«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

(2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 25 тамыздағы №522 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасының аясында, жүзеге асыру сәтiнен бастап 828 жоба мақұлданды:

–сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша (1,2,3 — бағыттар): 97 404,9 млн. теңге сомасына 588 жоба;

–ШОБ кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру: 2,8 млрд. теңге берiлген кепiлдiк сомасына 124 жоба;

–жетiспейтiн инфрақұрылымдарды тарту бойынша: 11 675,3 млн. теңге инфрақұрылымдарды жеткiзу сомасына 45 жоба, оның iшiнде 2018 жылы 106,3 млн. теңге сомасына 1 жоба;

–гранттық қаржыландыруға 199,5 млн. теңге грант сомасына 71 жоба, оның iшiнде 2018 жылы 40,0 млн. теңге сомасына 18 жоба;

«Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары» төртiншi бағыт аясында:

Қолданыстағы бизнеске сервистiк қолдау көрсету.

Сервистiк қолдау облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Көкшетау және Степногорск қалаларында менеджерлер жұмысына кеңесшiлердi қатыстыру жолымен жұмыс iстейтiн кәсiпкерлерге өз бетiнше көрсетiледi. Қолдау сегiз қызмет түрi бағытында көрсетiледi. Жалпы алғанда, 2014 жылы сервистiк қолдау 909 кәсiпкерге, 2015 жылы 1677 кәсiпкерге, 2016 жылы 2529 кәсiпкерге, 2017 жылы 2686 кәсiпкерге көрсетiлдi. 2018 жылдың 1 қазанына — 2067 кәсiпкерге.

Моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықты КҚО арқылы мынадай түрлерi бойынша ақпараттық қамтамасыз ету:

Кәсiпкерлер мен халықты ақпараттық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер Ақмола облысы бойынша барлық аудан орталықтарында, шағын қалаларда, Степногорск қ. моноқаласында жұмыс iстеп тұрған 18 кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

2015 жылы менеджер кеңесшiлермен 20147 кеңес, 2016 жылы 14 746 кеңес, 2017 жылы 17870 кеңес берiлдi. 2018 жылғы 1 қазанына 15 305 кеңес берiлдi.

«Бизнес-Кеңесшi», «Бизнес Өсу» оқыту жобалары, салалар бойынша жобалық оқыту

2015 жылы «Бизнес-мектеп» компонентi аясында оқыту жобаларын iске асыру басталды. «Бизнес-Кеңесшi», «Бизнес-Өсу» оқыту жобалары, салалар бойынша жобалық оқыту iске асырылуда. 2015 жылы «Бизнес-Кеңесшi» компонентi аясында 1021 адам, 2015 жылы «Бизнес Өсу» компонентi аясында облыстың 120 жұмыс iстейтiн кәсiпкерi, жобалық оқыту бойынша 2015 жылы тәлiмгерлiк қағидасымен 65 кәсiпкер оқудан өттi. 2016 жылы «Бизнес-Кеңесшi» компонентi аясында 852 адам, 2016 жылы «Бизнес Өсу» компонентi аясында облыстың 100 жұмыс iстейтiн кәсiпкер, жобалық оқыту бойынша 64 кәсiпкер оқудан өттi

2017 жылы «Бизнес-Кеңесшi» компонентi аясында 1117 адам, «Бизнес-Өсу» компонентi аясында 100 адам оқытылды. «Жас кәсiпкер мектебi» аясында 60 адам, жобалық оқытудан 60 адам өттi.

2018 жылдың 1 қазанына Бизнес-Кеңесшi» компонентi аясында 796 адам оқытылды, «Бизнес-Өсу» компонентi аясында 30 адам.

2018 жылдың 1 қазанына «Iскери байланыстар» құралын iске асыру аясында 18 кәсiпкер.

2016 жылы «Iскери байланыстар» компонентi бойынша шағын және орта бизнес субъектiлерi тарапынан 32 өтiнiм келiп түстi, 29 кәсiпкер, 2017 жылы 38 кәсiпкер оқытылды. 2018 жылдың 1 қазанына 18 кәсiпкер оқытылды.

ШОБ топ-менеджментiне оқыту бойынша «Назарбаев Университетi» АҚ жанында ШОБ топ-менеджментiне оқыту бойынша 2009-2016 жылдар кезеңiнде 113 адам, 2017 жылы аталған жоба бойынша 23 ЖКС оқудан өттi (операторы — «Даму» КДҚ).

«Аға Сеньорлар» оқыту компонентiн iске асыру «Аға Сеньорлар» компонентi бойынша 2016 жылы 3 өтiнiм қабылданды, кәсiпорындарда 3 сараптамалық миссия ұйымдастырылды.

2017 жылы 6 шетелдiк миссия ұйымдастырылды. 2018 жылы 3 миссия жүзеге асырылды.

Кәсiпкерлiкке ұтқыр қызмет көрсету орталығымен (КҰҚКО) 1446 клиентке 2415 кеңес, 2017 жылы 615 кеңес. 2018 жылдың 1 қазанына 360 кеңес берiлдi.

Құрылған күні: 16.04.2015 11:26
Жаңартылған күні: 12.10.2018 15:05
Қаралым саны: 4488
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng