Ақмола облысы әкімінің өкімімен бекітілген 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен көтерілген мәселелерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша

№р/б Тапсырманың мазмұны Орындау мерзімі Орындаушылар Ескерту
Көкшетау қаласы
1. Краснояр трассасының бойындағы тұрғын үй ауданында оқу-тәрбиелеу кешеніне сумен қамсыздандырудың инженерлік тораптарын салу және іске қосу. 2018 жылғы31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ Ұсыныс орындалуда.124,3 млн.теңге сомасына оң мем.сараптамасымен жоба әзірленді (03.11.2015 №12-0300/15).Облыстық бюджеттен қаражат толық көлемде бөлінді.2018 жылғы 28 сәуірде Краснояр трассасының бойында тұрғын ауданға оқу-тәрбиелеу кешеніне сумен қамсыздандырудың инженерлік тораптарын салуға және пайдалануға беруге конкурс жариялау жоспарланды.
2. «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК РК-2 қазандығын салуға және реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу. 2018 жылғы31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ Ұсыныс орындалуда.Энергетика және ТҮКШ басқармасымен РК-2 қазандығын реконструкциялауға және салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджет қаражатын бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды. Бұл мәселе бюджеттік комиссияның отырысында қаралатын болады.
3. Шевченко көшесін (Сәдуақасов көшесінен Горький көшесіне дейін) ағымдағы жөндеу. 2018 жылғы31 желтоқсанға дейін Көкшетау қаласының әкімдігі Ұсыныс орындалуда.2018 жылғы 10 наурызда Көкшетау қ. Шевченко көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша әлеуетті өнім беруші анықталған жағдайда Шевченко көшесіне ағымдағы жөндеу басталады.
Степногорск қаласы
4. Облыстық маңызы бар Шаңтөбе – Балкашино жолының учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізу, (10 км) 2018 жылғы1 қарашаға дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Ұсыныс орындалуда.Облыстық мәслихаттың жуық арадағы сессиясында «Балкашино-Шаңтөбе» облыстық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеуге қаржы қаражатын қайта бөлу мәселесі қаралатын болады.
5. Облыстық маңызы бар Ақсу – Бестөбе – Изобильное жолына ағымдағы жөндеу жүргізу (45 км) 2018 жылғы1 қарашаға дейін «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Ұсыныс орындалуда.Облыстық мәслихаттың жуық арадағы сессиясында «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» облыстық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеуге қаржы қаражатын қайта бөлу мәселесі қаралатын болады.
Бұланды ауданы
6. Макинск қ. жүзу бассейнінің құрылысын аяқтау 2018 жылғы31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ Ұсыныс орындалуда.2018 жылғы 7 наурызда облыстық құрылыс басқармасымен 31,6 млн.теңге сомасына Макинск қаласында жүзу бассейнінің құрылысын аяқтауға конкурс жарияланды. 2018 жылғы 27 наурызда конкурстық өтінімдерді ашу жүргізілді. Берілген өтінімнің саны – 1 (қатысушы «Арлан-100»). Конкурс өткізілген жоқ деп танылды, себебі 2018 жылғы 28 наурызда өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша «Арлан» ЖШС «Өтінімді қағаз түрінде қамтамасыз етудің немесе кепілдік берілген ақша жарнасының болмауы» себебі бойынша біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп танылды. Осыған байланысты, а.ж. 5 сәуірде екінші конкурс жарияланды, конкурстық өтінімдерді ашу а.ж. 20 сәуірде өтеді.
Егіндікөл ауданы
7. Алакөл мектеп-балабақшасына күрделі жөндеу жүргізу 2018 жылғы1 қыркүйекке дейін Егіндікөл ауданының әкімдігі Ұсыныс орындалуда.Конкурс 2018 жылғы 03 наурызға жарияланды. Конкурсқа қатысуға 13 өтінім келіп түсті. 2018 жылғы 01 мамырға дейін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты шектеулердің болу мәніне алдын ала білікті іріктеумен конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілер (13 өтінім) берушілердің өтінімдерін конкурстық комиссиямен қарау рәсімі өтеді.
Ерейментау ауданы
8. Ерейментау қаласының Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу 2018 жылғы31 желтоқсанға дейін Ерейментау ауданының әкімдігі Ұсыныс орындалуда.2018 жылғы 30 наурызда өтінімдерді ашу және ашудың тиісті хаттамасын веб-порталда орналастыру өтті.2018 жылғы 13 сәуірге дейін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты шектеулердің болу мәніне алдын ала білікті іріктеумен конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілер (28 өтінім) берушілердің өтінімдерін конкурстық комиссиямен қарау рәсімі өтеді.
Құрылған күні: 12.04.2018 10:45
Жаңартылған күні: 12.04.2018 10:45
Қаралым саны: 1109

Қаз Рус Eng