Архив ісі

Ақмола облысы
мемлекеттiк архив мекемелерiнiң 2018 жылдың 9 айдағы
жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Есептiк кезеңде басқарманың, облыстағы барлық архив мекемелерiнiң қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiнiң нұсқауларын, облыс әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындауға бағытталды.

2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан халқына Жолдауының шығуымен байланысты облыстың архив саласында Жолдауды зерттеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер рәсiмделдi. Басқарма басшысы ақпараттық-насихат тобының құрамында Бурабай және Жақсы аудандарының ауылдық округтерiне iс сапарға шықты.

Ағымдағы жылдың 28 ақпаны мен 01 наурызы аралығында басқарма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министрлiгi өткiзген республикалық лаңкестiкке қарсы оқуларға қатысты.

Ағымдағы жылдың 12 сәуiрiнде басқармада облыстағы мемлекеттiк архивтердiң директорларымен «Ақмола облысының мемлекеттiк архив мекемелерiнiң 2017 жылға жұмысы және 2018 жылға арналған алдағы мiндеттер туралы» кеңейтiлген алқасы өттi.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Ақмола облысы әкiмi орынбасарының, мемлекеттiк органдар, этномәдени, ардагерлер және жастар бiрлестiктерiнiң, оқу орындары, БАҚ

өкiлдерiнiң қатысуымен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған iс- шара өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Президент әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк комиссиясымен құжаттамаларды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру нәтижелерiн тексеру жүргiзiлдi, ескертулер жоқ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шегiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында», «Өлке тарихы — ел тарихы», «Тарих беттерiнен» үш жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының 16 отырысы өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Ақмола облысы архив құжаттарында» бiрiншi жобасының тұсау кесерi болды, жүзеге асыру шегiнде жалпы 3382 адам қамтылған 199 экскурсия өткiзiлдi.

«Жас зерттеушi» клубы құрылды, қағидасы, клубтық жұмыс жоспары әзiрлендi, ғылыми-зерттеу жобаларын жазуға тақырыптары анықталды, ғылыми-зерттеу жобалары үшiн клубтың 60 мүшесiне талондар берiлдi. Ағымдағы жылдың 27-28 сәуiрi «Туған өлкенiң тарихы архив құжаттарында», «Ұлы Отан соғысындағы жеңiске Ақмола облысының еңбегi» тақырыптарында 2 аймақтық мектеп конференциялары өткiзiлдi, олардың қортындылары бойынша «Туған өлкенiң тарихы архив құжаттарында» жинағы шығарылды.

Ақмола облысының тарихы бойынша ақпараттарды анықтау және жинау үшiн архив қызметкерлерiмен ҚР ОМА Алматы қаласына 2 жұмыс сапары және Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк архивiне 2 жұмыс сапары жасалды, нәтижесi бойынша Ақмола облысының кеңестiк кезеңге дейiнгi және алдыңғы кеңес кезендерiнiң тарихы бойынша 96 құжаттар өңдеп алынды.

Ағымдағы жылдың 17 шiлдесiнде «Достар» МҮ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша екiншi жобаның тұсаукесерi болды, облыстың әр аймағының тарихы туралы 19 жинақтан тұратын «Өлке тарихы-ел тарихы» атты фотокөрме өткiзiлдi. Сонымен қоса фотокөрме облыстың 17 ауданы мен 2 қаласында өткiзiлдi. Онда 6 мыңнан аса адам қамтылды.

«Адамдар тарих ағымында» құжаттар жинағы шығарылды, онда қағаз тасымалдағышта 51 құжат, 97 фотоқұжат жарияланған. «Ақмола аймағының тұңғыш басшылары», «1928-1941 жылдары қазақ әлiпбиiнiң латындау тарихы», «Ақмола облысының тарихы бойынша ерекше құнды құжаттардың жинағы» кiтаптары басылымға дайын тұр. «Жауынгер батырлар — Ақмолалықтар», «Ақмола облысының архив қызметi»кiтаптарiмен, «Ақмола облысы архив құжаттарында» кiтап-альбомымен жұмыс iстеу жалғасуда.

Облыс архивiмен жеке құрам және тұрақты сақтаудағы тiзiмдемелердi қайта өңдеу бойынша әдiстемелiк ұсынымдар, Ақмола обылысы мемлекеттiк архивiнiң нұсқаулығы 2017 жылға әзiрлендi.

Облыстың архив қызметiнiң жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтардың сайттары қызмет етедi, есептiк мерзiм iшiнде басқарма сайтында 2270 кiру белгiленген.

Архив құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi ағымдағы жөндеудi өткiзiп жаңа ғимаратқа көштi; Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi жаңа архив қоймасына ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткiздi.

Архив қоймасының толықтырылу мәселесiн шешу үшiн облыстың мемлекеттiк архивiмен, Бурабай және Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiмен мобилдi сөрелер, Атбасар, Бурабай, Ерейментау аудандарының мемлекеттiк архивтерiмен темiр сөрелер сатып алынды және орнатылды.

Электронды форматқа құжаттарды ауыстыру бойынша жұмыстарды белсендiру үшiн аудандардың мемлекеттiк архивтерiне 19 сканер сатып алынды.

Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және кешендiк тексерiстердi жүргiзу үшiн Атбасар қ, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егiндiкөл, Есiл, Жақсы, Жарқайың және Зерендi, Целиноград, Шортанды аудандарының мемлекеттiк архивтерiне жұмыс iс- сапарлары жасалды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 5860 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 20023 парақтан тұратын 2895 жаңғыртылды. Өшiп бара жатқан 195 парақтағы мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 41962 iстiң, 1000 фотоқұжаттың толықтығы мен жай-күйiн тексеру жүргiзiлдi. 77900 iс қатырмаланды.

220 қордың есептiк құжаттар жинағы мұқият салыстырылды, қорлардың негiзi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта рәсiмделдi.

Облыстық мемлекеттiк архивпен №1434 «Көкшетау облысы әкiмдiгiнiң жанындағы орман шаруашылық бiрлестiгi», № 1437 «Көкшетау облыстық су шаруашылығы бөлiмi» қорларының құжаттары бойынша 26 сақтау бiрлiгiндегi ерекше құнды iстер анықталды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы. Мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық архивтерге ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-ның 18 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша, iстер номенклатурасы қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемесiнiң көрсеткiштерi тұрақты сақтаудың 10514 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 7276, жеке тектiк — 483, 535 фотоқұжатты, — 7 фотоальбом, 4 фоноқұжат, 22 бейне құжат, 1098 сот iсiн құрады.

Есептеiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға 18237 бiрлiк құжат түстi, соның iшiнде 11656 бiрлiк басқарушылық құжаттар, 5606 жеке құрам бойынша құжаттар, 456 тегi бойынша, 508 фотоқұжаттар,2 фоноқұжат 19 бейне құжат келiп түстi.

Жауынгер-интерноционалист — С.В.Демещенконың жеке тектiк құжаттары; Қаз СРО халық ағарту iсiнiң үздiгi, Қазақстан Республикасының бiлiмiнiң құрметтi қызметкерi — В.Н.Пшеничныйдың; Көкшетау қаласының құрметтi тұрғыны В.И. Мартыновтың; Зерендi ауданының құрметтi азаматтары А.А.Солошенконың және И.П. Позднякованың; Сандықтау ауданының ардагерi, Сталинград үшiн болған майданның қатысушысы — И.П.Шишкиннiң; хирург, медицина ғылымдарының докторы П.И. Гуровтың; еңбек ардагерi, Сандықтау ауданы Ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Б.М. Сейтжанованың жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк мұрағаттары жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 477 кеңес берiлдi.

Толықтыру көздерi-мекемелерде нормативтi және әдiстемелiк құжаттар пакетiн толықтыру бойынша да жұмыс жүргiзiлуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (99 және тиiсiнше 111).

Мемлекеттiк архивтер қызметкерлерiмен 7 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 575 жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Жинақтау көздерi — ұйымдар үшiн мемлекеттiк архивтармен iс жүргiзу, iстердi құру және ведомстволық сақтау сатысында оларды сақтау, iстер номенклатурасын құру мәселерi бойынша 144 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi.

Ай сайын облыстың халқын ақпараттандыру мақсатында облыстың барлық мемлекеттiк архивтерiмен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша семинарлар өткiзiледi, есептi кезенде 92 семинар өткiзiлдi.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру. Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде басқармалық құжаттаманың 63 сақтау бiрлiгi жетiлдiрiлдi, 492 сақтау бiрлiгiндегi тұрақты сақтау iстерiнiң тiзбелерi , жеке құрам бойынша 195 тiзiмдеме өңделдi.

Басқармалық құжаттаманың 309 сақтау бiрлiгiне каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 1540 карточка енгiзiлдi.

Архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшартардың мәлiметтер базасына 3017 келiсiм-шарт — 59 сақтау бiрлiгi енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 2287 сақтау бiрлiгi сканерлендi. («Көкшетау халық депутаттарының облыстық Кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 158051 парақ. 98085 суреттiң сандық мәлiметтерiне өңдеу жүргiзiлдi. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 1103 сақтау бiрлiгi сандалды «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» –91666 парақ.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивiмен 900 тек енгiзiлдi.

Целиноград облыстық ком партиясының номенклатуралық қызметкерлерiнiң атаулы каталогын құру бойынша жұмыстар жалғасуда, 900 карточка енгiзiлдi.

Мемлекеттiк архивтар мәдени-ағарту қызметiн атқара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттарын насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк архивтердiң құжаттары бойынша 115 мақала, «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша 46 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттiк архив облыстық газетте 29 мақала жариялады «Помним имя героя», «Уникальная карта области 1889 года», «Ценный артефакт», «Материалы память хранят», «О герое «Зимней войны», «90 лет со дня рождения Героя Социалистического труда Николая Кручины», «С лицом бойца, с душой поэта», «Архивтегi құжаттар сыр шертедi», «Отызыншы жылдар ашаршылығының себептерi мен зардабы», «Знать, чтобы не повторилось….», «Строкой документа о личности» и др.; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 10 мақала «На службе поколений», «Память не сотрешь», «Неоспоримый вклад», «Хранители истории», «Документы как летопись», «Архивисты о себе» және т.б. Аршалы ауданының мемлекеттiк архивiмен «Его именем названа улица», «В память о батыре», «И грянула война…» «Погиб в бою», «Была такой директор»; Астрахан ауданының мемлекеттiк архивiмен «История в фотографиях»; Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiмен «Ветерану труда — 80 лет», Атбасар қаласының 3 мақала «Был настоящим руководителем», «Есiмi мәңгiлiк жадымызда»; Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiмен «Южные границы Азиатской России», «Патриот земли Аккольской», «95 лет архивной службе Акмолинской области»; Астрахан ауданының мемлекеттiк архивiмен «Выполняя ваш наказ»; Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Благодатная земля…», «Документальное наследие Ерейментауского района»; Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивiмен 8 мақала «Архивы: вчера, сегодня, завтра», «Нам жить и помнить!», «Бiзге — 20»; Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiмен 7 мақала «Без песни жить не представляет», «Их имена останутся в памяти», «Еске сақталу үшiн», «80 лет — Зерендинскому лесхозу» және т.б., Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Первые предприятия» және Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiмен «История стоновления района», «След вчерашнегодня», «Району близкая газета» және басқа мақалалары жарияланды.

«Көкшетау — Қазақстан» телеарнасы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде латын тiлi бойынша архив құжэаттарының көрмесi, «Жас зерттеушi» клубының қызметi туралы, 31 мамыр — саяси қуғын сүргiн құрбандары бойынша 14 сюжет шығарды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен 29 көрме дайындалды және рәсiмделдi: «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары», «Верный сын земли Кокшетауской», «Акмолинские дивизии на фронтах Великой Отечественной войны», «Политика репрессий в документах государственного архива Акмолинской области» «Дело все жизни», «Елiмнiң еркiндiгi — Ата заң».

Көкшетау қаласының мемлекетiк архивiмен 19 көрме дайындалды және рәсiмделдi: «25 лет — мгновение в истории», «Көкшетау — сүйiктi қалам! Любимый город Кокшетау»; 2 онлайн — көрме «Не забывайте, люди, о войне…», «Черные пятна прошлого…».

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiмен — «Мой город — моя история», «Архивной службе — 95 лет».

Астрахан ауданының мемлекеттiк архивiмен — «120 лет селу Петровка», «Астана — арман қала».

Бiржан сал ауданының мемлекеттiк архивiмен — «Латинский язык по архивным документам».

Есiл ауданының мемлекеттiк архивiмен — Ақмола облысының архив қызметiнiң 95 жылдығына «Мұнда естелiк сақталады».

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Латын әлiпбиiне көшу рухани жаңғыру талабы», «Чтобы помнили…».

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi 35 көрме — «Сандықтау ауданы: уақыт, оқиға, адамдар», «Тарихқа қайта оралу», «Сандықтау жерiнiң адамдары», «Уақыт байланысын үзбей», «Сандықтау ауданының құжаттамалық мұрасы», «Архив құжаттары бойынша латын тiлiнң қазақ әлiпбиi», «Рухани жаңғыру — болашаққа сенiмдi көпiр».

Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiмен — «Целиноград ауданының тарихы фотоқұжаттарда» «Өз тарихыңмен мақтан» атты 9 көрме ұйымдастырылды.

