметтердi: алушының СТН, ТАӘ дұрыс көрсетпесеңiз немесе соманы дұрыс көрсетпесеңiз төлем сiздiң банктегi есепшотыңызға қайтарылады. Егер төлемдi есепшот ашпай жүзеге асырсаңыз, жарна төлегеннен кейiнгi 2-3 жұмыс күнi iшiнде төлемнiң өңделуiн қайта тексерiңiз.

Мәлiмет үшiн:

Қазiргi уақытта Министрлiк Аударымдар мен (немесе) жарналар есептеу (ұстау) мен аудару тәртiбiн және мерзiмiн реттейтiн ережелер жобасын әзiрледi. Ережелер жобасымен сiз Министрлiктiң сайтынан таныса аласыз.

Сонымен қатар, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ережелерiне түзетулер енгiздi, бұл түзетулер Ереженiң 11 дерегiн қарастырады, атап айтқанда Түбiртекте (Әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар үшiн) және Хабарламада (Әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорында аударымдар және (немесе) жарналар) келесi төлемдер:

1) мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдар ТТК 121 номерiмен;

2) мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдар ТТК 122 номерiмен;

Уақытында аударылмаған аударымдар сомалары жарналар Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорының есебiне есептелген төлем құнын қоса есептегендегi әр кешiктiрiлген күн үшiн қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесiнiң 2,5 есе мөлшерiндегi үстемеақымен төленуi тиiс.

Төлемдердi (аударымдар мен жарналар) басқаруды салық органдары жүзеге асырады.

  

Құрылған күні: 07.06.2017 17:50
Жаңартылған күні: 07.06.2017 17:50
Қаралым саны: 2666

Қаз Рус Eng