Ақмола облысының елді мекендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Елдi мекендердi бас жоспарлармен, егжей-тегжейлi жоспарлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында сәулет және қала құрылысы басқармасы белгiлi бiр жұмыстарды жүргiзедi.

Бүгiнгi күнi облыстың 622 елдi мекендерiнен, 480 бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген, бұл 77% құрайды, оның iшiнде 91 елдi мекен бойынша жаңа бас жоспарлар әзiрленген.

Қазiргi уақытта барлық облыстық маңызы бар қалалар, сондай-ақ барлық 17 аудан орталықтары, 8 аудандық маңызы бар шағын қалаларды қоса алғанда, 100% — ға жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген.

Облыс елдi мекендерiн қала құрылысы жобаларым қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмiнiң орынбасарымен «Жаңа және қолданыстағыларды бас жоспарларды түзету, даму және құрылысы схемаларын, 2020 жылға дейiн егжей тегжейлi жоспарлау жобасын әзiрлеу бойынша жол картасы» жасалды және бекiтiлдi.

Ағымдағы жылы облыс бойынша келесi қала құрылысы жобалары бекiтiлген: Бестөбе кентiнiң ЕЖЖ бiрiктiрiлген бас жоспары, Есiл ауданының Ақсай а., Жарқайың ауданының Уәлиханов, Достық а., Зерендi ауданының Еленовка а., Ерейментау ауданының Новомарковка а., Егiндiкөл а., Бауманское а., Арашалы ауданының Анар а. дамыту және құрылыс салу схемалары; Целиноград ауданы Қараөткел ауылының бас жоспарын түзету, Степногорск қ. «Солнечный» ықшамауданының ЕЖЖ, Көкшетау қаласы бойынша 14 ЕЖЖ бекiтiлдi.

Целиноград ауданының Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Жалғызқұдық, Приречное, Красноярка, Семеновка, Оразақ, Тасты а., Есiл ауданының Заречное елдi мекендерiнiң дамыту және құрылыс салу схемалары, Целиноград ауданы Қоянды, Талапкер ауылдарының бас жоспарын түзету бекiту сатысында.

Ағымдағы жылы Аршалы ауданының Жiбек жолы мен Қостомар а., Шортанды ауданының Бозайғыр мен Төңкерiс а. бас жоспарларын түзету жүргiзiлуде, сонымен қатар Аршалы ауданының Ижевское және Шөптiкөл ст., Шортанды ауданының Бектау, Раевка, Новографское ауылдарының даму және құрылыс салу схемаларын әзiрлеу және Целиноград ауданының Қосшы а. Ежж әзiрлеу басталды.

Сондай-ақ, Жарқайың ауданының Отрадное, Кенское а., Бурабай ауданының Қызылағаш, Қымызнай а., Зерендi ауданының Чаглинка ст. даму және құрылыс салу схемаларын және Зерендi а. ЕЖЖ әзiрлеу жүргiзiлуде. Сонымен қатар, Щучинск қаласының Светлый ықш. ауд. ЕЖЖ әзiрлеу және Бурабай ауданының Бурабай к. ЕЖЖ түзету және Көкшетау қ. бойынша үлескерлердiң қаражатымен 10 ЕЖЖ әзiрлеу жүргiзiлуде.

Ақкөл ауданының Красный Горняк және Радовка а. топографиялық түсiрiлiмi орындалды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:21
Жаңартылған күні: 09.10.2018 11:01
Қаралым саны: 4297
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng