Ақмола облысының әкімі 8 наурыз қарсаңында өңір әйелдерін құттықтады

Көкшетау қаласында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнiне арналған салтанатты жиын өттi. Тәуелсiз елiмiздiң қалыптасып, нығаюына қосқан рөлiне ерекше тоқтала отырып, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин өңiрдiң нәзiк жанды өкiлдерiн құттықтады.

«Әйел мен көктем өмiрдiң бастамасы, сүйiспеншiлiк пен нәзiктiлiктiң белгiсi. Бiздiң әрқайсымыз үшiн ең маңызды — туған үйдiң жылылығы, мейiрiмдiлiк пен адалдық сияқты құндылықтар әйелмен тiкелей байланысты. Елiмiздiң Президентi әйелдердiң мемлекеттiк және қоғамдық iстердегi рөлiн, мемлекеттiк өмiрге белсендi қатысатынын бiрнеше рет атап өткен болатын», — дедi өңiр басшысы өз сөзiнде.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен мереке қарсаңында Ақмола облысының 21 анасы «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларымен наградталды. Елбасының атынан 12 көпбалалы аналарға наградаларды Мәлiк Мырзалин табыс еттi.

Наградталғандардың бiрi — Ақкөл ауданынан келген көпбалалы ана Палсара Нұржанова бата бердi. «Мен 11 бала тауып, тәрбиеледiм. Бүгiнгi таңда 74 немере мен шөберенiң қуанышына бөленiп отырған анамын. Мен өмiрге ризамын. Сiздерге ашық аспан тiлеймiн. Халқымыз бейбiтшiлiк пен келiсiмде өмiр сүрсiн!», — деп тiлек бiлдiрдi.

Сондай-ақ, Сандықтау ауданының тұрғыны, «Мирас» балабақшасының тәрбиелеушiсi Марина Аносова сөз сөйледi. «Президентiмiздiң басқаруымен көпбалалы отбасыларды әлеуметтiк қолдауды күшейту бойынша Қазақстан Үкiметiнiң қолданып жатқан шараларына баршамыз қуаныштымыз. Бiздiң көпбалалы аналарымыз алатын нақтылы цифрлар аталды, ол сөзсiз көптеген проблемаларымызды шешуге мүмкiндiк бередi. Көпбала отбасы — ең алдымен, әйел — ана, ол өскелең ұрпақтың тәрбиесiне, табысты, бiлiмдi, мәдениеттi қазақстандық ұрпаққа жауапты», — деп атап өттi педагог.

Салтанатты жиналыс мерекелiк концертпен аяқталды.

Құрылған күні: 07.03.2019
Қаралым саны: 409
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус