Облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 26-шы сессиясында өңiр бюджетiне өзгерiстер енгiзiлдi.

Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану үшiн бюджеттiк бағдарламаларға оларды қайта бөлу арқылы өзгерiстер енгiзiлгенiн хабарлады. Әрекеттегi проблемалық мәселелердiң басымдықтарын ескере отырып, бұл қаражат инженерлiк инфрақұрылымды салуға, жылу маусымының бiрқалыпты өтуiне және әлеуметтiк саланың одан әрi дамуына бағытталды.

Депутаттар бiр ауыздан бюджеттi нақтылау туралы шешiм қабылдады. Сонымен қатар, мәслихат сессиясында облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарға өзгерiстер енгiзу және Ақмола облысының басқару схемасын бекiту туралы 8 шешiм қабылданды.

  

Құрылған күні: 29.11.2018
Қаралым саны: 259
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng