Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында Көкшетау қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша жаңа қоныстанушыларға пәтерлердің кілттері табыс етілді

Бүгiн, ҚР Тұңғыш Президентi күнiнiң қарсаңында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин облыс орталығындағы бiрқатар тұрғын және басқа да әлеуметтiк объектiлерде болды.

«Эстет» тұрғын кешенi бiрiншi барған объектi болды, онда өңiр басшысы салтанатты түрде «7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына жаңа пәтерлердiң кiлттерiн табыс еттi.

«Ел үшiн маңызды атаулы күн — Тұңғыш Президент күнi қарсаңында бiз жаңа пәтерлердiң кiлттерiн табыс етемiз. Елбасы өзiнiң Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын көтеруге және өмiр сүру сапасын жақсартуға басты назар аударды. Бүгiнгi таңда Ақмола облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшылардың қатарында — облыстар арасында 3-орында», — деп атап өттi Мәлiк Мырзалин.

Өңiр басшысының сөзi бойынша, Көкшетау қ. тұрғын және басқа да әлеуметтiк объектiлердiң құрылысы, облыс орталығын дамытудың бiр шарты болып саналады. Сондықтан, көп пәтерлi тұрғын үйлердiң құрылысын одан әрi арттыру жоспарда бар. 2018 жылы облыс бойынша шамамен 4 мың пәтер, оның iшiнде облыс орталығында 1200 пәтер пайдалануға берiлдi. «7-20-25» бағдарламасының негiзiнде облыс бойынша ағымдағы жылы 538 пәтер субсидиялауға дайын.

Жайлы өмiр сүру ортасын құруға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты, облыс әкiмi қаланың заманауи көп пәтерлi тұрғын үй кешендерiнiң бiрi «Триумфта» болды. «Юбилейный» шағын ауданының аула аумақтарына жүргiзiлген кварталiшiлiк жөндеу қызықтырды, онда 43 мың шаршы метр ауданымен аула аумақтарының жүретiн және жаяу жүргiншiлер бөлiгiн жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, қосымша автотұрақ орындары, демалу аймағы, балалар мен спорт алаңдары салынды. Мысалы, ағымдағы жылы қала бойынша 60 аула алаңы жөнделдi.

Келесi болған объект — балалардың электронды кiтапханасы, оның қорында түрлi тақырыптағы 11 мыңнан астам кiтап, оның жанында 4 жастан 14 жасқа дейiнгi балаларға арналған коворкинг-орталығы бар. Жұмыс сапарының барысында атап өтiлгендей, бұл объект демалу және өскелең ұрпақты дамыту үшiн сұранысқа ие болатын орынға айналуы тиiс.

Облыс әкiмi, сондай-ақ, жуырда ашылған «ALTYNSARIN» бiлiм беру кешенiнде болды, оның базасында авторлық бағдарламалар бойынша ағылшын тiлiне, ментальды арифметикадан, робототехника және т.б. бойынша 115 бала оқиды.

Бүгiн, Тұңғыш Президент күнiне орай «Оқжетпес» БЖСМ футбол залы ашылды. Жасанды жамылғысымен алаңы бар объектiнi салудың нәтижесiнде, спортшыларымызда сүйiктi спорт түрiмен жыл бойы шұғылдануына мүмкiндiгi бар.

    

Құрылған күні: 29.11.2018
Қаралым саны: 307
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng