Қопа көліне 13 мыңға жуық ақ амур мен 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы жіберілді

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетаудағы «Қопа» көлiн балықтандыру шарасына қатысты. Шара аясында Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы көлге жiберiлдi. Мамандар бұл шара, көлдi табғи жолмен тазартуға септiгiн тигiзетiнiн айтуда. Облыс әкiмi, балықтарды көлге шығарып, мұндай шара көлдi аймақ саналатын Ақмола өңiрi үшiн қажет деп атап өттi.

Құрылған күні: 14.11.2017
Қаралым саны: 1343

Қаз Рус Eng