Тәуелсіздік күні қарсаңында Көкшетауда «7-20-25» бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды

ҚР Тәуелсiздiк Күнi мерекесi қарсаңында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетаудағы бiрқатар әлеуметтiк және тұрғын үй нысандарында болды.

Соңғы екi жылда облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргiзiлуде. Ағымдағы жылы өңiрiмiзде 4 мыңнан астам пәтер пайдаланылуға берiлсе, ал Көкшетау қаласында 1700 пәтердiң кiлттерi өз иелерiне табыс етiлдi, бұл өткен жылға қарағанда 600 пәтерге артық. Пәтер алушылардың арасында әлеуметтiк қорғалмаған азаматтар, Құрылыс жинақ банкiнiң салымшылары, осы жылы бастау алған «7-20-25» мемлекеттiк бағдарламасының қатысушылары бар. Аталған бағдарлама бойынша Көкшетау қаласында 272 өтiнiш қабылданған, оның iшiнде 199 өтiнiш мақұлданған. Осылайша, Ақмола облысы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстанның облыстары арасында 3-орында.

Осыдан екi апта бұрын қалада көпқабатты тұрғын үй пайдаланылуға берiлдi. Ал бүгiн Тәуелсiздiк Күнi қарсаңында Юбилейный мөлтек ауданында облыс әкiмi тағы бiр 90 пәтерлi үйдiң кiлттерiн тапсырды.

«Бұл әрбiр отбасы үшiн үлкен қуаныш. Қазақтың «шаңырақ» сөзi ошақтың жылулығын, сенiмдi және мықты жанұяның белгiсiн бiлдiруi жай емес. Жерлестерiмiз өз шаңырақтарында жайлы тұрып, әл ауқаттарын көтеруi үшiн бiз жыл сайын тұрғын үй құрылысы жұмыстарын арттыруды жоспарлаудамыз. Мұның барлығы мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған қолжетiмдi бағамен баспаналы болып, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың арқасында мүмкiн болып отыр», — деп атап өттi Мәлiк Мырзалин.

Жаңа көпқабаты тұрғын үйдiң құрылысы барысында отандық өнiмдер пайдаланылған. «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспанаға ие болған «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметкерi Алтынай Рахымованың айтуынша, жаңа пәтерi жылы, жарық әрi кең, өзiнiң жеке баспанасы болғанын армандаған едi, бұл арманы тұрмыс құру алдында орындалды.

Қалада жаңа тұрғын үй құрылысымен қатар әлеуметтiк нысандардың да құрылысы қарқынды жүргiзiлуде. Облыс басшысы М.Мырзалин Боровской мөлтек ауданындағы 280 орынды жаңадан салынған «Нұрбала» балабақшасында болды. Мұнда балаларды жан-жақты дамытуға барлық жағдайлар қарастырылған. Балабақшадағы 12 топ мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде оқытады. Сонымен қатар, жақын жердегi мөлтек ауданда тағы бiр балабақшаның құрылыс жұмыстары басталды, бұл мектепке дейiнгi мекемелердегi жетiспейтiн орын мәселесiн толығымен шешуге мүмкiндiк бередi.

Өткен жылы Қылшақты өзенiндегi су тасқынының нәтижесiнде Набережная көшесiндегi жаяу жүргiншiлерге арналған көпiр зақымданған едi. Көпiр биыл толығымен жаңатылды. Бүгiн облыс басшысы жұмыс сапарында жаңа көпiрде болып, тұрғындармен әңгiмелестi. Зейнеткерлердiң айтуынша, қазiр өзеннен өту ыңғайлы әрi қауiпсiз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы көптеген аулалардың абаттандырылғанын, балалардың ойын және спорт алаңдары салынғанын, жарықтандыру орнатылғанын ерекше атап өттi.

Көркейту жұмыстары Көкшетау қаласының Станционный кентiн де қамтыды. Саяжай аумағын қалпына келтiру мәселесi облыс және қала әкiмдерiнiң халыққа есеп беру кездесулерiнде тұрғындар тарапынан бiрнеше рет көтерiлген едi. Өтiнiш ескерусiз қалмады. Қазiргi уақытта саяжайда шамамен 4 мың шаршы метрде күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Тротуарлық плиткалар төселiп, жарықтандыру тiреуiштерi мен шағын сәулеттiк нысандар орнатылды, көгалдандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Қарағай мен жұпаргүл отырғызылып, гүлзарларға арналған топырақ дайындалды.

Сол күнi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарында астық қабылданатын жаңа, заманауи «Агро Кз-2017» ЖШС-де, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi студенттерiне қызмет көрсету орталығында, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ғимаратына қарсы орналасқан жөндеуден өткен «студенттер» шағын саябағында болды.

   

Құрылған күні: 14.12.2018
Қаралым саны: 2272
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng