«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, кабинет 406а, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Заң бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезiне), D–4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Облыс әкiмi аппаратының және әкiмнiң шарттары мен келiсiмдерiнiң жобаларына құқықтық сараптама жүргiзу. Облыс әкiмi аппаратының наразылық талап-арыз жұмысын жүргiзу. Облыстық басқармалардың наразылық талап-арыз жұмысын талдау. Құқықтық насихаттың, азаматтардың құқықтық мәдениетiнiң ұйымдастырылуын талдау. Құқықтық саясат тұжырымдамасының орындалуын талдау. Жергiлiктi атқарушы органдардың прокурорлық ықпал ету актiлерi және сот жұмысы бойынша жұмысын талдау. Облыстық және аудандық атқарушы органдарына, облыс әкiмi аппаратының қызметшiлерiне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Құқықтық (сот) мәселелер бойынша облыстық басқармаларымен, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң аппараттарымен өзара әрекет ету. Облыс әкiмiнiң, облыс әкiмi аппаратының мүдделерiн әдiлет, құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ өзге де ұйымдарда ұсыну. Прокурорлық ықпал ету актiлерiн қарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау. Облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, құқық саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

2.орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

3.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы, D–4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы хатшылығының алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын орындау. Өңiрдегi қоғамдық тұрақтылықты және азаматтық келiсiмдi нығайту мен дамыту жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауды ұйымдастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ақмола ассамблеясы жөнiндегi ережелерге сәйкес хатшылық қызметiн ұйымдастыру-әдiстемелiк және құжаттамалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру. Ақмола ассамблеясының кеңесi мен сессияларына тиiстi құжаттарды және қаралатын мәселелердi дайындау, Ақмола ассамблеясының кеңесi және сессиялары шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Ақмола облыстық ассамблеясының алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру, талдамалық, ақпараттық және әдiстемелiк материалдарды дайындау. Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ақмола ассамблеясы мүшелерiнiң өзара әрекет етуiн жүзеге асыру. Облыстағы этно-мәдени бiрлестiктердiң, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы мүшелерiнiң қызметтерiн үйлестiру, олардың мемлекеттiк құрылымдармен, өз құзiреттiлiгiнiң аясында Ақмола ассамблеясының кеңесiмен және атқарушы хатшылығымен өзара байланысын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк құрылымдармен өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

2.орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

3.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн Ақмола облысы әкiмi аппараты персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1.бекiтiлген нысанға сәйкес өтiнiш;

2.тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар iшкi конкурс жариялау туралы Ақмола облысы әкiмдiгi және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы керек.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер, әңгiмелесудi 3 жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы хабарландырылғаннан кейiн Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Құрылған күні: 21.07.2016
Қаралым саны: 875

Қаз Рус Eng