Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы
ақпарат

2017 жылдың қаңтарынан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы басталды (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекiтiлген), онымен бұрынғы барлық тұрғын үй бағдарламалары бiрiктiрiлдi («Қолжетiмдi баспана», «Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы», «Нұрлы жол»).

Ақмола облысында жаңа бағдарламаның келесi бағыттары iске асырылуда:

1)сатып алу мүмкiндiгiнсiз жалға берiлетiн тұрғын үй салу;

2)кредиттiк тұрғын үй салу;

3)жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

4)жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.

2018 жылға 9,6 млрд. теңге қарастырылған, оның iшiнде:

-республикалық бюджеттен — 6,1 млрд. теңге,

-облыстық бюджеттен — 2,2 млрд теңге,

-«Бәйтерек» АҚ-ның мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығару арқылы — 1,3 млрд. теңге.

2018 жылы жалпы ауданы 29 мың шаршы метр (511 пәтер) жалға берiлетiн 14 тұрғын үйдi пайдалануға енгiзу жоспарлануда.

-РБ есебiнен — 10 жалға берiлетiн үй немесе 21,4 мың шаршы метр немесе 383 пәтер (Көкшетау қ. сегiз 40 п. т.ү., Балкашино а. 18 п. т.ү. Щучинск қ. 45 п. т.ү.);

-жалпы ауданы 7,6 мың шаршы метрдi құрайтын ОБ есебiнен 4 тұрғын үй немесе 201 пәтер (Қосшы ауылында 45 п. т.ү. (а.ж. наурыз айында пайдалануға енгiзiлдi), Астраханка а. 36 п. т.ү. Атбасар қ. 45 п т.ү., Қорғалжын ауданы Сабынды а. 2 п. т.ү.).

«Бәйтерек» АҚ-ның қаражатын тарту арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесi арқылы несиелiк тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 9,9 мың шаршы метрдi құрайтын 4 кредиттiк үйдi пайдалануға беру жоспарлануда (екi 45 п. т.ү., екi 35 п. т.ү. немесе 160 п.).

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының аясында облыстың 6 ауданында және 2 қаласында тұрғын үй құрылысы басталады. Өңiрлерде инженерлiк инфрақұрылымы бар жер учаскелерi дайындалады.

2018 жылы ИЖЖ аудандарына сумен және электрмен қамсыздандыру желiлерiн салу үшiн республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлiндi. Оларды жүзеге асыру барысында инженерлiк инфрақұрылым 2,5 мың жер учаскелерiн қамтамасыз етедi.

Облыс орталығында және облыстың жекелеген өңiрлерiнде жеке меншiк компаниялардың көп қабатты тұрғын үй құрылысы белсендi түрде жүргiзiлуде. Бұл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағытына сәйкес келедi. Тұрғын үй мәселелерi өңiрлiк үйлестiру кеңесi арқылы шешiледi.

Өткен жылы АӨК бiр жобаны субсидиялау, биылғы жылы 1,8 млрд. теңгеге алты жобаны субсидиялау мақұлданды. (2017 жылы ӨҮК бiр отырысы өткiзiлдi, 550,0 млн.теңге сомасына Көкшетау қ. тұрғын үй құрылысына БВУ берiлетiн кредит бойынша ынталандыру ставкасын субсидиялау мақұлданды (Банк ЦентрКредит). 2018 жылғы өткен кезеңде ӨҮК үш отырысы өткiзiлдi және 1,8 млрд.теңге сомасына 6 жобаны субсидиялау қарастырылды (АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, «Сбербанк России» АҚ).

Құрылған күні: 20.06.2018 09:14
Жаңартылған күні: 11.09.2018 15:18
Қаралым саны: 1565

Қаз Рус Eng