Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Ақмола облысының білім беру жүйесін әлеуметтік-экономикалық дамыту жайлы ақпарат

Ақмола облысы бiлiм беру жүйесiнiң
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы
ақпарат
2018 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

Облыста 603 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы (2017 жылы — 600 мектепке дейiнгi ұйым), оның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (2017 жылы — 227 балабақша және 373 шағын орталық) жұмыс iстейдi, оның iшiнде 1-6 жас аралығында 37091 бала (2017 жылы — 36955 бала) немесе 66,4% (2017 жылы — 66,4%) қамтылған, оның iшiнде 3-6 жас аралығында 31445 бала (2017 жылы — 31445 бала) немесе 97,7% (2017 жылы — 97,7%). Мектеп алды даярлық сыныптарында 5-6 (7) жастағы 9722 бала бiлiм алады.

Жалпы орта бiлiм беру

Облыста 584 мектеп (2016-2017 оқу жылында — 593) жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 565 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп (2016-2017 оқу жылында — 572), 10 кешкi, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттiк емес, 1 Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Оқушылардың құрамы — 120590 (2016-2017 оқу жылында — 117421), оның iшiнде күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептерде — 117830 оқушы (2016-2017 оқу жылында — 114695 бала).

11673 оқушы аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар, тегiн ыстық тамақтанумен 100% қамтамасыз етiлген.

Облыс бойынша 2018 жылғы ҰБТ-ның орташа көрсеткiшi 79,0 балды (2017 жылы — 77,9 балл) құрады.

ЖОО-ға түсу үшiн межелi деңгейден 386 оқушы өте алмады, бұл 11,4% құрайды (2017 жылы — 416 немесе 14,4%).

264 түлек Алтын белгi аттестатын растады, 133 түлек үздiк аттестат алды (100%).

Материалдық-техникалық базасын нығайту және қалыптастыру

Жаңа үлгiдегi кабинеттермен қамтамасыз етiлуi 49,6% құрайды (2017 жылы — 49,3%), барлығы — 986 кабинет.

2018-2019 оқу жылына облыстың мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер (ОӘК) сатып алуға 1 112,1 млн. теңге бөлiндi.

2018 жылы 20 бiлiм беру объектiсiнiң құрылысы мен реконструкциялауы үшiн 5,8 млрд. теңге бөлiнген болатын (РБ — 2,1 млрд. теңге және ЖБ — 3,7 млрд. теңге), оның iшiнде:

Құрылыс:

- 3012 оқушы орнына арналған 8 мектеп (800 орынға — Бурабай ауданы, Щучинск қ., 80 орынға — Бiржан сал ауданы, Невский а., 200 орынға — Сандықтау ауданы, Балкашино а., 300 орынға — Максимовка а., 120 орыннан Целиноград ауданы, Қаражар және Қызылсуат., 900 орынға — Көкшетау қ. Красный Яр жолының бойында 312 орынды ОӘК; Целиноград ауданы Қажымұқан а. 300 орынды мектептiң құрылысы басталды);

- 1540 орынды 7 балабақша (Көкшетау қ. Бурабай ш.а. және Әуезов к-сi 119 бойынша 280 орынды, Целиноград ауданы Талапкер а. мен Қосшы а. 280 орынды, 140 орынды Шортанды ауданы Төңкерiс а. мен Бозайғыр а. және Аршалы ауданы Волгодоновка а.);

- Көкшетау қ., №18 ОМ-не 420 орынға қосымша оқу ғимараты;

- Көкшетау қ., Ақан серi атындағы мәдениет колледжiне жапсаржай құрылысы.

Реконструкциялау:

- Зерендi ауданы, Зерендi а. Мәлiк Ғабдуллин атындағы ОМ-де спорт зал құрылысы мен оқу корпусының ғимараты;

- Қорғалжын ауданы, Арықты а. мектеп-интернат;

- Сандықтау ауданы, Сандықтау а. балалар үйi.

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желiсiн 21,3 мың адамнан астам бiлiм алушылардың жалпы құрамымен 38 оқу мекемесi құрайды. 38 колледжден: 30 — мемлекеттiк және 8 — жеке меншiк. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында 4764 адамды құрайтын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырды, оның iшiнде 4534 студент — ЖБ қаражатының есебiнен, «Серпiн» бағдарламасы аясында РБ қаражатының есебiнен — 230. Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 29 жұмысшы мамандығы бойынша облыстың 19 колледжiне 1190 студент қабылданады.

