2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орындарына өткізілген сайлаудың қорытындысы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, 2018 жылғы 25 наурызда Ақмола облысында келесi сайлау округтерi бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орындарына сайлау өткiзiлдi:

Астрахан аудандық мәслихатына №6 сайлау округi бойынша (Астраханка а.);

Бiржан сал аудандық мәслихатына №7 сайлау округi бойынша (Краснофлот а., Заозерное а., Аңғал батыр а., Жаңалық а.);

Целиноград аудандық мәслихатына №5 сайлау округi бойынша (Мәншүк а., Жалғызқұдық а., Красноярка а., Сарыкөл а.).

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орындарына сайлауға 16 сайлау комиссиясы қатыстырылды, соның iшiнде: 1 — облыстық, 3 — аудандық аумақтық, 3 — округтiк, 9 — учаскелiк сайлау комиссиялары, 4194 сайлаушы.

Сайлауға дайындық Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 22 қаңтардағы шешiмiмен бекiтiлген негiзгi iс-шараларының күнтiзбелiк жоспарына қатаң сәйкестiлiкте жүргiзiлдi.

Белгiленген мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерiнiң шекаралары мен орналасқан жерлерi, аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының құрамдары, сондай-ақ депутаттарды ұсыну мен тiркеу туралы ақпараттар жарияланды. Сайлаушылардың тiзiмдерiн анықтау, сайлау учаскелерiн рәсiмдеу және материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары жүргiзiлдi.

Ұсынылған 11 кандидаттың 9-ы тiркелдi.

1 кандидат тiркелмедi, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 104-бабы, 6-тармағындағы 3-1-тармақшасына (кандидаттық жарна төлемеу) сәйкес, Астрахан ауданында №7 округтiк сайлау комиссиясы 2018 жылғы 22 ақпанда екi кандидатты тiркеуден бас тартты.

Осыған байланысты бюллетенге 9 кандидат енгiзiлдi.

Тiркелген кандидаттардың орташа жасы — 38, 2 ұлт өкiлдерi, қазақтар — 8, орыстар — 1, ерлер — 6, әйелдер — 3. 6 кандидаттың жоғары бiлiмi бар, орташа арнайы — 3.

4 (33,34%) кандидат мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi болып табылады, 5 (66,66%) — мемлекеттiк емес сектордiкi.

Бюллетендер учаскелiк сайлау комиссияларына 2018 жылғы 23 наурызда жеткiзiлдi.

Сайлау өткiзуге республикалық бюджеттен 11270 мың теңге бөлiндi.

Сайлау өткiзу күнi облыс әкiмiнiң аппаратында мониторинг жүргiзу және орын алған ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын жедел шешу мақсатында кезекшiлiк ұйымдастырылды.

Жалпы, облыс бойынша сайлаушылардың келуi 89,10%, құрады, соның iшiнде аудандық мәслихаттарға (Астрахан — 84,27%, Бiржан сал — 89,19%, Целиноград — 92,62%).

Сайлау өткiзу күнi сайлау учаскелерiнде 28 БАҚ өкiлдерi және кандидаттардың сенiмдi тұлғалары қатысты, соның iшiнде, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бiрлестiгiнен — 11, кандидаттардың сенiмдi тұлғалары — 16 және БАҚ — 1.

Сайлаушылар мен бақылаушылар тарапынан сайлау комиссияларының жұмыстарына шағым мен ескертулер түскен жоқ.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы мүшелерiнен кандидаттар мәслихат депутаттары болып сайланды:

Астрахан аудандық мәслихаты:

№6 сайлау округi — Бейсенбенов Асхат Амангелдiұлы (70,62%) — 1988 жылы туған, Ақмола облысы, Астрахан ауданы кәсiпкерлер палатасы филиалының директоры;

Бiржан сал аудандық мәслихаты:

№ 7 сайлау округi — Ақышев Самат Қажыбайұлы (77,86%) — 1980 жылы туған, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» ҰАҚ Ақмола облысы бойынша департаментi Бiржан сал ауданы бөлiмiнiң басшысы;

Целиноград аудандық мәслихаты:

№ 4 сайлау округi — Қойлыбаев Ғалым Жақсылықұлы (87,64%) — 1971 жылы туған, Целиноград ауданы «Маншук-АЭ» ЖШС директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары.

Құрылған күні: 27.03.2018 09:39
Жаңартылған күні: 27.03.2018 09:39
Қаралым саны: 1336

Қаз Рус Eng