Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы
мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың барысы туралы
ақпарат

Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасы келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

-Сатып алусыз жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы;

-Кредиттiк тұрғын үй құрылысы;

-Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

-Жеке тұрғын үй салушылармен құрылысын ынталандыру;

-Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн тарта отырып, тұрғын үй құрылысы.

2018 жылы тұрғын үй құрылысына 8,1 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 5,7 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 2,4 млрд. теңге тартылды, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңнен 48%-ға жоғары.

2018 жылы 473,6 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру күтiлуде немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 111% (426,4 мың шаршы метр). «Сатып алусыз жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша бүгiнгi таңда 22,6 мың м2 жалға берiлетiн тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде:

-Республикалық бюджет қаражатының есебiнен 14,7 мың м2 (Көкшетау қ. 38,6 га учаскесiнде бес 40 пәтерлi т.ү., Сандықтау ауданында бiр 18 пәтерлi т.ү., Бурабай ауданының Щучинск қ. 45 пәтерлi т.ү.);

-облыстық бюджет қаражатының есебiнен — 7,8 мың м2 (Қосшы ауылында 45 пәтерлi тұрғын үй, Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында 2 пәтерлi тұрғын үй, Астрахан ауданының Астраханка ауылында 36 пәтерлi тұрғын үй, Атбасар ауданының Атбасар қаласында 45 пәтерлi тұрғын үй).

«Кредиттiк тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту есебiнен бағалы қағаздар шығару жолымен 2017 жылдан бергi өтпелi 12,1 мың м2 ауданымен үш 45 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлдi (Көкшетау қ. үш 45 пәтерлi т.ү.: Көктем ш/а, 11Б, Центральный ш/а, 55Б (1-поз. және 2-поз.).

«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағдарламасының бағыты аясында 2018 жылы сумен жабдықтау желiлерiн салуға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлiндi (585,129 млн. теңге сомасына 7 жоба, ҚР ИДМ ҚIК) және электрмен жабдықтау (917,861 млн. теңге сомасына 9 жоба, ҚР ЭМ). 2018 жылдың қорытындысы бойынша 431 жер учаскесi инженерлiк желiлермен қамтамасыз етiлдi (Атбасар қ. 69 участок, Аршалы к. 200 участок, Аршалы ауданы Ақбұлақ а. 77 участок, Степногорск қ. 85 участок). Бүгiнгi таңда, Аршалы ауданының Аршалы к., Ақбұлақ кентiнде, Атбасар қ., Степногорск қ. сумен жабдықтау желiлерiн, сондай-ақ Аршалы ауданы Ақбұлақ кентiнде электрмен жабдықтау желiлерiн пайдалануға қабылдау актiсiмен iске қосылды. Барлығы 23 км тартылды (оның iшiнде — 20,2 км сумен жабдықтау тораптары, 2,8 км электрмен жабдықтау желiлерi).

Облыс орталығында және облыстың жекелеген аудандарында жеке меншiк компаниялардың көп қабатты тұрғын үй құрылысы белсендi жүргiзiлуде. Бұл «жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағытына сәйкес келедi. Бағдарламаның осы бағыты шеңберiнде мәселелер Тұрғын үй құрылысы мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк үйлестiру кеңесi арқылы шешiледi. ӨҮК 2017 жылы бiр жобаны субсидиялау, 2018 жылы 1,8 млрд.теңге сомасына 6 жобаны субсидиялау мақұлданды (2017 жылы ӨҮК бiр отырысы өткiзiлдi, 550,0 млн.теңге сомасына Көкшетау қаласында тұрғын үй құрылысына ЕДБ берiлетiн кредитi бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау мақұлданды (Банк ЦентрКредит). 2018 жылы ӨҮК үш отырысы өткiзiлдi және 1,8 млрд.теңге сомасына 6 жобаны субсидиялау қарастырылған АТФ Банк, ЦентрКредит Банкi, «Сбербанк России» АҚ).

Құрылған күні: 20.06.2018 09:14
Жаңартылған күні: 15.01.2019 16:36
Қаралым саны: 3354
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng