Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақмола облысының әкiмi МәлiкМырзалиннiң төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу комиссиясының отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде өңiрде бiреудiң мүлкiн ұрлауға қарсы iс-қимыл және Қылмыстың алдын алу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселелерi қарастырылды.

Полиция департаментi бастығының орынбасары Ербол Жүсiпов облыс бойынша қылмыстардың 60%-данастамын ұрлық құрайтынына назар аудартты. Ұялы телефондар мен мал қылмыстық қол сұғудың объектiсiне жиi айналады.

Қылмыстардың алдын алу мақсатында аулалар мен қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ әр түрлi рейдтiк iс-шаралар өткiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне әрбiр iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi туралы меморандумдар жасауды, сонымен қатар, қоғаммен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтудi тапсырды.Малды толық сәйкестендiру қажеттiгiне, Полиция департаментiмен және ветеринария басқармасымен бiрлесiп ет өнiмдерiнiң заңсыз айналысы фактiлерi бойынша рейдтер жүргiзу қажеттiгiне назар аудартты.

Қылмыстардың алдын алу жөнiндегi облыстық iс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы туралы облыс прокуратурасының басқарма бастығы Мұрат Әбiшев баяндады. Бұланды ауданының оң тәжiрибесi мысалға алынды, онда барлық бұрын сотталғандар жұмысқа орналастырылған, ал маскүнемдер емделуге жiберiлген.

Талқыланған әрбiр тармақ бойынша Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне қылмыстардың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың жұмыстарын жандандыруды, барлық алдын алу субъектiлерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрудi күшейтудi тапсырды.

Құрылған күні: 24.11.2018
Қаралым саны: 391
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng