Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмiмен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бүгiн өңiр басшысы Мәлiк Мрызалин аппараттық кеңесте облыс әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Олжас Бектеновтi бiрлескен жұмысы үшiн алғыс бiлдiрдi және алдағы уақытта жаңа лауазымда жетiстiктер тiледi.

Олжас Бектенов әр жылдары Алматы қаласының әдiлет басқармасында, ҚР Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, ҚР Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде жұмыс iстедi. ҚР Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасының; Астана қаласы мемлекеттiк сатып алу басқармасы басшысының; Астана қаласы әкiмi аппараты басшысының лауазымдарын атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысы хатшылығының меңгерушiсi, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнiң) департаментiнiң басшысы болып қызмет атқарды.

2017 жылғы шiлдеден бастап қазiргi уақытқа дейiн Ақмола облысы әкiмiнiң экономика мәселелерi жөнiндегi орынбасары болды.

Дата публикации: 02.06.2018
Количество просмотров: 2322
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;