Көкшетауда «Сал-серілер» спектаклінің қойылымы аншлагпен өтті

Бүгiн Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драмалық театрында «Сал-серiлер» қойылымыен 22-театр маусымы ашылды. Премьераға облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин барды.

Қойылым қазақтың атақты жазушылар мен ақындары Шахмет Құсайыновтың, Дулат Исабековтiң және Баянғали Әлiмжановтың шығармаларына негiзделген. Оған жетекшi артистер Еркебұлан Тiлеуов, Медет Хамзин, Құмарбек Қалқатаев, Самат Шаймерденов, Әсем Серiкова және т.б. қатысты.

«Пьеса атақты ақындар Ақан серi, Бiржан сал, Үкiлi Ыбырай мен Балуан Шолақтың өмiрлерi мен шығармаларының жарқын сәттерi туралы баяндайды, пьесада Ақан серi образы жез таңдай әншi әрi халықтың үнi ретiнде көрсетiлсе, Бiржан сал мен Ләйлiм арасындағы махаббат пен сүйiспеншiлiк көрсетiлген. Үкiлi Ыбырай мен Балуан Шолақ туралы үзiндiде Ыбырай мен Кәкима және Балуан шолақ пен Татьяна арасындағы махаббат сезiмi туралы айтылады», — дедi қоюшы-режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi Мұратбек Оспанов.

   

Құрылған күні: 03.10.2018
Қаралым саны: 326
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng