Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы ақпарат

Ауылдардың, ауылдық округтердiң шығып қалған әкiмдерiнiң орнына әкiмдер сайлауды өткiзудiң қорытындылары туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi Жарлығына (бұдан әрi — ҚР Президентiнiң Жарлығы) және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешiмдерiмен бекiтiлген сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес, а.ж. 10 қазанда облыстың 4 ауданында ауылдық округтер мен ауылдардың шығып қалған әкiмдерiнiң орнына әкiмдердi сайлау өткiзiлдi.

Егiндiкөл ауданының Бауманское ауылы;

Жарқайың ауданының Бiрсуат ауылы;

Зерендi ауданының Ақкөл, Исаковское ауылдық округi;

Сандықтау ауданының Балкашино ауылдық округi.

Облыста сайлау өткiзудi ұйымдастыру үшiн, 4 дауыс беру пунктi құрылды.

Сайлау өткiзуге облыстық бюджеттен 850,0 мың теңге бөлiндi.

Тiркелген үмiткерлер 2 ұлт өкiлдерi болып табылады: қазақтар — 10 (66,7%), орыстар — 5 (33,3%), ерлер — 10 (66,7%), әйелдер — 5 (33,3%).

Үмiткерлердiң орташа жас мөлшерi — 46 жас.

«Зерендi ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы» РММ а.ж. 6 қазандағы №ОНА-03/2367 хаты негiзiнде аудандық сайлау комиссиясының Ж.К.Қалабаевты Ақкөл ауылдық округiнiң әкiмiне үмiткер етiп тiркеу туралы шешiмiнiң күшi жойылды.

Ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдерiне 14 үмiткер сайлауға қатысты.

Сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi Жарлығының талаптарын қатаң сақтай отырып өткiзiлдi.

Сайлаушылардың отырыстарына аудандық мәслихаттардың 47 депутатының 42-сы (86,36%) қатысты.

Сайланған әкiмдер тұрғылықты халық өкiлдерi, мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi, ер азаматтар — 4 (80,0%), әйелдер — 1 (20,0%).

Сайланған әкiмдердiң орташа жас мөлшерi — 41 жас.

Дауыс беру күнi үмiткерлердiң сенiмдi өкiлдерi, саяси партиялардың, аудандық БАҚ-тардыңөкiлдерi қатысты. Аумақтық сайлау комиссияларының а.ж. 10 қазандағы қаулыларымен барлық сайланған 5 әкiм тiркелдi.

Сайлау қорытындылары туралы ақпарат және сайланған әкiмдердi тiркеу туралы хабарландыру жергiлiктi БАҚ-тарда жарияланды, сондай-ақ Интернет-ресурстарда орналастырылды.

Сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн, сайлаушылардың отырыстарын өткiзудiң бiрыңғай тәртiбi мен регламентi әзiрлендi, дауыс берудi өткiзу және дауыстарды есептеу бойынша бiрыңғай ұстаным дайындалды, уақыт бойынша барлық үдерiс есептелдi.

Құрылған күні: 18.09.2017 18:13
Жаңартылған күні: 11.10.2017 16:55
Қаралым саны: 3228

Қаз Рус Eng