Жыл қорытындысы: Ақмола облысындағы маңызды оқиғалар

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысы үшiн өтiп бара жатқан 2018 жыл қай саладан алса да табысты болды. Табыс тасқынын еселеуде облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына рухани, мәдени, бiлiм, спорт, өнеркәсiп саласында қол жеткiзген жетiстiктер айтарлықтай. «ҚазАқпарат» ХАА тарихқа енiп бара жатқан ит жылы Ақмола облысында болған маңызды оқиғалады тiзбектейдi.

Ел ырысы — 5,6 миллион тонна астық

Жыл қорытындысы: Ақмола облысындағы маңызды оқиғалар 2018 жылғы 27 желтоқсан 18:30327 Бөлiсiңiз: КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысы үшiн өтiп бара жатқан 2018 жыл қай саладан алса да табысты болды. Табыс тасқынын еселеуде облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына рухани, мәдени, бiлiм, спорт, өнеркәсiп саласында қол жеткiзген жетiстiктер айтарлықтай. «ҚазАқпарат» ХАА тарихқа енiп бара жатқан ит жылы Ақмола облысында болған маңызды оқиғалады тiзбектейдi. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Лувр — әлем бойынша адамдар ең көп баратын музей 1989 жылы қайтыс болған жапон императорының қолжазбасы табылды Цирк әлеуметтiк аз қамтылған отбасы балаларына жаңа қойылым тарту еттi Ел ырысы — 5,6 миллион тонна астық Биылғы жыл ақмолалық диқандар үшiн табысты болды. Облыс бойынша барлығы 4,3 миллион гектар жерге дән себiлiп, одан 5,6 миллион тоннандан астам астық жиналды. Жалпы, Ақмола облысы — елiмiздегi астық тасымалдайтын негiзгi эскпортерлердiң бiрi. Жыл сайын 2 миллион тонна астық сыртқа шығарылады. Ал Қазақстан аумағына 1 миллион тонна астық тасымалданады. Жыл басынан берi 2 миллион тоннадан астам астық экспортқа және Қазақстан аумағына жөнелтiлген.

Орталық Азиядағы ең iрi құс фабрикасы

Индустрияландыру картасы аясында елiмiздегi және Орталық Азиядағы ең iрi құс фабрикасы iске қосылды. Бұланды ауданында ашылған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жылына 50 мың тонна құс етiн өндiруге қауқарлы. Бұл қуаттылығы, техникалық жабдықталуы және инвесторлардың құрамы жағынан бiрегей жоба. Маңызды жобаны жүзеге асыру өңiрде жаңа жұмыс орындарын ашып, өндiрiстi дамытуға серпiн бередi. Сонымен қатар, аталған жоба Астана қаласы айналасында азық-түлiк белдеуiн дамытуға септiгiн тигiзбек.

Қазақы кәуп: әлем рекорды жаңартылды

 

Макинск құс фабрикасының ашылу кезiне кәуап пiсiруден әлемдiк рекорд орнатылды. Шараға қатысқан 300 кәуапшы арнайы жетекшiнiң пәрменiмен 220 метрден астам кәуапты белгiлi уақытпен аударыстыра отырып, қақтап шықты. Кәуап пiскен соң Гиннестiң арнайы өкiлi Паулина Сапинскаяның бақылауында өлшендi. Өлшем 223 метр 65 сантиметрдi көрсеттi. Әлемдiк рекорд жаңартылды.

 

Тарихи және мәдени 55 ескерткiш цифрландырылды

«Ескерткiштер сыр шертедi» акциясы және қазiргi заманғы технология QR-кодтардың көмегiмен өңiрдегi киелi нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша облыста пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жоба шеңберiнде өңiрдегi киелi 1032 тарихи және мәдени ескерткiштiң 55-i QR-код арқылы цифрландырылды. Олардың арасында Бурабай кентiндегi Абылай хан алаңы, Ерейментау ауданында XVIII ғасырда өмiр сүрген қолбасшы, Бөгенбай батыр ескерткiшi, Атбасар ауданындағы танымал жазушы Iлияс Есенберлин ескерткiшi, Көкшетау қаласындағы Абылай хан, Ақан серi, Бiржан сал, Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәлiк Ғабдуллин ескерткiштерi және Көкшетау қалалық мұражайы бар.

Ботай — өркениеттiң көне мекенi

Ағымдағы жылдың шiлде айында Бурабайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ботай — Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайы ашылды. Нысан сол дәуiрдегi жетi баспанадан тұрады. Әр баспананың диаметрi 8-10 метрдi құрайды. Үйлердiң жертөлелерi бiр метр тереңдiкте, ал жоғары жағы ағаштан қиылып салынған. Төбесi шөп, терi, балшық және сабанмен жабылған. Барлық үйлер жерасты жолы арқылы бiр-бiрiмен жалғасады. Мұнда келген адам ескi дәуiрге сапар шеккендей әсерде болады. Бұл мұражай ашылғаннан берi оны барлығы 5 мыңнан астам турист тамашалаған екен. Жобаның авторлары тарих ғалымдарының докторы, археолог, Ботай мəдениетiн ашқан Виктор Зайберт пен «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсерi Нұрбол Баймұханов.

Жаңа кiтаптар оқырманға жол тартты

Өңiрде жаңа әдебиеттердi жарыққа шығару бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Оның iшiнде «Қазақстан мәдениетi қазiргi әлемде» арнайы жобасы аясында Лондонда ағылшын тiлiнде Сәкен Жүнiсовтың «Zamanai and Amanai» повесi жарық көрдi. Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлiк Ғабдуллиннiң 11 томдық шығармалар жинағы және «Мәлiк Ғабдуллин — Ұлы даланың мақтанышы» атты альбом-кiтабы, профессор Қадыржан Әбуевтiң «Ақмола облысының тарих және мәдениет қайраткерлерi» атты библиографиялық очеркi шығарылды. Сондай-ақ, жазушы-публицист Жабал Ерғалиевтiң «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» кiтабы мен «Ақан серi» жинағы, Ақмола облысы туралы «Жер жәннаты» атты қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiндегi фотоальбом оқырманға жол тартты.

Он нысан — киелi орындар тiзiмiнде

«Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы» жобасы аясында киелi орындар тiзiмiне Ақмола облысынан он нысан енгiзiлдi.Олардың арасында Құмай археологиялық-этнографиялық кешенi, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгiрi, Оқжетпес тауы, Батығай, Қабанбай батыр мазар-кесенесi, «Беспақыр» және Баубек батыр кесенелерi бар.

Кiшкентай Бекмансұрдың рекорды

6 жасар ақмолалық Бекмансұр жеңiл автокөлiктi 20 метрге дейiн сүйреп, рекорд орнатты. Оқиға «Денсаулық күнi» фестивалiнде Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында болған. Өзiнiң кiшкентай болғанына қарамастан Бекмансұрды нағыз батыр деуге болады.

Дмитрийдiң жеңiсi — ақмолалықтардың абыройы

Ақмолалық Дмитрий Алексанин Индонезияда өткен жазғы 18-шi Азия ойындарында семсерлесуден чемпион атанды. Байрақты жарыста Дмитрийдiң бағы жанып, жекелей есепте алтын, командалық есепте екiншi орын алды. Әсiресе, оның финалда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы оңтүстiккореялық Пак Сан Ендi 15:12 есеп айырмасымен ұтқаны ұзақ уақыт жанкүйерлерiнiң есiнде қалатыны сөзсiз.

Ақмоланың үш ұстазы

Мұғалiм мәртебесiн, беделiн көтеруге бағытталған «Үздiк педагог- 2018» республикалық байқауына Ақмола облысынан қатысқан Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының жоғары санатты физика пәнiнiң мұғалiмi Назифа Закирова, Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының жоғары санатты химия пәнiнiң мұғалiмi Дана Ысқақова мен Щучинск қаласындағы экология және орман шаруашылығы колледжiнiң арнаулы пәндер оқытушысы Наталья Семкина «Үздiк педагог-2018» құрметтi атағына ие болып, облыс мерейiн бiр көтерiп тастады.

Облыстағы алғашқы IТ мектеп-лицейi

Көкшетау қаласының Сарыарқа шағынауданында ашылған бiлiм ордасы жоба бойынша 900 оқушыға шақталған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаржы бөлiнген. Бұл — өңiрде ашылып отырған тұңғыш IТ мектеп-лицей.

