Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Көп жылдан бері алғаш рет Көкшетауда Қала күні есте қаларлықтай етіліп атап өтілді

Қаланың 194 жылдығына орай жергiлiктi билiк Ақмола облысының әкiмшiлiк орталығының тұрғындары мен қонақтарын, 30 мыңнан астам адамды қамтыған мерекелiк iс-шаралармен қуантты.

Биыл Қала күнi нақтылы мерекелiк көңiл-күймен атап өтiлдi. Осы тiзiмдегi алғашқы объект — жаңа электрондық кiтапхана, ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының аясында iске асырылды. Салтанатты iс-шараға өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин, Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев, жазушылар, ақындар мен белгiлi өнер қайраткерлерi қатысты.

Ғимаратта аудио-оқылым, электронды кiтапты тыңдау үшiн әдебиеттi жайланып зерделеуге арналған нағыз заманауи техникамен жабдықталған coworking аймағы бар. Сондай-ақ, кiтапхана PDF форматында қағаз кiтаптарын цифрландыру мен қайта түрлендiрудiң арнайы құралдарымен жабдықталған. Көрсетiлген сканерлер Астана мен Павлодар қаларында ғана бар екенiн атап өту қажет.

Қала күнi ашылған екiншi объектi — Балалардың технопаркi. Бұл жерде сабақ 5 жастан 18 жасқа дейiнгi жастағы 1000 астам баланы қамту арқылы тегiн және жалпы қол жетiмдi негiзде өткiзiледi. Жалпы бiлiм беретiн орталықта бастауыш техникалық модельдеу, бағдарландыру негiздерi, робототехника және авиа кеме-модельдеу кабинеттерi ашылды.

Сол күнi «Достар» МҮ «Көкшетау арқаның кербез сұлу тiрегi» салтанатты iс-шара өттi, оның барысында туған қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан көкшетаулықтар марапатталды.

Қаланың 2000 астам тұрғындары мен қонақтары «SummerfestKokshetau2018» жастардың Open Air акциясына қатысты, ол орталық қала жағажайында өттi.

Жағажай Қала күнi үлкен концерт алаңына айналды, онда жастардың өнер ұжымдары өз өнерлерiн көрсеттi, олар қуаттандыратын «Zumbа» әуенiмен Қопа көлiнiң жағасында холи реңiнде билi флеш-моб көрсеттi. Сондай-ақ, сахнада қаланың тарихына және атаулы уақиғаларына бiлiмiн көрсетуде көрермендер арасында зияткерлiк конкурстар өткiзiлдi. Сол жерде, ниет бiлдiргендер «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның түрлi жемiс сусындарынан, отандық «Гормолзавод» өндiрушiнiң балмұздақтарынан дәм татты. Мереке көпке дейiн есте қалдыру үшiн, ниет бiлдiргендер арнайы орнатылған фото-аймақта 3D фотосуретке төсуi ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мерекеге орай орталық стадионда «Оқжетпес» және «Екiбастұз» командаларының арасында Бiрiншi лиганың 16-шы туры өткiзiлдi. Есептi ойынның 37-шi минутында «Оқжетпес» командасының ойыншысы Әлiбек Бөлешев пенальтиден ашты, ал таймның соңында ойынның 44-шi минутында Санат Жұмаханов есептi теңестiрiп кеттi. Алайда, екiншi таймда алаң иелерiне жеңiс үшiн бiр гол жеткiлiктi болды, Аслан Еркен 65-шi минутта есептi өзгерттi. Ойын 2:1 есебiмен көкшетаулық команданың пайдасына шешiлдi.

Кешке қарай Абылай хан алаңында «Менiң үйiм, менiң тағдырым, менiң Көкшетауым!» атты мерекелiк концерт болды, онда қазақстандық эстраданың танымал әртiстерi және жақын шетел әртiстерi өнер көрсеттi. Одан кейiн қонақтар мен тұрғындар Көкшетау аспанында мерекелiк отшашуды тамашалады.

     

Мақаланы құрған күні 30.06.2018
Қаралым саны: 1271
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;