Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Мемлекет басшысы кездесуде партияның 2016 жылғы қызметiнiң қорытындылары жөнiндегi есептi тыңдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртiбiндегi маңызды аспектiлердi iске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының басты бағыттары жөнiнде жұртшылықты хабардар ету мәселелерi туралы баяндалды.

М.Құл-Мұхаммедтiң мәлiметi бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгiнген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтiнiш келiп түскен, қазiр оның 92%-ы оң шешiмiн тапты.

Сондай-ақ, Елбасыға партия өкiлдерiнiң өңiрлердегi жұртшылықпен кездесулерiнiң қорытындылары және күнделiктi қызмет барысында қолданылатын партия жұмысының жаңа форматы жөнiнде мәлiмет берiлдi.

Құрылған күні: 18.04.2017
Қаралым саны: 2217

Қаз Рус Eng