Қопа көліне ақ амур мен дөң маңдай балықтар жіберілді

Бүгiн Көкшетау қаласындағы Қопа көлiне 90 мыңға жуық ақ амур мен дөң маңдай балықтар жiберiлдi. Балықтыландыру iс-шарасына Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин қатысты.

Мамандардың пiкiрлерi бойынша бұл балықтар өсiмдiк қоректiлер, балдырлармен және плактондармен қоректенедi. Олар көлдi сауықтырып, оттегiнiң құрамын тазартады. «Қопа көлiнде қысқы маусымда мұз қалың болған кезде оттегiнiң деңгейi 7 бiрлiк құрады. Осындай биомелиоративтiк iс-шаралар арқылы бiз оның деңгейiн келесi қыста 7,5-7,7 бiрлiкке дейiн көтерудi көздеп отырмыз. Бiз көлдi аэрорациялау бойына басқа жұмыстарды да жүргiземiз. Сонымен қатар, ғалымдар мен қалалық мәслихат депутаттарының өтiнiштерi бойынша, өсiмдiк қоректi балықтарды жiберудiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн бiз бұл жерде екi жыл балық аулауға тыйым саламыз», — дедi табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкiров.

Ақмола облысы су айдындарының биоресурстарын сақтау мен дамыту үшiн соңғы екi жылда бюджеттiк бағдарлама бойынша қаржы бөлiнуде. Өткен жылы көлдердiң биомелиорациясына 10 млн. теңге бөлiнсе, ағымдағы жылы 40 млн. теңге бөлiнiп отыр. Жуырда Шағалалы су қоймасына тұқы балық пен мөңке балықтар жiберiлдi.

Құрылған күні: 12.05.2018
Қаралым саны: 1975

Қаз Рус Eng