Халықаралық деңгейдегi шаңғы базасы

Щучье қаласында шаңғы спортына арналған Республикалық жаңа базаның ашылуы өттi. Жаңа трассаның мүмкiндiктерiн халықаралық FIS турнирiне қатысқан шаңғышылар алғашқы болып байқап көрдi. Елiмiздiң 10 облысынан және Украина, Ресей мен Беларусь Республикаларынан келген 100-ге жуық спортшы бақтарын сынады. Жарыстар шаңғы спортының 6 түрi бойынша өттi.

Көрермен көңiлiнен шыққан «Бiржан-Сара»

«Бурабай» Ұлттық саябағындағы Абылай хан алаңында ұлттық классика жауһары — Мұқан Төлебаевтың «Бiржан-Сара» операсы қойылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келiп тамашалаған қойылым ақмолалық көрермендердiң көңiлiнен шықты. Open Air форматында қойылған лирикалық-драмалық шығармада ақын, əншi-композитор Бiржан сал мен дарынды айтыскер ақын Сараның айтысы туралы шынайы оқиға баяндалды. Төрт бөлiмнен тұратын Бiржан мен Сара операсы көрермендердi бiрден баурап алды. Тыңдаушыларын елең еткiзер сезiм күшiмен, лиризмiмен, музыка тiлiнiң дәстүрлi әуендiлiгiмен, динамикалығымен, екi әншiнiң жеке бастарындағы трагедияны әлеуметтiк-тарихи құбылыс пен тартыс деңгейiне көтере бiлген драмалық сюжеттегi жеке айтылатын ариялар мен ариозалар, би көрiнiстерi, қосыла әндететiн дуэттердiң әрқайсысын көрермендер зор қошеметпен қабылдады.

«Оқжетпес» ФК Премьер-Лигаға жолдама алды

Қазақстан чемпионатының бiрiншi тобында өнер көрсететiн Көкшетаудың «Оқжетпесi» 31-iншi турда Шымкентте жергiлiктi «Қыран» командасымен 3:3 есебiмен тең ойнағаннан кейiн 68 ұпай жинап, бiрiншiлiктiң аяқталуына екi тур қалғанда Премьер-Лигаға берiлетiн жолдаманы жеңiп алды. Бұл — көкшелiк футболшылардың өз тарихында Премьер-Лигадан бес рет шығып қалып, бес рет қайта оралуы. Бұл әрине, жанкүйер ретiнде осы жолы жылдам оралғанына қуанамыз.

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде ағымдағы жылы қыркүйектiң 17-сi күнi Бурабайдағы Абылай хан алаңынан сапарға шыққан «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы 4300 шақырым «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркiстан» керуен жолымен жүрiп өтiп, Көкшетауда мәресiне жеттi. Белгiлi өлкетанушы жəне қоғам қайраткерi Мұрат қажы Ыдырысұлы бастаған экспедиция мүшелерiн көкшетаулықтар қалаға кiреберiс қақпаның алдында шашу шашып, сән-салтанатпен қарсы алды.

Алғаш рет өңiрлiк жәрмеңке-көрме өткiзiлдi

Тұңғыш рет «Қазақстанның үздiк тауары» байқауы шеңберiнде «Ақмола өнiмдерi» өңiрлiк тауар өндiрушiлердiң жәрмеңке-көрмесi өттi. Ағымдағы жылдың 28 шiлдесiнде Ақмола облысы кәсiпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке-көрмеге облыстың әр өңiрiндегi 100-ге жуық тауар өндiрушi қатысты. Олардың арасында «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС, «ҚазОрман компаниясы» ЖШС, «Aurora Garden Group» ЖШС, «AZAM-KC» ЖШС және «Ижевский» өндiрiстiк кооперативi сияқты тауар өндiрушiлер бар. Жәрмеңке кезiнде қатысушылар мен қонақтарға ет, сүт, ұн, кондитерлiк өнiмдер мен сәндiк қолданбалы өнер туындылары тәрiздi өңiрде шығарылатын отандық өнiмдер жеңiлдетiлген бағамен сатылды.

Сілтеме

Құрылған күні: 29.12.2018
Қаралым саны: 176
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng