Ауылдық округтердің шығып қалған әкімдерінің орнына әкімдер сайлауын өткізудің қорытындылары туралы

Шығып қалған ауылдық округтер, ауылдар әкiмдерiнiң орнына сайлауды дайындау мен өткiзу «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлкеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шараларының бекiтiлген күнтiзбелiк жоспарларына және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларына сәйкес 2018 жылғы 3 наурызда өткiзiлдi.

2018 жылғы 12 сәуiрде облыстың 3 ауданында шығып қалған әкiмдердiң орнына әкiмдердi сайлау өткiзiлдi:

Зерендi ауылдық округi — Зерендi ауданы;

Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округi — Целиноград ауданы;

Қорғалжын ауылдық округi — Қорғалжын ауданы.

Облыста сайлау өткiзудi ұйымдастыру үшiн, 3 дауыс беру пунктi құрылды.

Сайлау өткiзуге облыстық бюджеттен 420,0 мың теңге бөлiндi.

Тiркелген үмiткерлер 2 ұлт өкiлдерi болып табылады: қазақтар — 7 (77,7%), орыстар — 2 (22,3%), ерлер — 6 (66,6%), әйелдер — 3 (33,4%). Үмiткерлердiң орташа жас мөлшерi — 36 жас.

Ауылдық округтер әкiмдерiне 9 үмiткер сайлауға қатысты.

Сайлау «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлкеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» ҚР Заңының талаптарын қатаң сақтай отырып өткiзiлдi.

Сайлаушылардың отырыстарына аудандық мәслихаттардың 36 депутатының 33-сi (91,7%) қатысты.

Сайланған әкiмдер екi ұлт өкiлiнен, қазақтар — 2 (83,3%), орыстар — 1 (16,7%), ерлер — 2 (83,3%), әйелдер — 1 (16,7%).

Сайланған әкiмдердiң орташа жас мөлшерi — 41 жас.

Сайланған әкiмдердiң бәрi «Нұр Отан» партиясының мүшелерi болып табылады.

Дауыс беру күнi үмiткерлердiң сенiмдi өкiлдерi, саяси партиялардың, аудандық БАҚ-тардың өкiлдерi қатысты.

Аумақтық сайлау комиссияларының 2018 жылғы 12 сәуiрдегi қаулыларымен 3 сайланған әкiмдер тiркелдi.

Сайлау қорытындылары туралы ақпарат және сайланған әкiмдердi тiркеу туралы хабарландыру жергiлiктi БАҚ-тарда жарияланды, сондай-ақ Интернет-ресурстарда орналастырылды.

Сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн, сайлаушылардың отырыстарын өткiзудiң бiрыңғай тәртiбi мен регламентi әзiрлендi, дауыс берудi өткiзу және дауыстарды есептеу бойынша бiрыңғай ұстаным дайындалды, уақыт бойынша барлық үдерiс есептелдi.

Құрылған күні: 13.04.2018 16:06
Жаңартылған күні: 19.04.2018 10:19
Қаралым саны: 1534

Қаз Рус Eng