Облыс әкімдігінде мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi комиссияның отырысы өттi.

«Рәмiздердi насихаттау — лайықты азаматтарды тәрбиелеудiң бiр түрi. Бұл үрдiстiң тиiмдiлiгiне кешендi көзқарас қана кепiл бола алады», — дедi өңiр басшысы мемлекеттiк рәмiздердi кеңiнен таныту бойынша ұсыныстарды талқылау барысында. Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауға байланысты ерекше маңызды екендiгiне баса аудартты.

Отырыста қорғаныс iстерi департаментi бастығы орынбасарының, Бурабай ауданы әкiмiнiң және бiрқатар басқармалар басшыларының мемлекеттiк рәмiздердi қолдану мен насихаттау жөнiндегi жұмыстары туралы есептерi тыңдалды, сонымен қатар, облыстық комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қарастырылды.

Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшыларына мемлекеттiк рәмiздер туралы заңнама және ҚР ұлттық стандарттарының талаптары бұзылуына жол бермеу қажеттiгi айтылды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап ҚР Мемлекеттiк Еңтаңбасының жаңартылған нұсқасы енгiзiлдi. «Қазақстан» сөзiн «Qazaqstan» деп жазу бөлiгiнде өзгерiс енгiзiлдi. Өзгерiс қазақ тiлiнiң латын ғарiпiне көшуiне байланысты болды. 2022 жылдың 1 қаңтарына дейiн Мемлекеттiк Елтаңбаның ескi үлгiсiн ауыстыру бойынша өтпелi кезең белгiлендi. Облыс әкiмi мемлекеттiк органдардың басшыларына 2019 жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк рәмiздiң жаңартылған нұсқасын сатып алуға қаржы қарастыруды тапсырды.

Кездесудiң қорытындысы бойынша мемлекеттiк рәмiздердi бұдан әрi кеңiнен таныту және қолдану бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берiлдi.

Құрылған күні: 26.12.2018
Қаралым саны: 1075
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng