Облыс әкімдігінде аппараттық кеңес өткізілді

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте ҚР Премьер-Министрi А.Маминнiң өңiрге жұмыс сапарының қорытындысы қарастырылды.

Үкiмет Басшысы тапсырмаларының шеңберiнде облыста «ENKI» ЖШС керамикалық кiрпiш өндiрiсiн кеңейтуi, Макинск құс фабрикасы екiншi кезегiнiң құрылысы, жаңа инвестицялық жобалар iздестiру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша бiрқатар мiндеттердi шешу қажет.

«Биылғы жылы мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан 36 млрд теңгеге жуық субсидия бөлiндi, ол өткен жылғыдан 7 млрд теңгеге артық. Мемлекеттiк қолдау есебiнен ағымдағы жылы ауыл шаруашылық құрылымдары жоғары өнiмдi техника паркiн 361 бiрлiкке жаңартты. Осыған байланысты, жұмыс орындарын ашу, бюджетке салық төлемдерiн арттыру бойынша жүйелi жұмыстарды жалғастыруымыз керек», — дедi Ермек Маржықпаев.

Кеңесте ағымдағы мәселелер де талқыланды. Олар бюджеттiк қаржыны игеру, құрылыс жұмыстарының сапасы, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету. Ермек Маржықпаев облыс әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысовқа «Ауыл — ел бесiгi» бағдарламасы, «Қала шетiнiң әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту» және Қазақстан мен Ресей өңiаралық ынтымақтастығының XVII Форумын өткiзуге дайындық шеңберiндегi жобаларды жүзеге асыруға бөлiнген қаржыны тиiмдi пайдалануды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова облыста АӘК төлемдерiнiң негiздiлiгiн тексеру жөнiндегi жедел топ құрылғанын мәлiмдедi. «Өкiнiшке орай, атаулы әлеуметтiк көмек алушылар арасында кiрiстерiн жасыру және заңсыз ақшалай қаржы алу жағдайлары кездеседi», — дедi Д. Ахметжанова. Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев ауылдық округтердiң әкiмдерiн АӘК алудағы алаяқтық фактiлерiн анықтау жұмысына тарту қажеттiгiне назар аудартты.

Сонымен қатар, облыс әкiмi жауапты ведомстволарға, ең алдымен аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң аппараттарына оpen space жұмысы форматына көшудi тапсырды.

Құрылған күні: 07.08.2019
Қаралым саны: 1626
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус