Облыс әкімдігінде жер қатынастары саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте жер қатынастары саласындағы өзектi мәселелер қарастырылды.

Елбасының жер ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалану жөнiндегi тапсырмаларының шеңберiнде Ақмола облысында ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде. Бұл мәселе бойынша өңiрдiң барлық аудандары мен қалаларында облыс әкiмiнiң қатысуымен активтер өткiзiлген. «Жерлердi ұтымды пайдалану — мемлекеттiң басты мiндетi. Атқарушы органдар мен жер пайдаланушылар жердi күтiп ұстауы керек. Тағы қайталап айтамын, аудандар мен қалалардың әкiмдерi, уәкiлеттi органдардың басшылары жер заңнамасының бұзылуына қатаң тосқауыл қоюлары қажет», — дедi кеңесте Мәлiк Мырзалин.

Жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралинаның ақпараты бойынша, облыс бойынша барлығы 979 689 га жер ұтымсыз пайдаланылатыны анықталған, соның iшiнде биыл бiрiншi рет жүргiзiлген ғарыштық мониторинг арқылы. Тексеру iс-шаралары 276 364 га алқапта жүргiзiлдi, соның iшiнде жартысына жуығы, ол — 133 437 га, қазiрдiң өзiнде ауыл шаруашылығы айналысына қайтарылды. Қалған пайдаланылмайтын жерлер бойынша қазiргi уақытта мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдар жұмыс жүргiзуде.

Егiстiк алқаптарының электрондық картасын құру бойынша жұмыстар аяқталып келедi. Бүгiнгi таңда 5 млн 683,4 мың га егiстiк, немесе жоспардың 99,2% цифрланды. Жылдың аяғына дейiн жайылымдар мен шабындықтар толық цифрландырылады.

«Есiл» ӘКК» ҰК» АҚ Ақмола облысының интерактивтi картасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргiзуде. Мұнда электрондық форматта инвестициялық жобалар, бос жер учаскелерi, оларды алу үшiн құжаттарды тапсыру рәсiмi, сонымен қатар қолданыстағы инженерлiк желiлер, оларға қосылу тораптары туралы ақпараттар орналастырылады. Көкшетау қаласының картасы қазiрдiң өзiнде тестiлiк режимде жұмыс iстеуде, алдағы уақытта барлық аудандарды қамту жоспарланып отыр. Әзiрлеушiлер бұл жоба өңiрдi цифрландыруға елеулi үлес қосады және өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында және кәсiпкерлiк қызметтердi оңтайлыландыруға мүмкiндiк бередi деп санайды.

Кеңестiң қорытындысы бойынша өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне пайдаланылмайтын жерлердi анықтауды және олар бойынша қажеттi шаралар қолдануды жалғастыруды тапсырды.

Құрылған күні: 04.12.2018
Қаралым саны: 458
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng