«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға iшкi конкурс

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, кабинет 406а, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) «Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысы әкiмi аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлiмiнiң бас инспекторы, D-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 123257 теңгеден 166564 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Жоғары тұрған органдар құжаттарының, нормативтiк құқықтық актiлердiң, бөлiмдегi бөлуге сәйкес қызметтiк мiндеттердiң, облыс әкiмi, облыс әкiмi аппараты басшысы тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету, бақылаулы өңiрлердiң жұмыс әдiсi мен нысанын, тәсiлiн жетiлдiру, олардың қызметiне талдау жүргiзу. Облыс өңiрлерiнде Мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын талдау. Елбасы, Қазақстан Республикасы Үкiметi, орталық мемлекеттiк органдары тапсырмаларының сапалы орындалуына талдау және мониторинг жүргiзу. Облыс өңiрлерiндегi iстердiң ахуалы туралы облыс әкiмдiгi мен әкiм аппаратының басшылығын хабардар ету. Облыс әкiмi аппаратының бақылаулы өңiрлердегi атқарушы органдармен және өкiлеттi билiкпен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру. Талдамалы, әдiстемелiк және ақпараттық материалдарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе қызмет көрсету немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2.осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3.мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлiк құрамынан төмен емес лауазымдарда екi жылдан кем емес;

4.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн Ақмола облысы әкiмi аппараты персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1.бекiтiлген нысанға сәйкес өтiнiш;

2.тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар iшкi конкурс жариялау туралы Ақмола облысы әкiмдiгi және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы керек.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер, әңгiмелесудi 3 жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы хабарландырылғаннан кейiн Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Құрылған күні: 11.10.2016
Қаралым саны: 790

Қаз Рус Eng