Ақмола облысының әкімдігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

Бүгiн аппараттық кеңесте өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Ақмола облысы әкiмi аппаратының жаңа әдеп жөнiндегi уәкiлi Айнагүл Балғожақызы Жанәдiлованы таныстырды.

Айнагүл Жанәдiлова, 1973 жылы Көкшетау қаласында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы Алматы гуманитарлық университетiн бiтiрген.

1999-2018 жылдары ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасында iстедi. 2012-2018 жылдары осы Басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Осы тағайындауға дейiн Ақмола облысы бойынша статистика департаментi заң басқармасының басшысы болды.

Құрылған күні: 13.08.2019
Қаралым саны: 2031
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус