AA

Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Зерендіде маусымның басталуына қарай үш жаңа объект ашылады

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан курорттық аймақты абаттандыру мен туристiк объектiлердiң құрылыс жұмыстары қалай жүрiп жатқанын көру үшiн Мәлiк Мырзалин Зерендi ауданына келдi.

Биыл курорттық аймақтың қонақ үй нарығы үлкен-кiшiнiң бәрiне ұнайтын үш жаңа объектiмен толығады. Соның бiрi заманауи ағаштан салынған 2 қабатты 5 жазғы үйi бар «Зеренда Парк» қонақ үй кешенi. Демалушылардың бос уақытын өткiзуi үшiн спорт және балалар алаңдары, мангал мен тапчан аймақтары қарастырылған. Болашақта 5 га аумақта квадро және картодром салу жоспарда бар.

Зерендi көлiнiң жағасында орналасқан «Тамилла» жаңа демалыс базасы да iске қосуға дайын. Ағаштан салынған үш 2 қабатты корпуста 26 нөмiр, асхана және беседкалар бар.

«Зеренде» бұқаралық iс-шаралар өткiзуге арналған жазғы алаң құрылысы және коттедж қалашығын кеңейту жоспарланған. Зерендiнiң бiрегей географиялық орналасуы және табиғи ландшафты алуан түрлiлiгi туризмнiң көп түрлерiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi уақытта қарқынды дамуы байқалады, 38-ден аса объект өңiрдiң қонақтарын орналастыру үшiн өз қызметтерiн ұсынады.

Өткен жылы туризм объектiлерi 100 мың адамға қызмет көрсеттi, ол алдыңғы жылдың көрсеткiшiнен 18,4 % жоғары, 2017 жылы көрсетiлген қызметтiң көлемi ақшамен есептегенде 462,2 млн.теңге құрады немесе 2016 жылғы көрсеткiштен 6,5% жоғары.

Зерендi ауданында туризмнiң дамуына шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызды факторы болып табылатын жаңа «Щучинск-Зерендi» автомобиль жолының құрылысы жақсы серпiн бередi. Сонымен қатар, жолдың құрылысы ауданға туристер ағынын бұдан әрi артыруы күтiлуде.

Сапарының соңында Мәлiк Мырзалин Зерендi демалыс аймағын дамыту бойынша туристiк бизнес басшыларымен кездесу өткiздi, онда инфрақұрылымды дамыту, атракциондары, техникалық спорт түрлерi кешенi, «Ыстық бұлақ» жасанды ашық тәулiк бойы жұмыс iстейтiн бассейнi бар парк құрылысын салу, қолданыстағы туробъектiлерде емдеу рәсiмдерiн ұйымдастыру, демалушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, санаттар беру, сонымен қатар, туризм объектiлерiн қысқы маусымда жүктеу мәселелерi талқыланды.

Өңiр басшысы осы аймақтың табиғатына көп көңiл бөледi, Зерендiнi барлық Қазақстаннан, алыс және жақы шетелдерден мыңдаған туристердi қабылдай алатын перспективалы туристiк аймақ деп санайды. «Ақмола облысында туристердi Бурабай ғана емес, өзiнiң сұлу табиғатымен және бай тарихымен белгiлi Зерендi де қызықтырады. Осыған байланысты, зерендiлiктер үшiн ең өзектi мiндеттердiң бiрi — туристiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру», — дедi өңiр басшысы көшпелi кеңесте.

    

Мақаланы құрған күні 27.05.2018
Қаралым саны: 2525
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;