Оқыту 94 кәсiп (мамандық) және 139 бiлiктiлiк, атап айтқанда: ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кенiсi, қызмет көрсету аясы, өнер және мәдениет мамандықтары, энергетика, машина жасау технологиясы, көлiктi пайдалану және т.б. бойынша жүргiзiледi. Облыстың өңiрлерiн индустриалды-инновациялық дамыту жобалары үшiн мамандарды дайындау басымдылыққа ие болады.

Дуалды жүйенi енгiзетiн колледждердiң саны экономиканың 7 саласы бойынша (металлургия және машина құрылысы, сервис, көлiк (салалар бойынша), құрылыс, тау кен өндiру өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы) 26-ға дейiн өстi және 78,8% құрайды.

Оқытудан кейiн бiрiншi жылы жұмысқа орналасқан, мемлекеттiк тапсырыс бойынша дәрiс алған техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу мекемелерi түлектерiнiң үлесi 95,2% құрайды.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм мен типтiк жастағы (14-24 жас аралығы) жастарды қамту үлесi» нысаналы индикаторы 17,2% құрайды.

Қысқа мерзiмдi кәсiби оқыту бағдарламасы шеңберiнде 1475 адам қамтылатын болады. Осы мақсаттарға 25 колледж бен 7 оқыту орталықтары анықталды. Таңдау жұмысшы бiлiктiлiктерi бойынша мамандарды дайындау критерийлерi бойынша жүргiзiледi.

Бiлiм беру ұйымдары еңбек нарығына қажеттi 117 бiлiктiлiк пен 57 мамандық бойынша қысқа мерзiмдi кәсiби дайындықты жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысы және балалық шақты әлеуметтiк қорғау

Облыста 1877 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оның iшiнде:

- 286 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында;

- 28 денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында;

- 1563 қорғаншылық, қамқоршылықта (1404) патронатта (138), бала асыраушы отбасыларында (21).

Облыста қосымша бiлiм берудiң 100 ұйымы жұмыс iстейдi, оның iшiнде 38918 баланы қамтитын БЖСМ, бұл 33% құрайды. Сонымен қатар, бiлiм беру ұйымдарындағы үйiрмелер мен секцияларда 107291 оқушы қамтылған, бұл 91% құрайды.

Кадр жұмысы туралы

Есеп беру мәлiметтерi бойынша 2017-2018 оқу жылында облыстың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 15010 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оның iшiнде: жоғары бiлiмiмен — 12577 (83,8%), техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмiмен — 2433 (16,2%).

Барлығы 13604 пән мұғалiмдерi бар. Бiлiктiлiк санаттары бойынша: жоғары санатты — 2143 (15,8%), бiрiншi санатты — 4772 (35,1%), екiншi санатты — 3475 (25,5%) және санатсыз 3214 (23,6%).

Бюджеттiң орындалуы

Бiлiм басқармасы 69 ведомствоға бағынысты ұйымдардың әкiмшiсi, 20 бюджеттiк бағдарламалар, оның iшiнде трансферттердiң 3 түрi.

2018 жылғы 1 шiлдеге қаржыландыру жоспары 7 683 626,4 мың теңгенi құрайды, игерiлгенi 7 675 869,3 мың теңге немесе 99,9%.

Игерiлмегенi 7 757,1 мың теңге, оның iшiнде:

Республикалық бюджет: 33,4 мың теңге — еңбекақы қоры кезеңi бойынша үнемдеу.

Жергiлiктi бюджет: 7 723,7 мың теңге:

3 802,2 мың теңге — құжаттарды орындаусыз қайтару (ақша алушылардың дұрыс рәсiмделмеген деректемелерiне сәйкес) «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi облыстық оқу-әдiстемелiк орталығы» КММ, «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, № 1 индустриалдық-техникалық колледжi» КММ;

3 124,0 мың теңге — еңбекақы төлеу, мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi, әлеуметтiк аударымдар, стипендиялар және өзге де ағымдағы шығындар кезеңдерi бойынша үнемдеу;

797,5 мың теңге — спорттық құрал, оқу плакаттарын сатып алу бойынша жеткiзушiмен шарттық мiндеттемелердi орындамауы, (сот талқылауы жүргiзiлуде) «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, № 1 индустриалдық-техникалық колледжi» КММ, «Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, № 4 агротехникалық колледжi» КММ.

Мақаланы құрған күні 11.05.2017 12:28
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2018 15:02
Қаралым саны: 4094
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;