Аппараттық кеңесте ветеринариялық қауіпсіздік және спортты дамыту мәселелері талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен аппараттық кеңесте маңызды мәселелер қарастырылды.

Ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Булашев өңiрдегi қолайлы эпизоотиялық ахуалдың арқасында мал шаруашылығы саласы сәттi дамып келе жатқанын хабарлады. Ағымдағы жылы ветеринариялық қауiпсiздiктi қолдау үшiн облыстық бюджеттен бөлiнген қаржы 906 млн. теңге құрады.

Жүргiзiлген арнайы ветеринариялық-санитарлық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралардың нәтижелерi бойынша 4 елдi мекенде бруцеллез бойынша шектеулер алынып тасталды.

Мәлiк Мырзалин мүдделi мемлекеттiк органдарға ауыл шаруашылығы малдары үшiн жоспарланған диагностикалық, профилактикалық және сауықтыру iс-шаралары көлемiн уақытында ақтауды, сонымен қатар, ветеринариялық заңнаманың талаптарын бұзу жағдайларын анықтау мен жолын кесудi тапсырды.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту жағдайы және перспективалары туралы есеппен салалық басқарманың басшысы Әскет Бөкебаев сөйледi. Облыста спорт имараттарының саны жылдан жылға артып келедi. Қазiргi таңда 2355 объектiнiң, 1672-сi ауылда орналасқан. Жыл басынан берi салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында 3 мыңнан аса iс-шара өткiзiлдi. Бұқаралық спортпен қатар, жоғары жетiстiктер спорты да дамытылуда. Барлығы 43 спорт насихатталады, соның iшiнде 22-сi олимпиадалық. Ел чемпионаттарында 6 кәсiби команда — шайбалы хоккейден, футзалдан, сонымен қатар футбол мен баскетболдан әйелдер мен ерлер командалары сынға түсiп жүр. ҚР ұлттық құрама командаларының құрамдарына спорттың әр түрлерiнен 386 ақмолалық кiредi.

Талқылаудың қорытындысы бойынша өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне заманауи спорт алаңдары желiсiн кеңейту және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылыстарын салу бойынша шаралар қолдануды тапсырды.

  

Құрылған күні: 05.11.2018
Қаралым саны: 410
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng