2018 жылғы 12 сәуірде шығып қалған ауылдық округ әкімдерінің орындарына сайлауға үміткерлерді ұсыну қорытындысы туралы ақпарат

Шығып қалған ауылдық округ әкiмдерiнiң орындарына және әкiмдердiң кезектi сайлауына дайындық аудандық сайлау комиссияларының 2018 жылғы 3 наурыздағы қаулыларымен бекiтiлген сайлауға дайындалу және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес өткiзiледi.

2017 жылдың 26 ақпанынан (шығып қалған ауылдық округ әкiмдерiнiң орындарына сайлау өткiзу күнi) бергi кезеңде 3 ауылдық округ әкiмi лауазымынан босату туралы өтiнiш бердi.

Ауылдық округтердiң әкiмдерi жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен және облыс әкiмiмен келiсiлгеннен кейiн босатылды.

Жалпы облыс бойынша 2018 жылғы 12 сәуiрде шығып қалған 3 ауылдық округ әкiмдерiнiң орындарына сайлауы өткiзiледi (Зерендi ауданының Зерендi ауылдық округi, Целиноград ауданының Рыхымжан Қошқарбаев ауылдық округi, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округi).

2018 жылғы 16 наурызда ауылдық округтер әкiмдерiне үмiткерлердi ұсыну рәсiмi аяқталды.

Үш ауданның әкiмдерi ауылдық округтер әкiмдерiне 9 үмiткер ұсынды.

Ұсынылған үмiткерлер 2 ұлттың өкiлдерi болып табылады: қазақтар — 7 (77,7%), орыстар — 2 (22,3%), ерлер — 6 (66,6%), әйелдер — 3 (33,4%).

Үмiткерлердiң орташа жасы — 36 жас.

2018 жылғы 27 сәуiрге дейiн ауылдық округтер әкiмдерiне үмiткерлер тiркеу рәсiмiнен өтедi, сайлау алдындағы үгiт 2018 жылғы 28 наурызда басталып 10 сәуiрде аяқталады.

Құрылған күні: 19.03.2018 15:07
Жаңартылған күні: 19.03.2018 15:07
Қаралым саны: 2610
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng