Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ассамблея

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметi туралы ақпарат

Ақмола облысында 100-ден астам ұлт пен этнос топтарының өкiлдерi, оның iшiнде 51% қазақ, 33,1% орыс, 4,4% украин, 3,5 % немiс, 1,8 % татар, 1,4 % белорус, 1,1 % поляк, 3,7% өзге де ұлттар тұрып жатыр.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының саны — 106 адам, олардың қатарында этномәдени бiрлестiктердiң, мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғамдық пiкiр көшбасшылары бар. Қазақстан халқы Ассамблеясына Ақмола облысынан 15 адам кiредi.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанында келесi құрылымдар құрылып қызмет атқарады:

- Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметiн ғылыми қамтамасыз ету үшiн — ғылыми-сараптамалық топ;

- Ақмола облысында тұрып жатқан этностар арасында төзiмдiлiк қарым-қатынас, қазақстандық патриотизм, ұлтаралық келiсiмдi насихаттау, ұлттық мемлекеттiк саясат мәселелерiн кеңiнен жариялау мақсатында — журналистер клубы;

- халық кәсiбiн, сәндiк қолданбалы өнер шеберлерiнiң шығармашылық әлеуетiн одан әрi дамыту мен оған қолдау көрсету мақсатында — сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерiнiң одағы;

- неке және отбасы институтын, дәстүрлi отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында — Аналар кеңесi.

Этномәдени бiрлестiктердiң қызметi

Ақмола облысы әдiлет департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес өңiрде 53 этномәдени бiрлестiк тiркелген, олардың iшiнде: орыс — 2, славян — 5, казак — 12, поляк — 7, немiс — 3, армян — 3, әзiрбайжан — 3, еврей — 4, шешен-ингуш — 2, өзбек — 2, украин — 1, корей — 2, татар — 2, түрiк — 1, чуваш — 1, күрд — 1, ұйғыр — 1, тәжiк — 1.

Ақмола облысы аумағында тұратын түрлi ұлт өкiлдерi облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған шараларға белсендi атсалысады.

Бұл ретте, өздерiнiң төл мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен тiлiн сақтау, түрлi ұлт өкiлдерiн бiрiктiрушi негiзгi фактор болып саналады.

2010 жылдан берi Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанында «Шаңырақ» жексенбiлiк тiлдердi оқыту мектебi, сондай-ақ облыстың 3 ауданында (Астрахан және Шортанды аудандарында поляк тiлiн үйрету факультеттерi, Бурабай ауданында — немiс тiлi) қызмет атқарады, ол жерде Қазақстан халқының сегiз тiлi үйретiледi.

Облыстық ассамблея қызметiн сапалы атқару үшiн, Көкшетау қ. «Қоғамдық келiсiм» КММ, Степногорск қ. «Достық және шығармашылық үйi», Зерендi және Целиноград аудандарында «Достық» орталықтары жұмыс iстейдi.

2018 жылы этномәдени бiрлестiктермен бiрлесiп, қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайту мақсатында 360 қоғамдық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi. Олардың iшiнде «Масленица» халық серуенi, армян халқының «Терендез» мейрамы, Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай мерекелiк iс-шара, театрландырылған пасхалық мереке «Frohe Ostern!», «Бiздiң күшiмiз бiрлiкте» атты үшiншi республикалық орыс және казак әндерiнiң қайырымдылық фестивалi, «Славян жазуы және мәдениетi» күнiне арналған iс-шара, «Сабантой» татар-башқұрт мерекесi, Қазақстан халқы тiлдер күнiнiң онкүндiгi аясындағы орыс, татар, корей, поляк, еврей, өзбек, чуваш, ингуш, армян тiлдерiнiң күндерi, «Поющая Полония» атты поляк әндерiнiң VIII республикалық фестивалi, орыс, славян және казак әндерiнiң «Песня — душа народа» II республикалық фестивалi және т.б.

Ақмола облыстық ассамблеясы өз жұмысына ардагерлер, жастар ұйымдарын, үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктердi белсендi тартады.

Қоғамдық келiсiм кеңестерi

Ақмола облысында 248 қоғамдық келiсiм кеңесi жұмыс iстейдi, олардың арасында: 1 — облыстық, 2 — қалалық, 17 — аудандық және 228 ауылдық деңгейде, жалпы саны 2 987 адамды қамтиды.

Қоғамдық келiсiм кеңестерi келесi бағыттар бойынша жұмыс жүргiзедi, атап айтқанда: ақпараттық-түсiндiру жұмыстары (дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, кездесулер, әңгiмелесу, дәрiстер өткiзу), медиация кабинеттерiмен өзара әрекет ету, қайырымдылықты дамыту, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына негiзделген бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын қадағалау.

2018 жылы Қоғамдық келiсiм кеңестерiмен тұрғындардың әлеуметтiк мәселелерiн шешу бойынша бiрқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, ҚКК қолдауымен Ерейментау, Целиноград, Ақкөл аудандарында, Степногорск қаласының Бестөбе, Ақсу кенттерiнде халықтың әлеуметтiк осал топтарына қатты отынды төмендетiлген бағамен өткiзуде көмек көрсетiлдi. Жарқайың ауданында қоғамдық моншада зейнеткерлерге арнайы жеңiлдетiлген баға орнатылды. Сандықтау ауданының Барақбай, Аршалы ауданының Берсуат ауылында, Қорғалжын ауданының Құмкөл ауылдарында көшелердi жарықтандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Сандықтау ауданы Василевское ауылдық округiнiң тұрғындарына арнап, жедел жәрдем көлiгi алынды.

ҚКК белсендi қолдауымен Астрахан ауданы Николаевск ауылдық округiнiң Петровка елдi мекенiнде, Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округiнiң Сабынды ауылында дәрiхана пункттерi ашылды.

Целиноград ауданы Софиевка ауылында, Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылында, Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылдық округiнiң Құрылыс ауылында және т.б. елдi мекендерде тұрғындарды жұмыспен қамту iстерiне қолдау көрсетiлдi.

Аналар кеңесi

Облыста құрамына 60 орталық, үйiрме және клубтар кiретiн 100 аналар кеңесi, оның iшiнде 1 облыстық, 11 аудандық, 87 ауылдық кеңес әрекет етедi. 2018 жылдың басынан берi Аналар кеңесi 10 000 адамды қамтыған 279 iс-шара өткiздi. Кеңестер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру бойынша бiрқатар маңызды мiндеттi орындауда. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады, кәсiби бағдарлау жұмысын жүргiзедi, халықтың рухани құндылығы негiзiнде қыз балаларды тәрбиелеумен айналысады. 2018 жылдың басынан берi Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесiмен сырқат балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған 12 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, олардың қорытындысы бойынша 10 млн. теңгеден астам қаражат жиналды.

Аналар кеңесiмен 2014 жылдан берi «Қыз тәрбиесi — Ұлт тәрбиесi» жобасы жүзеге асырылып келедi, оның басты мақсаты отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердi насихаттау және дамыту болып саналады.

Ғылыми-сараптамалық топтың қызметi

Ғылыми-сараптамалық топ құрамына 3 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 7 магистр, гуманитарлық саясаттану, әлеуметтану, тарих, психология, тiл бiлiмi, заң ғылымының бағытындағы мамандар кiредi. ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы — Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi ҚХА кафедрасы меңгерушiсiнiң орынбасары, халықаралық қатынастар және әлеуметтiк жұмыс кафедрасының жетекшiсi Ардақ Қапышев.

ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ отырыстары Ережеге сәйкес жарты жылда бiр рет өткiзiледi, сонымен қатар, топ мүшелерi қажет болған жағдайда, өзектi мәселелердi шешу үшiн жинала алады. Отырыстарда этносаясаттың негiзгi мәселелерi талқыланып, өңiрдiң ғылыми, әдiстемелiк, талдамалы-сараптамалық қызметiн жетiлдiру бойынша идеялар мен тұжырымдамалар ұсынылады.

Қайырымдылық қызметiн қолдау және үйлестiру

Ақмола облысында құрамына 845 меценат, 69 ұйым кiрген қайырымдылық жасаушылар базасы құрылған. Аталмыш база жүйелi түрде жаңартылып, толықтырылып отырады, өңiрдегi қайырымдылық қызметiне тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзiледi.

Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру iсiне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы этномәдени бiрлестiктер мен құрылымдар белсендi қатысады.

2018 жылдың бiрiншi тоқсанында Зерендi ауданының Аналар кеңесiмен Санкт-Петербург қ. Г. Турнер атындағы балалар ғылыми-зеттеу ортопедиялық институтында ем қабылдап жатқан Маратов Елнұрға қаражат жинау мақсатында «Аяулы алақан» қайырымдылық аукционын ұйымдастыру бастамасы көтерiлдi. Өткiзiлген iс-шара қортытындысы бойынша кiшi және орта бизнес кәсiпкерлерi, мекеме мен ұйымдар қызметкерлерiнiң көмегiмен 1,6 млн теңге қаражат жиналды.

Облыстағы қайырымдылық қызметiн жандандыру және қолдау көрсету мақсатында, сонымен қатар үйлестiрушiлiк және өзге де жұмыстар жүргiзу үшiн, «Қайырымды ел — Ақмола» жобасы iске асырылуда. 2018 жылы жоба аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бiрлестiктерi мен құрылымдары белсендi қатысқан 1551 қайырымдылық iс-шара өткiзiлдi. 3049 аз қамтылған отбасы, 5781 бала және 11343 көмекке мұқтаж ақмолалық, жалпы құны 85 млн. теңге сомасында материалдық қолдауға ие болды.

Құрылған күні: 21.01.2019 16:32
Жаңартылған күні: 21.01.2019 16:46
Қаралым саны: 597
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75