Ақмола облысының елді мекендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Ақмола облысында 622 елдi мекеннiң 477 бас жоспарларымен қамтамасыз етiлген, бұл 76,7% құрайды.

2006-2017 жылдар кезеңiнде Ақмола облысының 91 елдi мекенi бойынша жаңа бас жоспарлар әзiрлендi, оның iшiнде Көкшетау және Степногорск облыстық маңызы бар қалалар, сондай-ақ барлық 17 аудан орталықтары, оның iшiнде 8 қала жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етiлдi.

Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу кезiнде негiзгi екпiн облыстық маңызы бар қалалардың, аудан орталықтарының, сондай-ақ Астана қаласының қала маңы аймағының қарқынды дамып келе жатқан елдi мекендерiнiң және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының бас жоспарларымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана қаласының қала маңы аймағы бойынша

Астана қаласының қала маңы аймағына кiретiн 80 елдi мекеннiң 62-сi бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген, бұл ретте олардың 38-i жаңалары. 2016 жылы Целиноград ауданының Қараөткел, Қажымұқан ауылдарының бас жоспарларын түзету басталды. 2017 жылы Целиноград ауданының Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Красноярка, Оразақ, Жалғызқұдық, Тасты, Семеновка (1 кезең), Приречный (1 кезең) ауылдарының және Аршалы ауданының Анар станциясын дамыту және құрылыс салу схемалары әзiрлендi.

2018 жылы қала маңы аймағы бойынша: Аршалы ауданының Қостомар, Ижевское, Шөптiкөл ст., Шортанды ауданының Раевка, Бектау, Новографское а. дамыту және құрылыс салу сызбалары, Целиноград ауданының № 96 разъезд және Қосшы а. ЕЖЖ, түзету: Аршалы ауданының Жiбек жолы а. ЕЖЖ-мен бас жоспарлары, Шортанды ауданының Бозайғыр а. және Төңкерiс ст. дамыту және құрылыс салу сызбалары әзiрленуде.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бойынша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 қаулысымен бекiтiлген Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған жоспарының 11 және 49-тармақтарын (II кезең) орындау үшiн 2016 жылы: Бурабай әкiмшiлiк ауданының қала құрылысын жоспарлау мен аумағын дамытудың кешендi жобасын, сондай-ақ Щучинск қ. ауданы 776 га ЕЖЖ түзету бекiтiлдi.

2018 жылы Бурабай ауданы бойынша Қызылағаш және Қымызнай ауылдарын дамыту және құрылыс салу сызбасын әзiрлеу, Бурабай кентiнiң ЕЖЖ түзету және Щучинск қаласының Светлый ықш. ауд. ЕЖЖ әзiрлеу жүргiзiлуде.

Бурабай ауданының 52 елдi мекендерiнiң iшiнде 47-сi бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген, оның iшiнде 12 жаңа.

Көкшетау қаласы бойынша

2008 жылы бекiтiлген Көкшетау қаласының 2010-2017 жылдарға арналған бас жоспарына сәйкес 58 учаске бойынша егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары әзiрлендi және бекiтiлдi, оның iшiнде 2016 жылы Уәлиханов көшесiндегi 312 га алаңдағы ТЖЖ әзiрлендi. 2017 жылы ауданы 194 га құрайтын 3 ауданға ЕЖЖ әзiрлендi.

Сонымен қатар, 2016 жылы Жарқайың ауданының Тасөткел а., Жақсы ауданының Ишимское а. дамыту және құрылыс салу сызбалары, Зерендi ауданының Садовое а. бас жоспарын түзету және Зерендi а. ЕЖЖ әзiрлеу, Аршалы ауданының 42 разъездi дамыту және құрылыс салу сызбасын түзету әзiрлендi және бекiтiлдi.

2017 жылы Степногорск қаласының Солнечный шағын ауданының ЕЖЖ әзiрлендi және бекiтiлдi. Бестөбе а. ЕЖЖ-мен бас жоспар, Зерендi ауданының Еленовка а., Жарқайың ауданының Достық және Уәлиханов а., Егiндiкөл ауданының Бауманское а., Ерейментау ауданының Новомарковка а., Есiл ауданының Ақсай және Заречное ауылдарын (1 кезең) дамыту және құрылыс салу схемалары бекiтiлдi.

2018 жылы Жарқайың ауданының Отрадное, Кенское а., Зерендi ауданының Чаглинка а. және Зерендi а. ЕЖЖ дамыту және құрылыс салу сызбалары әзiрленуде және Ақкөл ауданының Красный горняк және Радовка ауылдарының топографиялық түсiрiлiмдерiн орындау жоспарлануда.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:21
Жаңартылған күні: 11.09.2018 14:19
Қаралым саны: 3914

Қаз Рус Eng