Барлығы 129 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен оқу орындарында 15 сабақ, дөңгелек үстелдерге қатысып келесi тақырыптарда«Свидетельства истории», «Тағдыры қасiреттi қайраткерлер», «Сталин және оның құрбандары» 8 лекция өткiздi

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен №1,6,10,13,14 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының, Красный Яр селосы №2 орта мектебiнiң оқушыларына «Тарихи жадтың дерек көзi» («Источник исторической памяти»), «Қала көшелерi бойынша саяхат» («Путешествия по улицам города») атты тақырыптарда 10 сабақ өткiзiлдi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «»Тарихқа қайта оралу»,

«Туған өлкенiң тарихынан оның дамуына», «Архив құжаттары бойынша латын тiлiнiң қазақ әлiпбиi», «Рухани жаңғыру — болашаққа сенiмдi көпiр», «Бiлiмдi ұрпақ — ұлт болашағы» тақырыбында 17 экскурсия өткiзiлдi. Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiмен Ақкөл ауылының оқушылары үшiн «Өз тарихынды есте сақта және мақтан тұт» атты 3 экскурсия өткiзiлдi, Шортанды ауданының мемлекеттiк архивiмен «Қазақстанға халықтарды жер аудару» және «Шортанды ауданының тарихы» атты экскурсиялар өткiзiлдi.

Бiрiншi жартыжылдықта барлығы 296 экскурсия, 74 сабақ өткiзiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде облыстың аудандарында фотоқұжатамалық материалдарды жинау бойынша «Тарихты толықтырамыз», «Игiлiк үшiн жинау, сақтау және қолдану» акциясы басталып кеттi.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Есептi кезенде 22967 сауал орындалды оның iшiнде: тақырыптық — 342 (оның iшiнде 300 — оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 22602 (оның iшiнде 16110 — оң нәтижелi), генеологиялық — 23 (оның iшiнде 7 — оң нәтижелi). 1432 — терiс нәтижелi, 867 — профильдi емес. 22602 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi; ХҚКО арқылы — 6464 (28,6%), «электронды үкiмет» порталы арқылы — 8453 (37,4%), пошталық байланыс арқылы — 7685(34,0%).

Есептiк кезеңде барлығы 176 зерттеушi, 347 бару тiркелген, жұмыс үшiн 28566 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Солтүстiк Қазақстандағы соғыс жылдарындағы балалардың жағдайы», «Ақмола облысының ұлы жерлерi», «Архив құжаттарындағы репрессия саясаты Мамбетәлi Сердалин туралы мәлiмент», «Есiл ауданының топонимикалық талдануы», «Менiң туған өлкем» «Катологтардың шiркеу тарихы»,«Дамсаның көрiктi жерлерiне туристiк жол», «Ресейдiң трансграничья тарихы мен Қазақстанныңтарихи ретроспективi», «Қазақ КСР аймағында Сталин лагерi және Поляктар арнайы қоныстарда»,елдi мекендердiң тұрғындары, генеологиялық зерттеулер және басқалары.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Егiндiкөл, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын аудандарының мемлекеттiк архивтерiнiң директорылары архив қызметiнiң көкейкестi мәселелерi бойынша аудан әкiмдерiнiң жанындағы аппараттық жиналыстарда сөз сөйледi.

Қызметтiң негiзгi көрсеткiштерiн орындау бойынша облыстың мемлекеттiк архивтерiнде ай сайын реитинг жүргiзiледi, 2018 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қортындысы бойынша Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi рейтинг бойынша бiрiншi орында.

Архив қызметi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру үшiн Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентi жаныдағы Мемлекттiк басқарма акдемиясында» РМКК филиалында мамандарды оқыту жұмыстары жүргiзiлдi. 2018 жылдың маусым және тамыз айларында 27 маман сертификат алды.

Облыстың архившiлерi үшiн басқарманың мамандарымен iс жүргiзу, iстер тiзбелерiн әзiрлеу, жеке тектi құжаттарды және фото құжаттарды қалпына келтiру мәселелерi бойынша 3 мастер класты оқу семинары өткiзiлдi.

Басқарма бөлiмiнiң басшысымен есептi кезенде iс жүргiзу бойынша Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академисы» РМКК филиалында 15 лекция оқылды.

2018 жылы архив мекемелерiнiң 13қызметкерлерiмен аттестация өттi .

Барлық архив мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Архивтiк iс ардагерлерi мен жұмысшыларының әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Құрылған күні: 11.04.2018 15:14
Жаңартылған күні: 09.10.2018 10:58
Қаралым саны: 3015
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng