Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысы әкімінің өкімімен бекітілген 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен көтерілген мәселелерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша

№р/б Іс-шара Орындалу мерзімі Орындаушылар Ескерту
Көкшетау қаласы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Көкшетау қаласының автопаркін жаңарту үшін автобустар сатып алу 2019 жылғы1 шілдеге дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Орындалуда.2018 жылғы 20 желтосқанда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Көкшетау қ. ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС арасында шарт жасалды, онымен қала маршруттарына қызмет көрсететін ЖШС автопаркін жаңарту қарастырылды.ЖМӘ шартының аясында 44 автобус сатып алу жоспарланды. Сатып алудың жоспарланған мерзімі – а.ж. 1-жартыжылдық.
Степногорск қаласы
2. «Степногорск – Өнеркәсіп аймағы» автомобиль жолына жөндеу жүргізу 2019 жылғы1 қарашаға дейін Степногорск қаласыныңәкімдігі Орындалуда.2019 жылы республикалық бюджеттен 140,5 млн. теңге, қалалық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Көкшетау Жолдары» ЖШС жұмысты бастау а.ж. маусымға жоспарланды.
Біржан сал ауданы
3. «Первомайка – Степняк» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу 2019 жылғы31 желтоқсанға дейін Біржан сал ауданыныңәкімдігі Орындалуда.2019 жылы облыстық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді.Қазіргі уақытта, конкурстық рәсімдер жүргізілуде, ол а.ж. 10 сәуірде аяқталады.
Егіндікөл ауданы
4. «Новочеркасское – Егіндікөл» автожолына орташа жөндеу жүргізу 2019 жылғы1 қарашаға дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Орындалуда.2015 жылы басқармамен 1 370,2 млн.теңге жалпы сомасына автожолды (км 0-53) орташа жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленді. Мердігері – «Көкшетау Жолдары» ЖШС.2016-2018 жылдар кезеңінде 841,6 млн.теңге сомасына 35,4 км ұзындығымен участок жөнделді (2016ж. - 350,5 млн. теңгеге 14,4 км, 2017ж. - 400 млн. теңгеге 16,5 км, 2018ж. - 91,1 млн. теңгеге 4,5 км).2019 жылы жобаны толық іске асыруға 430 млн. теңге қарастырылды (17,6 км).
Ерейментау ауданы
5. Ақмырза орта мектебінің шатырына күрделі жөндеу жүргізу 2019 жылғы25 тамызға дейін Ерейментау ауданыныңәкімдігі Орындалуда.А.ж. 26 наурызда 35,1 млн. теңге сомасына конкурс жарияланды. Әлеуетті жеткізушілерден өтінімдерді қабылдау а.ж. 18 сәуірге дейін жүзеге асырылады.
6. Сілеті ауылының сумен жабдықтаудың тарату тораптарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2019 жылғы31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Орындалуда.2019 жылы Сілеті а. су тарату тораптарын реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 11,9 млн.теңге бөлінді. «АстанаБытСервис» ЖШС (Астана қ.) шарт жасалды. Жұмысты аяқтау мерзімі – а.ж. 1 қазан.Бүгінгі таңда, жұмыс 70% орындалды.
Целиноград ауданы
7. 19 км ұзындығымен «Астана – Қорғалжын» трассасының жағынан «Қабанбай батыр – Жалғызқұдық – Оразақ» облыстық маңызы бар автожолына жөндеу жүргізсін 2019 жылғы1 қарашаға дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Орындалуда.2018 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен автожолды орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленді. Жобаның жалпы құны – 2,1 млрд. теңге.2019 жылы жобаны іске асыруды бастау үшін 972,5 млн. теңге бөлінді (РБ - 671,6 млн. тг, ОБ - 300,9 млн. тг).2018 жылы мердігер ұйым «АБК-Автодор НС» ЖШС шарт жасалды, жұмысты бастау а.ж. мамырға жоспарланды.
Құрылған күні: 12.04.2018 10:45
Жаңартылған күні: 04.04.2019 15:00
Қаралым саны: 3726
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75