Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының елді мекендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Елдi мекендердi бас жоспарлармен, егжей-тегжейлi жоспарлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында сәулет және қала құрылысы басқармасымен белгiлi бiр жұмыс жүргiзiледi.

Бүгiнгi таңда, облыстың 622 елдi мекенiнiң iшiнен 482 бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген, бұл 77,5% құрайды, оның iшiнде 104 елдi мекен бойынша жаңа бас жоспарлар әзiрлендi.

Қазiргi уақытта, барлық облыстық маңызы бар қалалар, сондай-ақ барлық 17 аудан орталығы, аудандық маңызы бар 8 шағын қаланы қоса алғанда, 100%-ға жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етiлдi.

Облыс елдi мекендерiн қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкiмiнiң орынбасарымен «Жаңа және қолданыстағы бас жоспарларды түзету, даму және құрылыс схемаларын, 2020 жылға дейiн егжей-тегжейлi жоспарлау жобасын әзiрлеу бойынша жол картасы» әзiрленiп бекiтiлдi.

2018 жылы облыс бойынша келесi қала құрылысы жобалары бекiтiлдi: Бестөбе кентiнiң ЕЖЖ бiрiктiрiлген бас жоспары, Есiл ауданының Ақсай а., Жарқайың ауданының Уәлиханов, Достық а., Зерендi ауданының Еленовка а., Ерейментау ауданының Новомарковка а., Егiндiкөл а., Бауманское а., Арашалы ауданының Анар а., Целиноград ауданы Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Жаңғызқұдық, Приречное, Красноярка, Семёновка, Оразақ, Тасты ауылдарының дамыту және құрылыс схемалары; Целиноград ауданы Қараөткел, Қоянды, Талапкер ауылдарының бас жоспарын түзету, Степногорск қ. «Солнечный» шағын ауданының ЕТЖЖ, Көкшетау қаласы бойынша 14 ЕЖЖ бекiтiлдi.

2018 жылы Аршалы ауданының Жiбек жолы мен Қостомар а., Шортанды ауданының Бозайғыр мен Төңкерiс а. бас жоспарларын түзету, сонымен қатар Аршалы ауданының Ижевское және Шөптiкөл ст., Шортанды ауданының Бектау, Раевка, Новографское ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзiрлеу және Целиноград ауданының Қосшы және Ы.Алтынсарин ауылдарының ЕТЖЖ әзiрлеу орындалды.

Сондай-ақ, Жарқайың ауданының Отрадное, Кенское а., Бурабай ауданының Қызылағаш, Қымызнай а., Зерендi ауданының Шағалалы ст. даму және құрылыс схемаларын, Зерендi а. ЕТЖЖ әзiрлеу жүргiзiлдi. Сонымен қатар, Щучинск қаласының Светлый шағын ауд. ЕТЖЖ әзiрлеу және Бурабай ауданының Бурабай к. ЕТЖЖ түзету және Көкшетау қ. бойынша үлескерлердiң қаражатымен 10 ЕТЖЖ әзiрлеу жүргiзiлуде.

Ақкөл ауданының Красный Горняк пен Радовка ауылдарының топографиялық түсiрiлiмi орындалды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:21
Жаңартылған күні: 08.01.2019 17:14
Қаралым саны: 6862
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75