«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

31.05.2017ж.

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, кабинет 406а, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, D-О-1 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 182 387 теңгеден 246 514 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Мемлекеттiк мекеме туралы ережемен белгiленген қызметтердi орындау жөнiнде басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, өзiнiң орынбасарлары мен басқарманың бөлiм басшыларының арасында мiндеттер мен өкiлеттiлiктердi анықтау, өз құзiреттiлiгiнiң аясында мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынас жүргiзу, денсаулық сақтау саласында басқарманың жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, денсаулық сақтау (медицина) және әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде

мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi бес жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D- 3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысы әкiмi аппараты персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 2 сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Ақмола облысы әкiмдiгi, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Өтiнiш

Менi___________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк

лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын

қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен

келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________

________ ______________________________

қолы (Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Құрылған күні: 31.05.2017
Қаралым саны: 1208

Қаз Рус Eng