Ақмола облысының әкімдігінде кадрлар ауыстырылды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев аппараттық кеңеске қатысушыларды кадрлық өзгерiстермен таныстырды.

Облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 10 сәуiрдегi өкiмiмен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов Ақмола облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.

Жомарт Нұркенов, 1974 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы. Ақмола аграрлық университетiн, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 1996 жылы мал дәрiгерi болып бастаған. 1998-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының әртүрлi жауапты лауазымдарында iстедi.

2012 жылдан бастап Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып iстедi. Атбасар және Аршалы аудандарының әкiмi, Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы болды.

2017-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасы.

2018 жылдан берi Бұланды ауданының әкiмi болып iстедi.

Облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 10 сәуiрдегi өкiмiмен Бауыржан Сейiтқалиұлы Ғайса Ақмола облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары — iс басқарушы болып тағайындалды.

Бауыржан Сейiтқалиұлы, 1972 жылы туған, Көкшетау облысы Куйбышев ауданының тумасы. Челябинск мемлекеттiк агроинженерлiк университетiн, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн, Кутне қ. (Польша) Жоғары мемлекеттiк экономика мектебiн бiтiрген.

Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы болып бастаған.

1994-2013 жылдары жеке меншiк секторда еңбек еткен.

2013 жылдан бастап «Нұр-Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары болып сайланған. 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

2016-2018 жылдары Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2018 жылдан берi Қорғалжын ауданының әкiмi болып iстедi.

 

Құрылған күні: 10.04.2019
Қаралым саны: 492
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус