Ақмолалықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында

Облыс әкiмдiгiнде РФ Президентiнiң жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және Мемлекеттiк басқару академиясының делегециясымен кездесуде Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Өңiрдiң 2025 жылғы дейiнгi әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын әзiрлеу жөнiндегi ынтымақтастық мәселелерiн талдады. «Бұрынғы кеңестер кеңiстiгiнде ғана емес бүкiл дүние жүзiндегi сiздер сияқты iрi ЖОО және think tank бiздiң өңiрiмiздiң бұдан әрi даму стратегиясын әзiрлеуге қатысуға дайындығын бiлдiрiп отырғаны үшiн алғысымды айтуға рұхсат етiңiздер. Бағдарламаның мақсаты қандайда-бiр сапалық көрсеткiштердi жақсарту емес, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында ақмолалықтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын өсiру», — дедi өңiр басшысы.

Өз кезегiнде Академияның ректоры, КСРО ҒА академигi, РҒА академигi, РФ еңбек сiңiрген экономисi Абел Аганбегян, Қазақстан Президентi Жолдауының маңыздылығын айта келе: «Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев өте ақылды және алысты болжайтын көшбасшы. 2050 жылға дейiнгi Жолдау жазды. Мұндай жұмыс әлемде екеу ғана» дедi. Ресей ғылымдары облыстың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiмен танысып үлгерген, бiрақ өңiрдiң даму стратегиясын құрастыру үшiн олар аумақта бiрқатар зерттеулер жүргiзудi көздеп отыр. Профессор өз сөзiнде қолда бар ресурстар, мысалы, алтын қоры, астық өндiрiсi, оның экспорты, астанаға жақын орналасуы, одан туындайтын мүмкiндiктер, өңiрдiң даму әлеуетiнiң зор екендiгiн бiлдiредi дедi.

«Бiз географиялық және геосаяси жағдайын ескере отырып бiрлесiп жасайтын құжатты кейiн жүзеге асыру облыс тұрғындарының тұрмысын жақсартатыны сөзсiз», — дедi өсу нүктесiнiң бiрi ретiнде инновациялық бiлiм беру кластерiн дамытуды ұсынған Жоғары корпоративтiк басқару мектебiнiң директоры Сергей Календжян.

Құрылған күні: 11.10.2018
Қаралым саны: 344
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng