Облыс әкімдігінде бірінші жарты жылдықтың қорытындысы шығарылды.

Бүгiн өңiрдiң бiрiншi жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша әкiмдiк отырысы өткiзiлдi. Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Наталья Зозуля экономиканың барлық салаларында әлеуметтiк-экономикалық дамудың оң серпiнi қамтамасыз етiлгенiн атап өттi.

Өнеркәсiпте тауар өнiмiнiң нақтылы көлемi 105,4% құрады.Өңiрде машина жасау саласының айтарлықтай өсiмi байқалады, алтын, тамақ өнiмдерi, керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемiнiң артқандығы байқалуда.

Ауыл шаруашылығында жиынтық өнiмнiң нақтылы көлем индексi 103,7% құрады.Мал мен құстың өсуi қамтамасыз етiлдi, ет, сүт, жұмыртқа өндiрiсi ұлғайды.

Құрылыс жұмыстары көлемiнiң өсiмi өткен жылғы деңгейге қарағанда 3,6% құрады.248,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, ол 2017 жылғы деңгейге қарағанда — 97,1%. Сонымен қатар, 7 балабақша, 9 мектеп, Көкшетау қ. мәдениет колледжiнiң оқу корпусына жапсаржай, дәрiгерлiк амбулатория, онкологиялық емхана құрылысы, сондай-ақ екi бiлiм беру объектiсiн реконструкциялау қарастырылды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бiрiншi жарты жылдықта шамамен 7 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның iшiнде: тұрақты — 4 мыңнан астам. Жұмыспен қамту қызметтерi арқылы жұмысқа 9 313 адам орналастырылды, ол өтiнiш бiлдiргендердiң iшiнен 85,7 % құрайды.

Ақмола облысы бiрiншi жарты жылдықта бюджетатқарылуының қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов ақпарат бердi. Бюджет 98,3% игерiлдi, ол өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 0,6 пайыздық тармаққа жоғары.

Отырыстың қорытындысы бойынша аудандардың әкiмдерiне салалық басқармалардың басшыларымен бiрлесiп, ағымдағы жылды оң серпiнмен аяқтау үшiн өндiрiс, жұмыс, қызмет, кiрiс көлемдерiн одан әрi арттыру бойынша резервтердi ашу тапсырылды.

Құрылған күні: 19.07.2018
Қаралым саны: 875
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng