Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Архив ісі

Ақмола облысы мемлекеттiк архив мекемелерiнiң 2019 жылдың бiрiншi тоқсанындағы жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Есептiк кезеңде облыстың архив мекемелерiнiң қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң нұсқауларын орындауға бағытталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бiрiншi жобаны жүзеге асыру шегiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» жалпы 1109 адамды қамтыған

50 экскурсия өткiзiлдi. «Жас зерттеушi» клубымен «Отан отбасынан басталады» зерттеу жұмысының тұсаукесерi болды, «Ақмола облысы архив беттерiнде» конференциясы өткiзiлдi. Облмемархивпен Омбы тарихи архивiнен келiп түскен Ақмола облысының тарихы бойынша (саны 8 iс) құжаттардың көшiрмелерi сақтауға алынды.

Екiншi жобаның шегiнде «Өлке тарихы — ел тарихы» Тәуелсiздiк кезеңiнде Ақмола облысының тарихы бойынша материалдарды жинау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, фотоқұжаттарды таңдау, жылжымалы фото көрмеге аннотацияларды түзеу.

Үшiншi жоба бойынша «Тарих беттерiнен» «Ақмола облысының Социалистiк еңбек ерлерi» кiтабi, «2015-2017 жылдары архив құжаттары бойынша жарияланған материалдар жинағы» үшiн материалдарды жинау бойынша жұмыстар басталды, облыстық, қалалық және аудандық газеттердiң 2018 жылғы материалдары бойынша 19 «Қоғамдық маңызы бар оқиғалар хронографы» СТӘК басқармасында келiсiлдi.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2019 жылғы 01 сәуiрдегi жағдай бойынша 1777 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 4072 парақтан тұратын 1077 жаңғыртылды. Өшiп бара жатқан 95 парақтағы мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 16043 iстiң, 200 фотоқұжаттың толықтығы мен жай-күйiн тексеру жүргiзiлдi. 16985 iс қатырмаланды.

170 қордың есептiк құжаттар жинағы мұқият салыстырылды, қорлардың негiзi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта рәсiмделдi.

Облыстық мемлекеттiк архивпен №№115, 1359, 1363, 1450 қорлары бойынша 25 сақтау бiрлiгiндегi ерекше құнды iстер анықталды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы. мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрғаттарға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-ның 3 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша, iстер номенклатурасы қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемесiнiң көрсеткiштерi тұрақты сақтаудың 620 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 985 сақтау бiрлiгiн, 70 — фотоқұжатты, 34 — сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 3779 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 1680; жеке тектiк — 58; 115 фотоқұжат келiп түстi.

Социалистiк Еңбек Ерi, Қорғалжын ауданының Құрметтi азаматы Қ.Д. Есмағанбетовтың жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 368 кеңес берiлдi.

Толықтыру көздерi-мекемелерде нормативтi және әдiстемелiк құжаттар пакетiн толықтыру бойынша да жұмыс жүргiзiлуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (68 және тиiсiнше 74).

Мемлекеттiк архивтер қызметкерлерiмен 180 iстер номенклатурасы жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Жинақтау көздерi — ұйымдар үшiн мемлекеттiк архивтармен iс жүргiзу, iстердi құру және ведомстволық сақтау сатысында оларды сақтау, iстер номенклатурасын құру мәселерi бойынша 55 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi.

Ұлттық архив қорының жинақтау көздерi — ұйымдарда 2018 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген нормативтiк құжаттарды ендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Айсайын облыстың халқын ақпараттандыру мақсатында облыстың барлық мемлекеттiк архивтерiмен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша семинарлар өткiзiледi, есептi кезенде 29 семинар, 7 акция өткiзiлдi.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.

Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Есептiк кезеңде басқармалық құжаттаманың 101 сақтау бiрлiгi жетiлдiрiлдi, 617 сақтау бiрлiгiндегi тұрақты сақтау iстерiнiң тiзбелерi өнделдi..

Басқармалық құжаттаманың 344 сақтау бiрлiгiне каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 493 карточка енгiзiлдi.

Архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшартардың мәлiметтер базасына 1000 келiсiм-шарт — 29 сақтау бiрлiгi енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 705 сақтау бiрлiгi сканерлендi, — 42912 парақ, Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 152 сақтау бiрлiгi 18021 парақ сканерлендi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивiмен 280 тек енгiзiлдi.

Целиноград облыстық компартиясының номенклатуралық қызметкерлерiнiң атаулы каталогын құру бойынша жұмыстар жалғасуда, 250 карточка енгiзiлдi.

Мемлекеттiк архивтар мәдени-ағарту қызметiн атқара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттарын насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк архивтердiң құжаттары бойынша 26 мақала, «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша 18 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттiк архив облыстық газетте 2 мақала жариялады «Кеше және бүгiн», «Ол өз борышын орындады»; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 3 мақала «Сiздер жеңiл жолмен жүрген жоқсыздар», «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету», «Өмiр мөр сияқты»; Атбасар қаласының мемлекеттiк архивiмен «Барлық өмiррiн Атбасарға арнаған»; Аршалы ауданының мемлекеттiк архивiмен

«Г.С Беляевқа 95 жыл»; Астрахан ауданының мемлекеттiк архивiмен «Тыңға 65 жыл»; Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiмен «Тыңға 65 жыл»; Жақсы ауданының мемлекеттiк архивiмен «Оралмандар бауырмал Жақсы елiнде», «Үйдегi архив» жобасы», «Ұлы көштiң игi жемiсi», «Наурыз мейрамы жайында»; Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiмен «Ауған асуында оқ кешкендер», «Бүкiл әлемдi шаңғымен шарлау»; Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Алғашқы кәсiпорындар» және басқа мақалалары жарияланды.

«Көкшетау — Қазақстан» ОТРК телеарнасы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобасы бойынша және архив құжаттарын сандық форматқа ауыстыру бойынша 2 сюжет шығарды. Жарқайын ауданының «Сары-арқа» телеарнасына «Архив немен айналысады?» мемлекеттiк қызметi көрсету бойынша сюжет шығарылды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен «Ақ желендi абзал жандар» көрмесi дайындалды.

Көкшетау қаласының мемлекетiк архивi — «Көкшетау — 195 жыл».

Аршалы ауданының мемлекеттiк архивi «Г.С Беляевқа 95 жыл».

Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi «Туған өлкенiң тарихы».

Бұланды ауданының мемлекеттiк архивi «Бұланды ауданының тарихы архив құжаттарында».

Есiл ауданының мемлекеттiк архивi «Бiз Отанымыздың бұйрығын орындадық».

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Ерлiктiң шындары», «Бiздiң алғыс бiлдiретiн жөнiмiз бар».

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi 13 көрме — «Архив сөрелерiндегi тарих», «Тарих беттерiнен», «Тарихқа қайта оралу», «Мұнда менiң Отанымның бастауы», «Бiз тұратын жер — асыраушыда және мақтанышымызда», «Сандықтау ауданының құжаттамалық мұрасы», «Болашаққа сенiмдi көпiр», «Тың жерлерде кеңшарлар туып өстi».

Барлығы 38 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен №16 орта мектебiнiң оқушыларына «Архив — халық мұрасы» атты тақырыбында 3 сабақ өткiзiлдi.

Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiмен Ақкөл қаласының № 1, 2 мектептерiнiң 5-11 сынып оқушылары арасында, № 1 балалар үйi тәрбиеленушiлерiне «Ақкөл ауданының тарих беттерiнен бойынша» экскурсиялар өткiзiлдi, Ақкөл № 10 агротехникалық колледжi студенттерiне арналған «Шағын Отанымның тарихы» сабағы өткiзiлдi.

Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiмен «Архившi — осындай кәсiп бар» және «Адамдар және тағдырлар» тақырыбындағы 2 экскурсия және екi сабақ өткiзiлдi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiмен «Ауғанстаннан кеңес әскерiнiң шығарылуының 30 жылдығына ерлiк сабағы өткiзiлдi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен келесi тақырыптарда 12 экскурсия өткiзiлдi: «Бiздiң ауданның алтын мұрасы», «Шағын аудан, үлкен тарих», «Ауданның Құрметтi азаматтары», «Архив сөрелерiндегi тарих», «Бiздiң ауданның тарихы беттерiнен».

Барлығы бiрiншi тоқсанда 81 экскурсия, 22 сабақ өткiзiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде облыстың аудандарында фотоқұжатамалық материалдарды жинау бойынша «Тарихты толықтырамыз», «Игiлiк үшiн жинау, сақтау және қолдану» акциясы өтiп жатыр.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сауалдарды орындау: тақырыптық — 207 (оның iшiнде 194 — оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 7843 (оның iшiнде 5265 — оң нәтижелi), генеологиялық — 21 (оның iшiнде 12 — оң нәтижелi). 872 — терiс нәтижелi, 742 — профильдi емес. 7843 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi; ХҚКО арқылы — 282 (3,6%), «электронды үкiмет» порталы арқылы — 4714 (60,1%), пошталық байланыс арқылы — 2847 (36,3%).

Есептiк кезеңде барлығы 32 зерттеушi, 81 бару тiркелген, жұмыс үшiн 12103 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Туристический маршрут сакральных мест с.Дамсы», «1991 — 2017 жылдардағы Қазақстан әйелдерiнiң күнделiктi өмiрi», «История трансграничья России и Казахстана в историчесой ретроспективе», «История католической церкви», «Ақмола облысында қылмыстық iздестiрудiң құрылуы», «Қазақ СРО аумағындағы арнайы қонстардағы және сталин лагерлерiндегi поляктар», елдiмекендердiң тарихы, гениологиялық зерттеулер және басқалары.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi.

Бұланды ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры 2018 жылы iстелген жұмыстар және 2019 жылға арналған жоспарлар туралы аудан әкiмiнiң аппараттық жиналысында сөз сөйледi.

Барлық архив мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Архивтiк iс ардагерлерi мен жұмысшыларының әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Құрылған күні: 11.04.2018 15:14
Жаңартылған күні: 19.04.2019 15:19
Қаралым саны: 4819
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75