ЖҰМЫС САПАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бас тоған станциясында болғаннан кейiн, Ермек Маржықпаев «Табыс Құрылтай» және «Жайлау City» ТҮҚК үлескерлерiмен және «Лесная поляна» ТҮА, Қосшы мен Тайтөбе ауылдарының тұрғындарымен кездестi. Тұрғындардың мәселелерi жол салуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерiне, Қосшы а. үздiксiз су берудi қамтамасыз етуге және Тайтөбе а. киелi жерлерге қатысты болды.

Кездесудiң қорытындысын шығара келе, Ермек Маржықпаев әрбiр мәселенiң бақылауға алынатынына және қолданыстағы заңнама шеңберiнде шешiлетiнiне тоқталды.

Кездесуден кейiн, облыс әкiмi кездесуде көтерiлген тұрғын үй құрылысының барысын қарап шықты.

Одан кейiн, өңiр басшысы Қосшы а. орталық қазандықта болды. Целиноград ауданының әкiмi Малғаждар Тәткеев Қосшы а. орталық қазандығының жылу беру маусымындағы жұмысының барысы туралы ақпарат бердi.

Қарау қорытындысы бойынша облыс әкiмi қазандықтың қуаттылығын арттыру мақсатында, оны одан әрi жаңғырту үшiн ұсыныс енгiзудi тапсырды.

 

Құрылған күні: 12.04.2019
Қаралым саны: 168
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус