«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, кабинет 406, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Қаржылық-шаруашылық бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезiне), D-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қарызгерлермен және борышкерлермен есеп айырысу, материалдық құндылықтарды есепке алу, әкiм аппараты мүлкiнiң сақталуы, ТМҚ-мен қызметкерлердi қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) мемлекеттiк қызмет өтiлi орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысы әкiмi аппараты персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 2 сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Ақмола облысы әкiмдiгi және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Б» корпусының мемлекеттік
 әкімшілік лауазымына
 орналасуға конкурс өткізу
 қағидаларына 2-қосымша  

                                                           Нысан 

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының
негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

___________                                  __________________________________
      қолы                                         (Тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Құрылған күні: 28.07.2017
Қаралым саны: 921

Қаз Рус Eng