Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы бойынша ақпарат

2019 жылғы 1-жартыжылдықтағы

Ережеге сәйкес басқарма мiндеттерiне облыс әкiмдiгi айқындайтын бюджеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, сондай-ақ облыстық коммуналдық мүлiктi басқару жатады.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

Мемлекеттiк сатып алу және коммуналдық меншiк басқармасы тапсырыс берушiлердiң өтiнiмдерi бойынша 53 конкурс жариялады, оның iшiнде 15 конкурстық рәсiмдер аяқталды, қалған конкурстар бойынша өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылуда, қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар, Басқарма апта сайын облыстың құрылыс, реконструкциялау, жөндеу және iрi сатып алу бойынша жоспарланған, жарияланған және өткiзiлген конкурстар бойынша мониторинг жүргiзедi.

Облыстық коммуналдық мүлiктi басқару

Жекешелендiру жүргiзу мақсатында 2019 жылы сауда-саттықта сату үшiн пайдаланылмайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлдi (51 автокөлiк). Қазiргi уақытта мүлiктi бағалау және сауда-саттық туралы хабарландыруларды жариялау бойынша мерзiмдi баспасөз басылымын анықтау бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде.

1-жартыжылдықта мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалға берудiң 135 шарты жасалды. Сонымен қатар, мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға беру бойынша 77 бұйрық бекiтiлдi.

2019 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша облыста 310 МКК, ЖШС, АҚ және 810 КММ, оның iшiнде облыстық МКК — 56, ЖШС — 2, АҚ — 1, КММ — 135 жұмыс iстейдi. Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 28 облыстық мемлекеттiк кәсiпорын пайда тауып, таза табыстың бiр бөлiгiн облыстық бюджетке уақытылы аударды.

Басқармамен облыстық мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi құралдарды қабылдау, беру және шығару бойынша iс-шаралар жүргiзiледi.

Құрылған күні: 10.07.2019 16:00
Жаңартылған күні: 10.07.2019 16:00
Қаралым саны: 66
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75